Главная » Файлы » Информатика

ДК құрылымының функциональді-логикалық негізі

Скачать реферат с сервера 05.10.2010, 16:19
загрузка...
ДК құрылымының функциональді-логикалық негізі

Электронды есептеуіш машина (ЭЕМ) немесе компьютер – бұл ақпаратты шығаруға, өңдеуге және жинақтауға арналған программалар мен техникалық құрылғылардың жиыны. Ең көп тарағаны, кез-келген жұмыс орнында құруға ыңғайлы, көлемі шағын есептеуіш машинасы дербес компьютерлер.

Компьютердің жүйелік блогы

3-сурет. Дербес компьютердің архитектурасы.

ДК ең аз конфигурациясының құрылымы үш компоненттен тұруы керек: жүйелік блок, дисплей және клавиатура.
Жүйелік блок – бұл құрылғы, өзінің құрылымында ДК-нің негізгі техникалық компоненттерін қамтиды: микропроцессор, жедел жады, тұрақты жады, адаптерлер және бақылаушылар, коммуникациялық порттар, қатты дискіге жинақтағыш, иілгіш дискіге жинақтағыш, компакт–дискіге жинақтағыш, қоректену блогы.
Жүйелік блоктың сырты темір корпуспен қапталған, алдыңғы бетінде Power тоққа қосуға арналған айырғыш және Reset компьютерді қайта жүктеуге арналған батырмалары орналасқан.
Ішкі құрылысы құрылғылардың жиынынан тұрады, онда жүйелік плата (материнская), сыртқы жады және қоректену блогы құрылғыларға арналған бөліктер.
Аналық (материнская) плата. Бұл диэлектрлік материалдан жасалған пластина, онда мыналар орналасуы тиіс: микропроцессор, BIOS модулі, жедел жады модулі, жүйелік шина, ресурс ұлғайту ұяшығы, кварцты резонатор және көмекші микросхемалар.
Сопроцессор – жылжымалы үтірлі санды өңдеуге мүмкіншілігі бар құрылғы. Мұндай сандармен есептеулер жүргізгенде әр амал үшін микропроцессордың көмегімен бірнеше оншақты амалдардың моделі жасалады.
Машиналық графиканы және басқа жағдайларда жылжымалы үтірлі санды үдемелеп қолданылса, ғылыми есептеулер үшін компьютерді қолдану тиімділігін төмендетеді. Сопроцессордың көмегімен амалдарды орындау жылдамдығын 5-15 есе арттыруға болады.

Категория: Информатика | Добавил: Косжанов
Просмотров: 3993 | Загрузок: 1418 | Рейтинг: 3.8/8
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>