Главная » Файлы » Информатика

Интернет желісі. Электронды пошта

Скачать реферат с сервера 04.09.2010, 18:31
загрузка...
Internet желісі. Web бет. Электрондық пошта.

Internet - əлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйенің қолданушылары саны санаулы ғана болған, қазір саны күннен-күнге көбеюде. Internet сөзі қазақша халықаралық желі деген мағынаны білдіреді (International
– халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын мəселелері бойынша желідегі дүние жүзі компьютерлерімен байланыс жасай алады.
Компьютерлік желі деп екі немесе одан да көп компьютерлердің бірігуін айтамыз. Барлық компьютерлік желілерін қолданудағы негізгі мақсат – олардың ортақ ресурстарға бірлесіп қатынауын қамтамасыз ету.Интернетке
қосылу үшін : модем, сымтетік, компьютер қажет.

Ресурстардың үш түрі бар: аппараттық, бағдарламалық жəне ақпараттық. Аппараттық ресурстарға барлық компьютерлік құрылғылар, сол құрылғылардың сыйымдылығы жəне т.б. жатады. Мысалы, принтер, қатқыл диск, қатқыл дискінің көлемі.
Қашықтықтағы компьютерлерде сақталған мəліметтер ақпараттық ресурстарды құрайды.
Компьютерлік желідегі аппараттық жəне бағдарламалық үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін хаттама деп аталатын арнаулы стандартты бағдарламалар қызмет етеді.
Əдетте Интернет серверлері түрлі типті, яғни бір бағдарламалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте
қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол –жүйелік хаттама деп аталатын TSP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – Тасымалдауды басқару хаттамасы) атаулы жіберу тілі. Яғни TSP/IP-
Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мəліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру жəне қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жəне жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.
Желіге тұрақты қосулы жəне мəліметтердің жинақталған қоры сақталған компьютерлер Сервер делінеді. Əр сервердің өзіне сəйкес адресі болады.

Мысалы, www.khabar.kz еліміздегі Хабар телеарнасының сервері. Internet желісінен қажетті мəліметті табу үшін сервер адресімен қоса ресурс типін де білу қажет. Көптеген Web-беттерді іздеп табу үшін олардың адрестерін енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL (Uniform resouree locator-ресурстың стандартты адресі) адрестер деп атайды. Мысалы, http://www.rambler.ru/timetable/0002.shtml мұнда
- http:// - www ресурсының көрсеткіші, Web-ке ену.
- www.rambler.ru – сервердің Internet желісіндегі адресі, торап серверінің
(қойма компьютерінің) адресі, яғни төмендегіше.

Ол нүкте арқылы ерекшеленген бірнеше бөліктен тұрады. Оң жақ шеттегі соңғы бөлік компьютердің қай елге тиістілігін немесе ондағы мəліметтің қай салаға қатыстылығын көрсетеді. Əріптердің жұбымен ел таңбаланады. Мысалы,
.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ca – Канада жəне т.б. Үш əріппен мəліметтің тиісті қызмет түрі белгіленеді. Мысалы, .com – коммерциялық, .edu – оқу-ағарту
саласына қатысты мəліметтер екенін білдіреді.
Қиғаш сызық араларында жазылатындар – каталогтар мен ішкі каталогтар,
ең соңында файл аты жазылады.
- timetable/0002.shtm – ізделінді файлдың сервердегі толық жолы (timetable –
каталог аты, 0002.shtm –файл аты).
Internet тек желі ғана емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі пішімта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны – World Wide Web (WWW-дүниежүзілік өрмек). Көбінесе оны қысқаша Web деп атайды. Web-тің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру жəне оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні –мəліметтер Web-беттер түрінде дайындалып, сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кəдімгі құжаттан айырмашылығы – оның жазылу пішімында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML (Hyper Text Markup Language-гипертекстік белгілеу) делінетін арнайы тіл пайдаланылады. Яғни Web-беттер серверде ерекше HTML пішімында сақталады. HTML-дің орындайтын жұмысы – құжат тақырыптарын, абзацтарды белгілеу, гипермəтінге белгілер орнату.
Web-бет – кішігірім мəтін не үлкен мəтіннің бір бөлігі. əдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, əр блок бір Web-бет ретінде қарастырылады. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін Web-беттерді мынадай түрде дайындау мүмкін:
- факультет атаулары, мамандықтар;
- кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мəліметтер;
- əр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.
Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі де енгізіліп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме мазмұнын
гипермəтін деп атайды. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web-бетті экранға шығару үшін сілтемеге меңзерді əкеліп, ол сұқ саусағы мəтінге бағытталған қол түріне айналған кезде, тышқан батырмасын басу керек.
Web-те бір тақырыпқа арналған Web-беттерді ретімен не оларды байланыстырып, тұтас көрсету де мүмкін. Оны Web-түйін деп атайды.
Web-түйін біртұтас ақпараттық бөлім болып табылатын, өзара
байланысқан web-беттер қорларынан тұратын жиынтық. Сондай аталған желіде файл күйінде сақтаулы құжаттармен алмасу үшін FTP (File Transfer Protocol) атты файлды тасымалдау хаттамасы пайдаланылады. FTP арқылы жүйелік файлды, сурет не мəтін күйіндегі файлдарды тасымалдауға болады.
Қазіргі кезде HTTP (Hypertext Transfer Protocol) атты тек мəтін не сурет күйіндегі мəліметтерді ғана емес, сондай-ақ дыбыстық жəне қысқа бейнефильм
күйіндегі мəліметтерді тасымалдауға арналған арнайы хаттама кең қолданылуда.

Электрондық пошта
Желілік байланыстың қазіргі кезде Электрондық пошта (E-mail) деген түрі кең қолданылуда. Мұнда əлемнің түкпір-түкпірімен электрондық хат арқылы байланысуға мүмкіндік бар.
Электрондық пошта – компьютер арқылы қашықтықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мəліметтер жіберу мен қабылдау бағдарламасы.

Электрондық пошта адресінің жалпы түрі Username@hostname бойынша беріледі. Мұндағы, Username - пайдаланушының аты, @ (ат)- электрондық адрес белгісі, hostname – поштаны абонентке жеткізіп беруші пошталық сервердің адресі. Мысалы, Outlook Express→OK. Кірістіру→Тіркеулік жазбалар→Пошта→Үстеу→Пошта→OK (Сервис→Учетные записи→Почта
→Добавить→почта→OK)

E-mail адресі оңнан солға қарай оқылады. Мұнда да құрамдас бөліктері бір-бірінен нүктемен ажыратылады. Оң жақтағы шеткі бөлік – жоғары деңгейлі домен деп, ал келесі бөлік – бірінші деңгейлі домен деп т.с.с. аталады. Мысалы, zhan@rambler.ru, zhan@mail.ru т.б.

Категория: Информатика | Добавил: Косжанов
Просмотров: 8552 | Загрузок: 1397 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.7/9
Всего комментариев: 1
1  
rahmet

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>