Тарих бастауының сақ дәуірі - Қазақстан тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақстан тарихы

Тарих бастауының сақ дәуірі

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:30
загрузка...
Тарих бастауының сақ дәуірі

Көшпенді халықтар тарих сахнасына өзінің ұлы көш жолының арқасында шықты. Соңғы уақыттарға дейін тарихи әдебиетте көшпенді халықтар туралы: "өз жолындағының бәрін жайпап, гүлденген мен өскеннің бәрін аяғымен және жылқысының тұяғымен таптаушы Шығыстан Батысқа қарай ретсіз жылжыған көшпенді орда мейірімсіз және қорқынышты", - деген пікір қалыптасты. Біздердің көпшілігіміз еуропаша білімдар болсақ та, бұл пікірдің біздің санамызға енгені соншалықты, осы жер мен уақыт кеңістігінде алмасқан бұл адамдардың алып тобыры бұлар да құдайдың құлдары, адамдар ғой, барлығымен бірге көшпелі өмірдің тауқыметін көтеруге мәжбүр, олардың да бала-шағасы, қарт ата-анасы бар ғой деген ешқайсымыздың басымызға келіп, ойламаппыз және оларды бұл көшпелі ордалар қандай жазмышқа, осы мәңгі қозғалысқа ұшыратты, оларды кім және қайда қуып бара жатты деп, біздің ешқайсымыз ешқашан ойланбаппыз! Және де көшпенді халықтар туралы неғұрлым өркениетті халықтар жасағының бәрін тек талқандауға қабілетті, қатаң, жабайы адамдардың ордасы, не жазуы, не өнері, не сәулеті, не ғылымы болмаған халықтар деген бұл пікір әлі күнге дейін, ХХ жүзжылдықтың аяғы-бүгінге дейін орын теуіп келді. Алайда, ол бұлайша болмаған көптеген деректер айтады және бұл пікірді өзгертетін уақыт жетті. Оны өзгерту де керек, өйткені біздің санамыздың шекарасы әсіресе кейінгі жылдары елеулі түрде кеңейе түсті, көкжиекті жауып тұрған көзіміздегі дақты алып тастағандай болды. Бірақ "скифтер жабайы болды", "ғұндар жабайы аңға ұқсады", "сақтар қыста да, жазда да бастарынан шашақты тері телпектерін тастамайды" деген пікір ғылымда да, әдебиетте де орын алды. Біздердің ешқайсымыз, немесе бізден бұрын болғандардың ешқайсысы бұл халықтардың өзіндік мәдениеті, сан ғасырлық тарихы болды, ал көш жолдары бұл шексіз даладағы ретсіз қозғалыс емес, жайылымнан жайылымға, суаттан суатқа, қоныстан қонысқа ауысудың терең ойластырылған, мұқият есептелген маршруты деп аузымызды аша алмадық, айта алмадық. Және тек соңғы жылдары археологтар мен тарихшылар Қара теңіз жағалауларынан, Азов ойпатынан, шексіз дала қорғандары мен қыраттарынан, Алтай үңгірлерінен, Орхон мен Керулен, Енесей мен Ертіс, Әму - мен Сырдария, Дон, Еділ және Іле өзендерінің жағалауларынан ұлы әрі қызықты мәдениеттің экспонаттары мен ескерткіштерін тапқаннан кейін, міне, содан кейін ғана пікір өзгере бастады, және оның үстіне өзіміз де аздап даусымызды шығара бастадық. Міне, соның өзінде де, "Сен жегенше, Қондыбай-Қанай жесін" (Абай) дегендей, көз жеткенді растаудан қашқақтап, уақыт арқауын үзуге ұмтылып, империялық тарихшылар скифтердің, ғұндардың және сақтардың көшпелі халықтарға қатынасы жоқ, олар ирандықтар ма немесе кімдер екені белгісіз, әйтеуір көшпенділер емес деп соқты. Кім болса - ол болсын, қайтсе де оларды осызаманғы түріктердің ата-тегі екендігін қайткенде де мойындау керек болды. Адамзаттың ең ежелгі кітаптарының бірі: "Авестада" - тур, "Шахнамеде" - тұран, қытай жылнамаларында - тукиу, юнандарда- скифтер, скунх, скит, парсыларда - сах, массах, сахстан деп, көшпелі халық осылайша аталады. Бірақ олар кімдер еді деген таластар әлі күнге толастамайды. Ол-ол ма, бұл күндері бұл таластар жаңа күшпен өрістей түсуде.

