Хазар мемлекеті - Дүние тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Дүние тарихы

Хазар мемлекеті

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:42
загрузка...
Хазарлар

Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, олар өз елдерін құрды. .

Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып, Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады.

Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады.

ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған. Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста - балық, жазда - бидай жинады.

Кезінде хазарлар мұсылмандықты қалай қабылдағаны туралы тамаша аңыз бар.¤з халқына мұсылмандықтың, христиандықтың және иудаизмнің бірін таңдап алу үшін хазар қағаны өзіне үш ірі діннің өкілдерін шақырады. Қаған христианинді және иудейді тыңдап болған соң, өз құлағын исламды уағыздаушы Фараби ибн Кораға тосады және одан осы қарсаңда көрген түсін жорып беруді сұрайды. Бұл түсінде оған періштелер келіп, хазарлар қағанның істі жүргізуіне наразылығын білдіреді. Сонда Фараби ибн Кора: "Сіздің түсіңізде періште санадан әлде ашылудан көрінді ме? Әлде ол сізге алма ағашы түрінде, әлде басқа түрде келді ме?" - деп сұрайды. Қаған періште оған бірінші (сана) адамнан да, екінішісінен де (ашылу) және үшіншісінен де (алма ағаш түрінде) келген жоқ дейді. Содан кейін Фараби ибн Кора қағанға: "Әрине, періште біріншісі де, екіншісі де және үшіншісі де болған жоқ. Мәселе оның мүлдем басқа періште болғанында. Бұл Адам Рухының періштесі. Сіз өзіңіздің серіктестеріңізбен соған дейін көтерілгіңіз келеді. Бұл сіздің игі ниетіңіз және бұл жақсы. Бірақ сіз бәріне тек түсіңізде көретін Адамды теңестіргіңіз келеді, оны шын адам жасамақ боласыз, оны кітапқа жазғандай етіп жазып алғыңыз келеді. Бұл сіздің қылығыңыз және бұл дұрыс емес. Мәселе сізде қасиетті кітап Құранның жоқтығында", ал сіз осының өзінде өз кітабыңызды жасағыңыз келеді, Қасиетті кітап бізге жоғарыдан сыйланған, оны сіз біздерден алыңыз, бәрімен біздермен бөлісіңіз, бәрінде, істе де, ниеттеріңізде бізбен бірге болыңыз және өз кітабыңызды өзіңіз жасауға талпынбаңыз ..."-дейді.

Бұл сөздерден кейін хазарлар қағаны Фараби ибн Кораны құшақтап, халықтың исламды қабылдағаны туралы жарлық шығаруға бұйырды.

Категория: Дүние тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 1855 | Загрузок: 384 | Рейтинг: 2.8/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>