Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
Главная » Файлы » Дүние тарихы

В категории материалов: 29
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Шыңғысхан - "әлемді сілкіндіруші", ұлы қолбасшы және жаулап алушы - кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген

Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды.

Үйсіндер ең ежелгі қазақ руларының бірі болып табылады , олардың тарихы уақыт жөнінен ұзақ және оқиғаларға өте бай. Тарихи куәліктер мен құжаттарға жүгінейік. Тұңғыш рет үйсіндер аты Мөде қағанның (б.д.дейінгі 176 ж.) қытай императорына жазған хатында еске алынады. "Хань әулетінің кітабында", ғұндарға қатысты бөлімінде былай делінеді

Бір кездері Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ежелгі халықтардың бірі ғұндар болды. . Түрлі тарихи жазбаларда ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері түрліше аталады. Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер белгілі. Ең үлкен және осыған байланысты неғұрлым белгілілері болып табылатын зор тарихи із қалдырған ғұндардың екі империясы бар.

ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі.. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны қым-қиғаш кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды.

Қазақстан жері 6 ғасырда аса қуатты держава - Түрік қағанатының билігінің астына түсті. Оның басқарушылары ашин руының түрік тайпасы әулетінен шықты. Қағанат құрылуы алдындағы түрік этносының өз қалыптасуы кезеңдесіп 3 ғасырдан 4 ғасырдың ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында өтті.

Түргештер - үйсіндер басқарған одаққа ежелгі уақыттардан бері кіретін Дулаттар тайпасының ірі рулық бірлестігінің бірі. Батыс Түрік қағанаты кезінде (582-704) қуаттанған бұрынғы үйсіндер орта ғасырда дулаттар деп атала бастады. Белгілі тарихшы-ғалым Нығмет Мыңжан ежелгі қытай жылнамалары негізінде "Қазақтардың қысқаша тарихы" деген өзінің кітабында былай деп жазады

Ертедегі түрік жазуын ұқсастыру ең күрделі және қиын проблемалардың бірі, өйткені бұл тақырып бойынша ол дерек көздерінің өте жұтаңдығымен ғана емес, сонымен бірге соңғы уақытқа дейін көпшілігінде көшпенділердің жазба мәдениетін, жазба (зайырлы) әдебиетін жоққа шығарып келген ғалым ағайындардың көп ғасырлық теріс түсінігімен де қиындатылып келді.

Орта Азия - түріктердің заңды, туған жері, олардың ата-бабаларының жері. Мұсылмандық тарихи кітаптарда және ертедегі қолжазбаларда бұл жерлер "Тұран мемлекеті" деп аталады. Түріктердің өздері де олардың ата-бабалары ежелгі уақыттарда Хан-Тәңірі тауында және Алтайда тұрған деседі

Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б.д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық әскер жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің өзі 100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім алдым деп түсіндіреді.

1-10 11-20 21-29