Главная » Файлы » Биология, Валеология

Қан тамырлары системасы

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 19:43
загрузка...
Тақырып: Қан тамырлары системасы.
Мақсаты: Артерия және вена қан тамырларының , лимфа
тамырларының түзілісі олардың ерекшеліктері,
адам организмінде қажеттілігі.
Жаңа түсінік: Ангиология –тамырлар туралы ғылым,
Артерия-құрамында оттегі көп болған қантамыр,Вена-құрамында көмірқышқыл газы
көп болған қан тамыр,Капилляр-ең кіші қыл
тамырлар,Микроциркуляция-кіші қан айна-
лу шеңбері,эластик-созылғыш interna-ішкі
externa-сыртқы,эндотели-тамыр қабаты.

Тамыр жүйесін сұйық өткізетін жолдар,түтіктер құрайды,ол түтіктердегі ағып жататын сұйықтар қан мен лимфа арқылы,бір жағынан организм клеткаларымен тканьдерінде қажетті қоректік заттар жеткізіліп,екінші жағынан клетка элементтерінің тіршілік әрекетінен пайда болған заттар экскреттік мүшелерге жеткізіледі.
Ағатын сұйықтың сипатына қарай адам мен омыртқалардың тамыр жүйесін екі бөлімге бөлуге болады:
1)Қантамыр жүйесі-қан ағатын түтікшелер жүйесі (артериялар,веналар,микроағын бөлімдері мен жүрек)
2)Лимфа жүйесі-түссіз сұйық,лимфа ағатын түтікшелер жүйесі.
Артерияларда қан жүректен шет жаққа,мүшелер мен тканьдерге қарай ал веналарда жүрекке қарай ағады.Лимфа тамыранда сұйық веналардағы сияқты тканьдерден орталыққа қарай ағады.Еріген заттарды негізінен қан тамырлары сіңіріп алады да,ал қатты түйіршіктерді лимфа тамырларына сіңіреді.Қан арқылы сіңіріу едәуір жылдамдау жүреді.Клиникада бүкіл тамырлар жүйесін жүрек-тамыр жүйесі деп атап,оның ішінде жүрек пен тамырларды бөледі.
Қан тамыр жүйесі.Орталық мүше-жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі,қан тамырлары (лат.vas,грекше angeion-тамыр;осыдан ангиология) деп аталатын түтікшелерден тұрады.Жүректің ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.Тамырлар туралы ілімді ангиология деп атайды.
Артериялар.Жүректен мүшелерге қарай шығып,олорға қан әкелетін тамырлар артериялар(ayer-ауа,tereo-бар;өлік денесіндегі артериялар бос болады,сондықтан ерте кезде оларды ауалы түтікшелер деп есептелген)деп аталады.
Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады:
Ішкі қабықша-tunica interna –тамырдың қуысы жағынан эндотелий мен астарланған,оның астында субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады.
Ортаңғы қабық-tunica media-біріңғай салалы бұлшықет тканіне,серпімді талшықтармен ауысып,араласып отыратын миоциттерден құралған.
Сыртқы қабық-tunica externa-дәнекер тканьді талшықтардан тұрады.
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп,ұсақтала береді.Жүрекке жақын артериялар (қолқа және оның ішкі тармақтары)негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олардың ең бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының әсерінен тамыр қабырғасының созылуына қарсы әсер ету.Сондықтан олардың қабырғасында механикалық сипаты құрлымдар,яғни серпімді талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған.Мұндай артериялар серпімді типті артериялар деп аталады.
Капиллярларға ыдырағанға дейін тамырлардың бұлайша қосылуын анастомоз деп атайды.Анастомоздар түзетін артериялар анастомоздаушылар деп аталады.
Артериялардың соңғы тарамдары жеңішке және ұсақ,сондықтан оларды артериолалар деп аталады.Артериола тікелей перпендекуллярға жалғасады,прекапиллярдан көптеген капиллярлар шығады.
Капилляр-зат алмасу қызметін орындайтын аса жұқа тамырлар.Осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін жалпақ эндотелий клеткаларының бір қабатынан тұрады.
Веналар-(лат.vena,гекше phlebs осыдан фледит веналарының қабынуы )артериялардан қарама-қарсы бағытта мүшелерден жүрекке қан әкеледі.Веналық қан кері ағу қиындау келетін дененің төменгі жартысының веналарында,дененің жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда күштілеу дамыған бұлшықет қабықшасының жиырылуының да,маңызы зор.
Қан тамырлардың қабырғаларында меншікті,олардың өздерін,қанмен қамтамысыз ететін жіңішке артериялар мен веналар vasa vasorum болады,бұл қабат тамырлы қынап-vagina vasorum деп аталады.
Атқаратын қызметімен түрлі бөлімдерінің құрлысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес соңғы кезде барлық қан тамырларын 3 топқа бөлінеді:
1)Екі қанайналыс шеңберінен бастап және аяқтайтын жүрекқасылық тамырлар-қолқа және өкпелік баған,қуыс және өкпе веналары.
2)Организм бойынша қанды таратуға арналған магистра-льды тамырлар.Бұларға бұлшықет типті ірі және орташа экстрамүшелік веналар жатады.
3)Қан мен мүшелердің паренхимасы арасындағы алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін мүшелік тамырлар.Бұлар-мүшелік артериялар мен веналар,сондай-ақ микроциркуляциялық арнаның буындары.
Категория: Биология, Валеология | Добавил: Косжанов
Просмотров: 6033 | Загрузок: 665 | Рейтинг: 3.8/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>