Главная » Файлы » Дүние тарихы

Түргеш қағанаты (699-766)

Скачать реферат с сервера 11.11.2010, 01:34
загрузка...
Түргеш қағанаты (699-766)

Түргештер - үйсіндер басқарған одаққа ежелгі уақыттардан бері кіретін Дулаттар тайпасының ірі рулық бірлестігінің бірі. Батыс Түрік қағанаты кезінде (582-704) қуаттанған бұрынғы үйсіндер орта ғасырда дулаттар деп атала бастады. Белгілі тарихшы-ғалым Нығмет Мыңжан ежелгі қытай жылнамалары негізінде "Қазақтардың қысқаша тарихы" деген өзінің кітабында былай деп жазады:

"Дулат тайпасының бес негізгі бөлімдері былайша бөлінеді:

1. Түргештер - Алаш - ұлыс (ел) Шора
2. Қойлау - Құлық - ұлыс Шора
3. Шимойын - (Чимучин) - Луй - ұлыс Шора
4. Ысты - Тоң - ұлыс Шора
5. Жаныс - Шопан - ұлыс Шора".

Дулаттар арасында ең ірі рулық бірлестік (тайпа), саны мен алып жатқан жері жөнінде ең үлкені Түргештер (Сары үйсіндер) болды. Міне, сол себепті де Батыс түрік қағанаты ыдырағаннан кейін ие болған жерлерінде түргештер "Он оқ халқымен" бірге Түргеш қағанатын құрады. Тарих ғылымында түргештердің белгілі бірінші қағаны ¤жели (¤гели Құдай Тархан) болып табылады. Түргештер арасында өзінің ерлігі мен артықшылықтары жөнінде ең ұлы әскербасы Шен руынан шыққан Сұлушор болды. Аса үздік шығыстанушы, түрік танушы В.В.Бартольд ол туралы былай деп жазады: "Батыр Сұлушордың даңқы мен атағына сол кезде Батыс Түрік қағанатын билеген Ашин руында тең келетін ешкім болмады". Және де дәл сол жылдары Түргештер қағанаты Алтайдан Тәңір тауына, Баркөлден Арал теңізіне дейінгі аумақты иемденді. Сұлушордың күшейгені соншалықты, оның игі ниетін Тибет те, қытайдың Таң әулеті де іздеді, олар оған өз хан қыздарын әйелдікке беруге асықты. Және де бірінен-бірі озғысы келді. Түргеш қағанатының екі астанасы болды. ‡лкен астана Суяб қаласы деп аталды, ал кіші астанасы Іле өзенінің жағасында орналасты, бұл Қойлық (Күнғұт) қалашығы болды.

Түргеш қағанатының басты қалалары Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолының бойында орналасуына байланысты керуен саудасы және онымен бірге қағанат халықтарының өмір деңгейі де шапшаң өсті. Сауданың гүлденуі қағанаттың өзінің мемлекеттік ақшасының пайда болуына ықпал етті. Түргештер қағаны ақшаны металдан тиын құюға бұйырды. Ертедегі түргештер қалаларының орнын қаза отырып, археологтер төрт бүрышты, ортасында тесігі бар түргештер қағанатының ақшаларын тапты. Тиындарда жазулар бар, бүл біздер үшін ерекше бағалы; оның бір жағына: "Түргештер қағаны Бай Баға", екінші жағына: "Құны он жебе" деп жазылған. Жазулар Орхон-Енисей жазулары тілінде түсірілген. Теңгелердегі "Он жебе" туралы бүл жазулар он түргеш рулық бірлестіктерінің қүрметіне түсірілгенін білдіреді, өйткені түргештер халқының өздері осылай аталды. Егер теңгелерде бейнеленген "Т" таңбасын жеке алып қарасақ, онда Орхон-Енисей жазуларында "Т" таңба-белгісі "жебе - оқ" дегенді білдіреді, ал белгінің үстіндегі қос дефис "-" "10" цифрын білдіреді.

Және мынаны еске түсіре кету керек. Батыс Түрік қағанатының ыдырау кезеңінде халық он үлысқа (аумаққа) бөлінді және үлыс басшыларының әрқайсысы бір жебе алады, сондықтан түргештер "Он оқ халқы" деп аталады. Батыс түрік қағанатының орнында пайда болған Түргеш қағанатының этникалық қүрамында да үлкен өзгерістер болмады. Түргештердің қытай жылнамашылары олардың қағандарын "Он жебе халқының қағаны" деп атады. Орхон-Енисей жазуларында дәл солай Түргеш қағанаты "Он оқ будун" ("Он жебе халқы") деп аталады.

Кейбір шетелдік зерттеушілер қазақ мемлекеттігі мен қазақ халқы өзінің бастауында Түргеш қағанаты сияқты ірі бірлестікке ие болды, Сырдария мен Әмудария және Жетісу өзендерінің далаларында қазақ этносы негізінде қалыптасқан түргештер ең басты халықтардың бірі болды және "Он оқ халықтары" қазақ халқының қүрамына енген рулар мен тайпалардың ең бастысы болып табылады деп заңды күші бар қорытындылар жасайды.

Алайда жер бетінде мәңгі ештеңе жоқ. Түргештер қағанатын іштен іріткен көптеген қарама-қайшылықтың, өзара қақтығыстар мен шайқастардың салдарынан 766 жылы Түргеш қағанатының әскерін бүл уақытқа дейін күшейіп кеткен қарлүқтар быт-шыт етті. Солай бола түрса да, Түргеш қағанатының ғасырға жуық тарихының үлы дала мен далалық мемлекет тарихы үшін зор маңызы бар. Түргеш қағанатының тарихында ең маңызды оқиға қытай әскерлерін жеңген Атлах шайқасы болып табылады. Бүл шайқас 751 жылы Талас өзенінің аңғарында өтеді, және де қытай жаулап алушыларын Орта Азияны басып алғаннан кейін біздің далаларымызға келген Араб халифатының әскерлері тоқтатады. Қарлүқтар мен түргештер, арабтар өз діндестері жағында соғысады, сөйтіп, олар даланың ең қатерлі және ежелгі жауы - қытайлықтарды талқандайды, сонысымен Батысқа қарай қытайдың етек алуы тоқтатылады, қытай басқыншыларынан біздің дала мен Орта Азия мәңгілік қүтқарылады.

Категория: Дүние тарихы | Добавил: Косжанов
Просмотров: 8904 | Загрузок: 675 | Рейтинг: 3.5/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>