Главная » Файлы » Биология, Валеология

Жалпы микробиология негіздері

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 19:58
загрузка...
Лекция №
Жалпы микробиология негіздері
Микроорганизмдер морфологиясы
Жоспар:
1. Микробиологияың структурасы
2. Микробиология ғылымының дамуы
3. Микроорганизмдер морфологиясы

1. Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.
Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғалым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология - микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролі қарастырылады.
Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі.Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.
2. Микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен теориялық және практикалық жеңістіктермен толықтырылады. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым-жалпы микробиология, техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық микробиологиясы, медициналық микробиология, эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология және вирусология болып бірнеше салаға бөлінеді.
Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта заттар алмасу процесіндегі ролін және оны адам баласының пайдасына қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология – микроптардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде өндізудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады. Техникалық микробиологияның дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер ұйымдастырылады.
Тағам микробиологиясы-әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамдық өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және өнімдердің микробтар әсерінен бұзылуын болдырмаудың шараларын белгілейді.
Ауыл шаруашылық микробиологиясы-өсімдіктердің қоректенуімен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Сонымен бірге мал азықтық белоктарды өндірудегі басқа да өсімдіктер тектес азықтардың құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып, шаруашылыққа ұсынады. Геологиялық микробиология- немесе геоморфология жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Санитарлық микробиология- су, ауа, және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көиегімен аурудың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді.
Медициналық микробиология- адамдар ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардың алдын-ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.
Эпидемиология-адам мен жануарларда кездесетің әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралуы жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды және олармен күресу шараларын белгілейді.
Мал дәрігерлік микробиология –малдарда болатын жұқпалы ауруларды қоздырғышы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күресудің шараларын анықтайды.
Вирусология -өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда және бактерияларда вирустардың даму заңдылықтарын зерттейді , вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын белгілейді және емдеу , алдын –ала сақтандыру жағдайларын қарастырады.
3.Микробиология тарихында римнің профессоры Афанаси Қирхердің (1601-1680)есімі де аталуы тиіс. Қирхер сасыған ет, щарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады. Ол қанды қарап, онда түрлі клеткаларды көреді.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723)есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И.И.Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И.Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықтық ілім жасады.
Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.
Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар, бациллалар және клостидиялар және спирал тәрізді спирилла және виброндар.
Шар тәрізділер түрлері форма-коккалар сыртқы пішіні шар тәрізді строфилкоккалар, ст.рептоктар.Көптеген коккалар-сапрофиттер, олар спора түзбейді. Қозғалмайды, табиғатта кең таралған. Коккалар жеке-жеке бір-бірмен қосылмаған-микрококктар деп аталады Диплококктардан адам ағзасында ауру туғызатын қоздырғыштар, гонореия, минингит қоздырғыштары.
Таяқша пішінді түрлері- спора түзушілер және спора түзбейтін түрлері болады. Пішініне қарай ірі, орташа ұсақ таяқша түрлері, цилиндр, овал формалары түрлері кездеседі.
Спирал пішінді түрлері-табиғатта кең таралған. Оларға споралар және виброндар жатады. Споралар тығын тәрізді спирал формалы болып келеді.
Спирохиттер-штопр тәрізді иілген формалы бактериялар және қарапайымдардың аралық формасы. Көлемі, ені-0,3-1,5м, ұзындығы-7-500м. Клетка қабықшасы жоқ, ядросы болмайды. Спирохиттер қозғалғыш. Бөліну арқылы көбейеді.Бүктелу және қозғалғыш қасиеті орталық жіпше арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар-хлорофилсіз өсімдік әлеміне жатады. Дифферециялық ядросы бар, спора арқылы көбейеді. 5 классқа жіктеледі.
1.Архилициттер класы (archimycetes)-жыныссыз жолмен көбейетін қарапайым саңырауқұлақтар. Жоғары сатылы өсімдіктердің паразиттері.
2.Фикомициттер класы(Phycomycetes)-жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Жұқа бұтақша пішінді саңырауқұлақтар. Бұл классқа мукор үлпілдек мақта тәрізді плесень түзіледі. Мукор мақтасы жынысты жолмен де көбейеді. Адамда өкпе, құлақ қалқандарын ауруға ұшыратады.
3.Аскомициттер класы(ascomycetes)-тағамдарда, қанның бетінде кездеседі. Адамдарда тыныс жолдарын, көз, құлақты зақымдайды
4.Пенициллин(penicillium)-көп клеткалы, пенициллин алады.
5.Акомицитез класы- ашытқы саңырауқұлақтар. Нан өсімдіктерде, шарап өндіруде қолданады.
Қарапайымдылар бактерияларға қарағанда күрделі дамыған.4 классқа жіктеледі:70 мың түрлері бар.
1.Саркодиналар класы-тынымсыз қозғалады, қабықшасы болмайды,дене пішіні тұрақсыз, бөліну арқылы көбейеді.
2.Спорофиттер(Sporozoa)- жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді,арнайы қозғалу органы жоқ.
3.Жгутиктілер(Flogollata)-овал және шар тәрізді, белсенді қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді.
4.Талшықтар(Infusoria)-инфузориялар кірпікшелер арқылы қозғалады, адамда ішек инфузориясы кездеседі.
Гнотобиология-микробсыз жануарлар ғылымы. Жасанды ортада өсірілген, табиғатта микробсыз жануарлар кездеседі. Сүтқоректілер ұрығы жатырда стерилді ортада дамиды. Оларды гнотобионттар деп атайды.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Косжанов
Просмотров: 11861 | Загрузок: 1776 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.1/13
Всего комментариев: 2
2  
spasibo za pomosh!!!!!!!!!

1  
Спасибо вам за бесплатный реферат!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>