Осман Империясы (Оттоман Империясы) - Дүние тарихы - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Дүние тарихы

Осман Империясы (Оттоман Империясы)

Скачать реферат с сервера 04.09.2010, 18:41
загрузка...
Осман Империясы

XIV ғасырда Кіші Азияда түріктік Осман Империясы құрылды. Империя құрамына ортағасырлық мемлекеттер кірді. Олардың арасында Лидия, Мидия, Пергам, Көне Рим, Византия, Кония сұлтанаты, Ахеменидтер мемлекеті және Ескендірдің (Александр Македонский) алып державасы да болды.
XIV ғасырдың жиырмасыншы жылында Кіші Азияның солтүстік батысында феодальдық кньяздық пайда болды. Бұл династияның атауы алғашқы сұлтаны Османның есімімен аталды. Құрамында басым бөлігі түрік тайпалары болған Осман Империясының халқын ''Осман түріктері'' деп атаған. Алғашқы кезеңнен бастап-ақ мемлекет әскери-феодальдық болып қалыптасты. Мемлекеттің негізгі тобы әскери феодальдар болды. Олар үшін жаңа территорияларды жаулап алу мен оларды тонау басты мақсат етін.

Құрылған кезден бастап он жылдың ішінде Византиялықтардың иелігінде болған Бурса, Никей (Изник), Никомедия (Измит) қалаларын жаулап алады. Аталған ғасырдың екінші жартысында Шығыс Фракияның жеріне шабуыл жасап, Адрианополь (Эдирне) қаласын өздеріне қаратады. 1389 Косова даласында болған ұрыста Осман Империясы Сербияны өздеріне бағынышты етіп, алым-салық (дан салығы) алады. Болгар патшалығын, Фессалияны, Македонияны жаулап алады. 1396 жылы болған үлкен соғыста біріккен еуропалық рыцарьларды жеңіп, Константинопольге кіреді.
XIV ғасырдың соңына қарай Империя құрамына Анадолы кньяздығының (Бейлік) жері толығымен өз еркімен немесе күштеп кіргізілді.

XV ғасырдың басында Осман Империясы Ақсақ Темірдің әскерлерімен шайқасады. Нәтижесінде 1402 жылғы Анкара шайқасында жеңіліске ұшырап, османдықтарды басқарған Баязид I сұлтан тұтқынға түседі. Елдің көп бөлігі қайтадан Анадолылықтар кезіндегідей Бейліктерге (Бейлік – басқару формасы) ауысады. 1415 жылы Батыс Анадолы мен Балқанда антифеодалдық және анти-үкіметтік халық көтерілістері белең алады. Осынау көтерілістер басылып, Баязид I сұлтанның балалары арасындағы өзара талас-тартыстар тоқтағаннан кейін Осман Империясы қайта қалпына келе бастайды. XV ғасырдың 40 жылдарына қарай осман түріктері Балқандағы экспасияларын қалпына келтіреді. Сұлтан Мұрад II (билік етті: 1421- 1451) билікке келіп Крест жорықшыларының әскерін тоқтатады. Ал оның баласы Мехмед II сұлтан (билік етті: 1451-81) Константинопольді 1453 жылы қайта басып алады. Осы кезден бастап Византия Империясы өмір сүруін тоқтатып, Константинополь (Ыстамбул) Осман Империясының астанасы болады. XV ғасырдың 50-70 жылдары Осман Империясы Босния, Морея, Аттика, Трапезун империясын жаулап алады. Мехмед II сұлтан өмірінің соңында Скандербектің әскерін талқандап, бүкіл Албания жерін өзіне қаратады.

Осман Империясының территориясы ең үлкен көрсеткішке XVI ғасырда Селим I сұлтан (билік етті: 1512-1520) мен Сулейман l сұлтанның (билік етті: 1520-66) кезінде жетеді. 1514-15 жылдары түріктер Арменияны, Күрдістанды және Солтүстік Месопотамияны басып алады. 1516-1517 жылдары Осман Империясының құрамына Сирия, Палестина, Египет, Хиджаз, ал 1519 жылы Алжирдің кей бөлігі кіреді. XVI ғасырдағы мықты османдық флот Жерорта теңізіндегі барлық қозғалысты өз бақылауына алады. 1521 жылы түріктер Белградты алады. 1526 жылғы соғыста венгр-чех әскери одағынан ойсырай жеңіледі. Соңынан Венгрия корольдігінің біраз бөлігін жаулап алады. XVI ғасырдың жартысына қарай Осман Империясының құрамына Алжир толығымен өтеді, Триполитания және Родос пен Эгей теңізінің басқа да архипелагтары кіреді. Осы кездегі Осман Империясы Еуропада, Азияда және Африкада кең байтақ жерге иелікетті. Олардың иелігіндегі жердің аумағы 8 млн. шаршы км. құрады.

Уақыт өте келе Империяның құрамындағы негізгі топтардың орны ауысып, жаңа феодаль-помещиктердің ықпалы арта түсті. Әскерилердің арасында тәртіп әлсіреп, бұрынғыдай күшті болмады. Әлеуметтік жағдайға байланысты әскерилердің біразы сауда-саттық пен түрлі кәсіпшілік саласына кетіп қалды. Елдегі жағдай нашарлап, халық көтерілістері жиілей түседі. Түрік әскерінің алғашқы әлсіздігі 1571 жылғы шайқастағы әскери флоттың жеңілісінен байқалады. 1569 жылы османдықтар Ресей Империясынан жеңіліп қалады. Елдегі қиын жағдайға қарамастан территория жүз жыл бойы сол қалпында сақталып қалды. Тіпті, жаңадан Кипр (1571) мен Тунис (1574) Осман Империясының құрамына кіреді. Иран, Австрия, Польша және Венецияға қарсы шабуылдар жасалады.

Категория: Дүние тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 13486 | Загрузок: 766 | Рейтинг: 3.7/42
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>