Главная » Файлы » Қазақ тілі

Мемлекеттік тіл - татулық тірегі

Скачать реферат с сервера 12.09.2010, 20:10
загрузка...
Мемлекеттәк тіл – татулық тірегі
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов.
Тіл – адамдық белгісінің бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір – бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды. Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды.
Қазақ тілі – “еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда заңдастырылған
Біз хабар білсек оны ауызша және жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан қазақ халқының салт – дәстүрін, тарихын білеміз.
Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады, өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміәз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің
шырағы. Соған оравй қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген ұғым.
Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы жарлығымен бекітілген “Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына” сәйкес мектеп кітапханасында айына бір рет әдеби шолулар, дөңгелек стол, әдеби кештер “Тіл буынсыз, ой түпсіз”, “Ана тілім ардағым”, “Тіл тамыры тереңде”, “Тілге құрмет – елге құрмет”.
В.Н. Илющенкомен .эдеби кеш өткізілді тақырыбы “Тіл - халықтың рухы”. Кітап көрмесі ұйымдастырылды тақырыбы “Қазақ тілі ұлт тілі”. Ауызша журнал өткізілді тақырыбы “Қазақ тілі – көркем әрі бай тілі”. Кешке қатысқан 8 в сынып оқушылары. “Тілге құрмет – елге құрмет” бөлімінде: тілші ғалым, ақын,жазушы, мемлекет қайраткері – ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынов еңбектері, туған тілімізді зерттеудің тұнық тұнық бастауында тұрған ғұлама ғалым Құдайберген Жұбанов еңбектері, жаңа кітаптар, деректермен танысты. Сонымен қатар бабалардан қалған данышпанды қағидаларынан “мақал – мәтел, қанатты сөздер...”.
“Үйретейік ұрпақты тілге” бөлімінде “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі”, “Қазақ тілі энциклопедиясы”, “Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздіктер” қалың оқырман қауымға, оқушыларға, мұғалімдерге, ұсынылып отырған анықтымалық сөздіктер қазақ тілін сауатты жазуға үйретер кітаптар.
Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекетік тіл - татулық тірегі болды деп айтамыз. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, оның тізгінін қолымызды ұстасасақ, еліміз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Содан барып мемлекетіміздің жағдайы мүшкіл халге ұшырайды. Ондай күн елімізде ешқашан болмасын деп тілейік ағайын.
Сонымен қатар, профессор Мәшһүр Жүсіп Қуандықтың “Көркем сөз құдіреті” ғылыми - әдістемесі, ақын М. Жаманбалиновтың “Жауқазын”, Арман Қаниевтың “Ар алдында”өлең жинақтары тіл бағдарламасы бойнша шыққан кітаптары ұлттық рухымыздың мәртебесін көтеруге үлес қосқан болашақ ұрпақ үшін бағасы биік болары дауыссыз.
Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге, осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге қосылған үлкен үлес. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл оетінде кеңінен қолдануылына қажетті жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға көмек беру үшін өткізілетін мәдени – көпшілік шаралар оқырмандарға тілді оқып – үйренуге қажетті әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздіктер, өз бетімен оқып – үйренуге арналған тілашар - тілдескіш көрнекті құралдарға шолу кітапхана жұмыстары ішіндегі ең бастысы болып табылады.
Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену арқылы ғана орындалады.Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.
Аға кітапханашы Булкенова Р.Қ
№36 мектеп Павлодар қаласы.
Категория: Қазақ тілі | Добавил: Косжанов
Просмотров: 12734 | Загрузок: 1850 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.2/6
Всего комментариев: 1
1  
zhyndy referat

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>