Главная » Файлы » Физика, Химия

Жылу құбылыстары (Панорамалық сабақ)

Скачать реферат с сервера 07.11.2010, 14:35
загрузка...
Білім дағдылары Ұғымдар: Ішкі энергия, жылу берілу, меншікті жылу
сыйымдылығы, ортаның меншікті жану жылуы Формулалар: Жылу мөлшерін есептеу.Отын
толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Білік дағдылары. Қолдана білу: МКТ-ның негізгі қағидалары, ішкі энергия
өзгерісі, конвекция, жылу өткізгіштік. Пайдалана білу: Термометр мен калориметр: Оқи білу: Дененің балқу және қатаю кезіндегі ішкі
энергия өзгеріс графигі. Сапалық есептерді шығара білу. (Ішкі энергия тәсілдері бойынша) Таба білу: Заттардың жылу сыйымдылығы, отын
түрлерінің меншікті жану жылуының кестелік мәндері.

Зертханалық жұмыс. №1
Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.

Микроскопты жұмысқа дайындаңдар. Микроскоптың тубосын жылжыта отырып,
кескіннің анық көрінуін тексеріңдер.
Шыныға тамызғышпен су тамызыңдар.
Осы су тамшысына аз мөлшерде графит (бояу сүт) ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызбанұсқасын салыңдар.
Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер. Олар өлшемдеріне байланысты қалай қозғалады?
Температураға қатысты броундық қозғалыстың қарқындылығын зерттеңдер.
Ортаның тұтқырлығына сәйкес броундық қозғалыстың қарқындылығын зерттеңдер.
Броундық қозғалыстың газдарда (түтінде) болатынын дәлелдейтін тәжірибенің әдістемесін ойластырыңдар.

1-гейм. “Бой сергіту” ойынының сұрақтары.

Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
Диффузия деген не?
Жылу алмасу дегеніміз не?
Термометр қандай дене?
Энергия дегеніміз не және ол нешеге бөлінеді?
Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар?
Жылу мөлшері дегеніміз не? (формуласы)
Калория дегеніміз не?
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы дегеніміз не? (формуласы)
Денені қыздыруға қажетті жылу мөлшері неге тәуелді?

Ол бұл қозғалысты суда қалқыған өсімдіктерді бақылай отырып ашқан.
Ол қандай қозғалыс және судың жағасындағы адамның есімін ата.
Бірі әшекей, бірі оқ бола алады. Тағдыр қосса 5 жылдан кейін олардың 5 мм
тереңдікке дейін бір-бірімен бауырласқанын көруге болады екен.
Бұл қандай заттар және қандай құбылыс?
Q=qm формуласының анықтамасын ата.
Күндіз көл бетіндегі мұз ериді. Мұз ерігенде бөлінетін жылу атмосферадағы ауаға берілеме
әлде одан алына ма?
Металл бөлшекті егеумен өңдесе қызады. Осы жағдайда металл бөлшекке белгілі бір жылу мөлшері берілді деп айтуға бола ма?
Терезенің тазаланған әйнегі күн сәулесінің әсерінен неліктен қызбайды, ал кір , күйе әйнек неге жылынады?
Шаң мен түтінге көмілген қала неге күн энергиясын аз қабылдайды?
Неліктен орталық жылу батареялары еденге жақын орнатылып, ал желдеткіштерді терезенің
жоғары жағына жасайды?
Дені сау адам денесінің абсолюттік температурасы қаншаға тең?
Мен қозғалыстамын. Мен қандай энергияға иемін?

Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. (Күн мен ай. Табиғи жарық)
Жылдың төрт мезгілінде де мазасызданады ол неге?
(Жел. . Суық ауа мен ыстық ауаның алмасуы. Диффузия)
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (Диффузия)
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң
Ньютонға ол келеді. (күш)
Бес әріптен тұрады
Өлшемі Паскаль құрайды.
Қалың қарда шаңғымен
Жүру оңай болады. (Қысым)
Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (энергия)

9 –сабақ.
Бақылау жұмысы. (тест)

Денені қыздырғанда (салқындатқанда) жұмсалатын (бөлінетін) жылу мөлшерін
есептеуге арналған формалар.
А) Q=mq Ә) Q=cm( - ) Б) Q=tm
Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі. А) Джоуль Ә) Ватт Б) Ньютон
Отынның меншікті жану жылуының формуласы.
А) C=cm( - )/Q Ә) C=Q/m( - ) Б) q=Q/m
4. Массаның негізгі өлшем бірлігі. А) грамм Ә) килограмм Б) тонна
Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірліктері. А) Дж/кг Ә) кг/Дж Б) Дж/гр
Қыстыгүні үйді жылыту үшін жылу беру қандай қандай тәсілмен іске асады?
А) Конвекция Ә) жылуөткізгіштік Б) сәуле шығару
Массалары бірдей алтын,күміс және мыстан жасалған бұйымдарды қыздыру үшін қайсысына көп жылу мөлшерін беру қажет? А) алтын Ә) күміс Б) мыс
Массасы 2 кг табиғи газ толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
А) 2,2 × Дж Ә) 4,4 х Дж Б) 8,8х Дж
Массалары бірдей тас көмір, ағаш көмір, табиғи газ толық жанғанда қайсысы көп жылу береді? А) тас көмір Ә) ағаш көмір Б) табиғи газ
Массасы 2 кг суық суды 1 градусқа дейін салқындатқанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
А) 8400 Дж Ә) 4200 Дж Б) 2100 Дж
Су немесе су буының массалары бірдей болған жағдайда, ішкі энергиясы ең көбі қайсысы? А) Су Ә) Мұз Б) Су буы

Категория: Физика, Химия | Добавил: Косжанов
Просмотров: 14460 | Загрузок: 2684 | Рейтинг: 3.9/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>