Соңғы кездері скифтерді, сақтарды, ғұндарды ежелгі түріктік тамырынан ажыратуға әрекеттенген көзқарастар пайда болды және де қызуланған "ғалым тарихшылар" оларды парсылармен, славяндармен немесе арийлермен алмастырады, сөйтіп, тарихты басқа жаққа бұрып, оның шын мәнінде өңін аударады. Және де егер бұл әрекеттерді қазір әшкерелемесе, тиым салмаса, онда біз ертең өзіміздің ертедегі тарихымыздан айырыламыз, ал біздің ұрпақтарымыз өздерінің аталары мен бабаларының кім екендігін білмей қалады, өзінің нағыз тарихын білмейтін болады. Бірінші - скифтер бастауын Азиядан алады, мұнда олар әрқашан өмір сүрді, кейінірек Қара теңіз жағалауына қоныс тепті және ертедегі түрік халықтары болып табылады. Мұндай көзқарас тарих ғылымында ежелгі уақыттардан орын алып келеді. Және бұл бағытта түрік ғалымдары Шукур Сефероғлы мен Аднан Мударисоғлы үлкен жұмыстар жасады, олар бірнеше жылдар бойы ертедегі түріктер тарихы жөнінде мол материалдар мен құжаттар жинап, оларды бір жүйеге түсірді. Оның нәтижесі 1986 жылы Анкарада шыққан "Түріктер өмірінің тарихы" кітабы болды. Осы кітаптың "Сақ императоры Кенгерес және оның патшалығы" деген бөлімінде былай деп айтылған:

Негізін қалаушы: Афрасиаб - Алып ер Туна, Тонның ұлы батыры.

Империяның өмір сүрген уақыты: біздің дәуірімізге дейінгі YII ғасыр - біздің дәуірдің II ғасыры.

Империяның шекарасы: Сібірдің Шығыс (күншығыс) бөлігі (Енесей-Ертіс-Тобыл өзендерінің жағалауы бойынша) - Дунай (Венгрия мен Чехословакия) - Қара теңіз, Батыс Түркстан (Хорасан мен Ауғанстан) - Хазар теңізінен батысқа Аракс-Еділге дейін, Кіші Азия (Ирак, Сирия, осызаманғы Түркия). Діні: Тәңірге табыну (басты құдайы - Аспан Құдайы Тәңірі).

Жазуы - түрік сына жазуы (ертедегі түрік сына жазуы, оның үлгілері Енисейден табылған).

Жазу тілі - түріктік.

Саяси және мәдени роль - осызаманғы түрік мемлекеттерінің құрудағы баспалдақтар болды, соның ішінде Кенгерес патшылығынан кейін "Босқұрт" мемлекеті пайда болды. Бозқұрт немесе Көк бөрі (көк түріктер) мемлекетінде ортақ түріктік және ортақ дін болды ...

Қытайлар оларды "сай", ирандар "саха", индустер "сакуа-секуа", юнанилер "скутхай" (скит-скиф), романдар "сақае" деп атады. Сақ түріктері осылайша атайды. Біздің дәуірімізге дейін олар Шығыс Еуропада, Шығыс және Орта Азияда тіршілік етті. Шығыс Азия дегені, сірә, Орталық Азия болар. Тарихта ертедегі түріктер "скумхе" немесе "искит" (скиф) атымен белгілі. Шығыс Еуропада тұрушы искиттер (скифтер) қанында олардың түрік қаны бар.

Ертедегі қытай ғалымдары Сыма-Сян мен Бань-Гудың "Жылнама" және "Кітаптар патшалығы" деген белгілі кітаптарында біздің дәуірімізге дейінгі Y-III ғасырларда Батыс жерлерде (әрине, Қытайға қатысы жөнінде) 36 мемлекет бар деп саналды, ал кейінірек олардың саны 50-ге жетті. Халықтар сан жағынан өсті, елдер дамыды және жаңа жерлерді іздей бастады. Бір кездері хундарға бағынған бұл елдер кенеттен бірігіп, Ассирияға жетіп, батысқа қарай қозғалды. Олар Таяу Шығысқа тоқтады. Бань-Гудың "Кітаптар патшалығында" былай деп жазылған:

"Аракстың шығыс жағалауында юечжи ("иауши" деп оқылады) халқы тұрады ... Ошақ (түтін) саны-жүз мың, адам саны - 400 мың, жауынгерлерінің саны - жүз мың. Олардың иелігінің шығыс шекарасына дейін қашықтық 4 мың 740 шақырым, Батысқа, Араксқа дейінгі қашықтық - 49 күндік жол, оңтүстік шекаралар Кашмирде тоқтайды.

