Тұңғыш қазақ генералы - Ғұбайдолла Жәңгіров - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Тұңғыш қазақ генералы - Ғұбайдолла Жәңгіров

Скачать реферат с сервера 07.10.2010, 08:17
загрузка...
Тұңғыш қазақ генералы - Ғұбайдолла Жәңгіров

Ғұбайдолла Жәңгіров Ресейдегі алғашқы әскери телеграф байланысын жолға қойған, Ресей империясы қарулы күштері байланыс әскерлерінің тұңғыш басшысы болған, қазақтан шыққан алғашқы генерал еді.
Әсіресе, орыс-түрік соғысы кезінде оның әскери дарыны айрықша көзге түсті. Орыс-түрік соғысы әскери байланыс жүйесінің арнаулы бір түрі ретінде жасақталып, шұғыл дамуына да көп септігін тигізді. Әскердің бұл түрі ұлан ғайыр соғыс сахнасындағы бүкіл іс қимылды басқарып отыруды жетілдіре түсуге тіпті, жеңіске жетуге айтарлықтай үлес қосты.
Оның үстіне жас қазақ генералы бірнеше шетел тілін білетін, әдебиет, тарих, жағрафия, математика, заң, дипломатика, экономика, және өзге де ілімдерге жүйрік болатын. Ғұбайдолла Жәңгіровтың арқасында , байланыстың жауынгерлік тәжірибесі молығып, бұл сала дербес бір әскери құрылымға айналды. 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысында ерекше көзге түскен әскер басыларға “Ерлігі үшін” деген жазуы бар алтын қарулар сыйға тартылды. Солардың бірі – қазақтың тұңғыш генералы Ғұбайдолла Жәңгіров еді.
Ғұбайдолла Жәңгіров сонау ХVІІ ғасырдың ортасында әйел патша Елизавета Петровна Санкт-Петербургте негізін қалаған Паж корпусын тәмамдаған болатын. Бұл негізінен гвардиядағы “әскер қатарында қызмет ететін текті әулеттер мен қызметшілер отбасынан шыққан жастарды” даярлауға арналған жоғарғы әскери оқу орны. Бұл корпусқа Ресейдегі ең ақсүйек дворяндар мен император әулетінің 10-15 жас аралығындағы ер балаларды оқытып, жылына барлығы 50 шәкірт қабылданатын. Оқуға талапкердің денсаулығы мұқият тексеріліп, сырт келбетіне де айрықша көңіл бөлінді. Оған имиген еңкіш, секпілбет, аяғы қисық адамдар алынбайтын. Үрдіс бойынша, астанада өткізілетін шерулердің қай қайсысында солар бастап ашып беретін. Денесіне құйып қойғандай әдемі киімді, сымбатты да сұңғақ бойлы бұл жігіттер, тіпті ең бай гвардиялық жастардан да өзгеше көз тартарлықтай ерекшеленіп тұратын. Ғұбайдолла Жәңгіров Паж корпусынан 1-ші санатты сардар болып шығып, әскери өмірін атты әскердегі корнеттік қызметтен бастады. Бірте-бірте казактар полкының гвардиясында, 1867 жылдан бастап Орынбор генерал губернаторы жанындағы арнаулы тапсырмалар қызметкері болды. Ғұбайдолла Жәңгіров 1868 жылы поковник, Ұлы мәртебелі Император қауымының флигель-адьютанты атағын алды. Ал, бұл қауымға тек патша сарайы мен қала сыртындағы қызмет үйлеріндегі, жалпы императордың бас ғимаратындағы кезекші сардар міндетін атқарушы алғыр да адал, әрі батыл, императордың жеке басына ұнаған жандар ғана кіре алатын.
Міне өзінің батылдығы әрі әскери білімділігімен қатар, сымға тартқандай келбетті тұлғасымен ақсүйектер арасында және армияда үлкен беделге ие болған, қазақтың тұңғыш генералы Ғұбайдолла Жәңгіров осындай жан еді.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 1134 | Загрузок: 201 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>