Клиникалық микробиологияның мақсаты - Биология, Валеология - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Биология, Валеология

Клиникалық микробиологияның мақсаты

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 19:59
загрузка...
Тақырыбы: Клиникалық микробиологияның мақсаты.
Жоспары:
1) Микробиологиялық диагностикадағы инфекциялық аурудың әдістері.
2) Микробиологиялық лаборатория жөнінде жалпы мәлімет.
3) Микробиологиялық лабораторияда қауіпсіздік техникасы ережелері.
Лабораториялық диагностикадағы инфекциялық ауру 3 бағытқа бөлінеді:
1) Аурудың қоздырғыштарын іздеу, яғни науқастан қан, зәр, нәжіс алу арқылы;
2) Серологиялық диагностика;
3) Аллергиялық диагностика;
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын 3 әдісті қолдану арқылы зерттейді: Микроскопиялық, микробиологиялық және биологиялық.
Микроскопиялық әдіс – науқастан алынған материялдардан қоздырғыштарды анықтау үшін қолданады. Бұл әдіс мынадай ауруларға диогностика жасау үшін пайдаланылады: соз, туберкулез, қарапайымдылар тудыратын аурулар, безгек, лейгимониоз, амебиоз, балантидиялар т.б. Микроскопиялық әдістің мүмкіндігі мол, әсіресе кейбір аурулардың қоздырғыштарын табу үшін, диагноз қоюда қоздырғыштар маңызды рөл атқарады. Алайда микроскопиялық әдіс мынадай ауруларға диагноз қою үшін тиімсіз: іш сүзегі және паратифтер, дизентерия себебі олардың қоздырғыштары морфологиялық қасиеттері

жағынан ұқсас микроағзаларды айыру үшін оларды таза себінді де және индентификациялау қажет, бұл тек микробиологиялық әдіс арқылы жүзеге асады.
Микробиологиялық әдіс – зеріттелген матиралдармен, сонымен қатар таза себінді де (культура) қоздырғышты және оның идентификациясын анықтаумен ерекшеленеді. Морфология, әртүрлі түске бояу, жасанды ортада өсуі, ақуыз және көмірсулар ферменттеріне қарай қоздырғыштардың түрі мен құрылымын осы белгілеріне қарай анықтайды. Қорытынды бөлінген себіндіні микрооргонизмдердің антигендік құрылымын және иммунологиялық әрекетіне қарай жасалады.
Биологиялық әдіс – аурудың қоздырғыштарын немесе оның токсиндерін зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы аурудың сезімталдығын анықтайды. Диогноз қою жануарлар ауруының нағыз қоздырғыштарын және қоздырғыштардың таза себіндісін микробтар арасынан қоздырғыштарды табу. Қоздырғыштардың идентификациясын қоздырғыштарының түріне қарай бактериологиялық әдіс қолданады. Биологиялық әдісті қоздырғыштардың вируленттігін табу үшін де қолданылады.
Серологиялық әдіс – науқастың қанының сары суындағы ерекшелікті иммундық антителлаларды табу үшін инфекциялық ауруларды диогностикалау үшін қолданылады. Бұл үшін иммунологиялық әрекеттер қолданылады. Іш сүзегіне агглютинация әрекеттері, бруцеллезге Райт әрекеттері, мерез ауруының комплементтік (Вассерман әрекеттері т.б.)

Аллергиялық әдіс – теріге және тері ішіне аллергиялық тәсіл арқылы инфекциялық ауруларға диагноз қою үшін қолданылады.Инфекциялық ауруларға қарсы ағзаның жоғары сезімталдығын анықтау әдісі теріге немесе тері ішіне аллергенді енгізу арқылы бруцеллез, туляремия, токсоплазмаларға т.б. ауруларға диагноз қою үшін пайдаланылады. Инфекциялық ауруларға дұрыс диагноз қою үшін комплексті лабораториялық әдіс қолданылады: қоздырғвшты өлу, науқастың қанындағы антителаны анықтау және бояу сезімталдығын анықтау.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Косжанов
Просмотров: 2479 | Загрузок: 507 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>