Солтүстігінде шекара жоқ ... Табиғат және климаттық жағдайы, азық-түлігі, салттары мен дәстүрлері, ақшалары Арсакпен әбден ұқсас. Жүк артқан түйелері бар. ¦лы юечжилер және олардың қылықтары, әдеттері - көшпенді мәдениет, көшпенді мемлекет. Малдың ыңғайына қарай көшеді, ғұрыптары, өмір салты бойынша көбіне ғұндарға жақын, әскерлерінде жүз мыңнан астам адам бар. Сондықтан да олар өздерін күшті халық санайды және ғұндармен санаспайды. Бұрын олар Дунхуан (Алтай) мен Шилиань - шань (Тянь-Шань) тауларының етегінде тұрды. Юечжилерге ғұндардың билеушісі Моде күшті соққы берді. Кейінірек ғұндардың билеушісі Лаушань юечжилер ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішуге арналған тостаған жасады. Одан қашқан юечжилер алыс қоныстарына ұмтылды, Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасады, оны бағындырды.

Әмударияның оң, солтүстік жағалауларына өздерінің астаналарын орнатып, сонда хан ордасын тікті. Халықтың негізгі көпшілігіне ілеспегендер Шилиань-шань (Тянь-Шань) тауларының етегінде қалып, шиан деп аталатын тайпасының құрамына араласып кетті, олардың қамқорлығына кірген соң, "Кіші юечжилер" атала бастады. Бактрия мемлекеті: мұнда бұрын ешқашан не хандар, не бектер болған емес, қалаларды кіші бектер басқарды. Бұл соғыстан қорқатын әлсіз мемлекет болатын. Юечжилер көшіп келгенде, олар оңай бағына қойды".

Бұл құжаттық куәлікке, келіңіз, тереңірек үңілейік. "Кітап патшалығы" біздің дәуірімізден әлдеқайда бұрын жазылған. ¦лы юечжилердің көшулері скифтердің көшулеріне өте ұқсас, соларды еске түсіреді.Осы ерте қытайлық хроника куәлілігі негізінде түрлі дәуірлер уақыт ізділігінде, біздің дәуір одан бұрын болған басқасымен скиф, сақ, ғұн тарихы, осы халықтар тарихы материалдары өзара еркін байланыстырылады, сондай-ақ оларды Бань-Гу мен Сым-Сянь қалай жазғанын бақылауға болады. Сақтар қытайлар "Орталық жер", "Орталық қырат" деп атаған жерлерде өмір сүрген. Олардың ғұрыптары мен дәстүрлері, сондай-ақ өмір салттары ғұндардың ғұрыптарымен және өмір салттарымен өте ұқсас, тілдерінде ғана біршама айырмашылық бар, бір-бірлерін еркін түсінеді. Сақтарды үйренген, жылы орындарынан юечжилер жылжытып жіберді. Бұған үйсіндер себеп болды. "Бұл жерде оларға дейін сақтар өмір сүрді, юечжилер сақтарды жеңгеннен кейін сақтар ханы өз халқын батысқа бастап әкетті, жол бойы Шуанди (осы күнгі Кашмир аумағында болған Болур мемлекетінің тарихына сәйкес) халқын талқандады. Ал юечжилер сақтар жеріне көшіп алды. Кейінірек бұл шайқаста үйсіндер жол бастаушысы юечжилерді талқандады. Юечжилер де батысқа қарай ығысты, олар да Бактрияны бағындырды. Олардың жерлерін үйсіндер басты. Сондықтан үйсін халқының құрамына сақтар да, юечжилер де енеді деп саналады".

Сақтар, массагеттер, исседондар, астиагтар - бір тамырдан тараған туысқан халықтар. Олар скифтерге туысқан екенідгі туралы "Тарих атасы" Геродот жазған. Геродот пен қытай жазушылары Сым-Цзян мен Бань Гу араларын бөліп тұрған бірнеше ғасырда әлем, ертедегі халықтар және елдер тарихы танымастай өзгерді деп санауға болады. Қандай да жинақтаулар мен қорытындылар жасауға болады. Бірақ көшпенді тайпалар тұңғыш рет Қара теңіз жағалауларында бұдан екі мың жыл бұрын пайда болды дегенмен ешкім дауласа алмайды.

Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 4860 | Загрузок: 726 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>