Главная » Файлы » Биология, Валеология

Жыныс тіркесіп тұқым қуалау

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 19:48
загрузка...
Жыныс тіркесіп тұқым қуалау

Жоспары: 1.Жынысты анықтаудың хромосомалық теориясы.
2. Жыныспен тіркес тұқым қуалау.

Табиғатта кездесетін барлық дара жынысты ағзаларда аналық және аталық даралардың арақатынасы шамамен 1 : 1 – ге тең болады. Мұндай ажырау Мендель тәжірибелерінде талдай шағылыстыру кезінде, жыныстардың бірі гомозиготалы, бірі гетерозиготалы болған жағдайда байқалады. Шын мәнісінде, дара жынысты ағзалардың басым көпшілігінде аналық және аталық даралардың хромосома жиынтығы біркелкі болмайды. Мұны дрозофила шыбынын мыфсалға алып, оның хромосомалар жиынтығындағы ерекшеліктерге байланысты сомалық жасушаларында 4 жұп хромосома болатыны белгілі. Олардың үш жұбы аталық және аналық дараларда біркелкі ұқсас болады, оларды аутосомдар деп атайды. Ал соңғы жұбы екі жыныста екі түрлі болып келеді және соларға байланысты даралардың жынысты анықталады. Оларды жыныс хромосомалары деп атайды.
Аналық шыбынның жасушаларындағы жыныс хромосомалары өзара ұқсас келеді, оларды Х – хромосомалары деп белгілейді. Енднше диплойдты жиынтығы бар сомалық жасушаларда жыныс хромосомалары – ХХ болады. Аталық шыбынның сомалық жасушаларындағы жыныс хромосомалары бір – біріне ұқсамайды. Олардың біреуін Х - хромосома деп, екіншісін У – хромосома деп белгілейді. Сондықтан аталық ағзаның жыныс хромомомаларының жиынтығы ХУ болып шығады.
Осыған сай аналық ағзаның барлық жұмыртқа жасушалары хромосомалар жиынтығы бойынша біркелкі болады, өйткені олардың әрқайсысында үш аутосома және бір Х – хромосома бар. Х – және У – хромосомалардың бір – бірінен айырмасы – тек екі түрлі құрылысында ғана емес, олардағы орналасқан гендердің жиынтығы да екі түрлі. Ұрықтану кезінде хұмыртқа жасушасының Х хромосомалы сперматозойдпен де У – хромосомалы сперматозойдпен де кездесу мүмкіндігі бірдей. Суретте көрсетілгендей, бірінші жағдайда ұрықтанған жұмыртқадан аналық дара, ал екінші жағдайда аталық дара дамып жетіледі. Олай болса, ұрықтану нәтижесінде түзілетін жыныстар арақатынасы 1 : 1-ге тең болады.
Сүтқоректілердің көпшілігінде, соның ішінде адамды да аталықтарының жыныс хромосомалары бір Х - және бір У - хромосома, ал аналықтарында екі Х-хромосомадан болады. Соған байланысты аталық дараны гетерогометалы, аналық дараны гомогаметалы дап атайды. Құстарда да және көбелектерде де керісінше: аналықтарының хромосомалары – ХУ, аталықтарынікі – ХХ. Кейбір қоңыздарда, мысалы, тура қанаттыларда У – хромосома тіпті жоқ, яғни аталықтардың генотипі – ХО.
Сүтқоректілердің аналығында ұрық дамуының алғашқы сатысында Х – хромосомалардың екеуі де жұмыс істейді. Соңынан жұмыртқа және аналық бездері дамитын жасушалардан басқаларының барлығында екі Х – хромосоманың біреуі жұмысын тоқтатады. Белсенділігінен айырылған бұл хромосома жинақталып, тығыздалған дене түрінде қалады. Мұны Бпрр денешігі деп атайды екен. Осы Барр денешігінің болуы болмауына байланысты жынысты анықтайды. Әдетте ол әйел жынысына тән.
Жыныс хромомомалары арқаылы тұқым қуалайтын белгілерді – жыныспен тіркес тұқым қуалау деп атайды. Мысалы, дрозофила шыбынының Х – хромосомасында оның көзінің түсін еаықтайтын ген орналасқан. Адамда да жыныспен тіркес тұқым қуалайтын бірқатар белгілер бар. Олардың қатарына рецессивті қасиет көрсететін дальтонизмді – жасыл мен қызыл түсті ажырата алмасу, гемофилияны – қанның ұйымауы, бұлшықет дистофиясының бір түрін, т.б. жатқызуға болады. Адамда еркек жыныс гетерогометалы болғандықтан, бұл аурулардың белгілері көбінесе ер адамдарда орналасқан. Ал ер адамдарда бір ғана Х – хромосома бар. Егер ер адамның генотипінде бұл ген бар болса, оның ауру болғаны, ген жоқ болса – сау болғаны. Гемофилияның генін әйелдер гетерозиготалы күйде сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа тасымалдайды. Мысалы, гетерозиготалы, яғни тасымалдаушы дене сау әйел, сау ер адамға тұрмысқа шықса, бұл жағдайда қандай ұрпақ күтуге болаптынын анықтайды екен.Медицинада гемофилчның генін һ әріпімен, қанның дұрыс ұюының доминантты генін Н әріпімен белгілейді.

Категория: Биология, Валеология | Добавил: Косжанов
Просмотров: 4409 | Загрузок: 496 | Рейтинг: 2.4/11
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>