Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі - Информатика - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Информатика

Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі

Скачать реферат с сервера 05.10.2010, 16:20
загрузка...
Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі

Екі компьютерді бір-бірімен біріктірген кезде компьютерлік желі құралады. Жалпы жағдайда, компьютерлік желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамтамасыздандыру (желілік жабдықтар) және арнайы программалық қамтамасыздандыру (желілік программалық жабдықтар) қажет. Берілгендерді алмастыру үшін екі компьютерді жай ғана түрде біріктіру тікелей біріктіру деп аталады. Windows 98 операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын компьютерлерді тікелей біріктіру үшін не арнайы аппараттық, не программалық қамтамасыздандыру қажет етілмейді. Бұл жағдайда аппараттық жабдықтар ретінде енгізу/шығару стандартты порттары (тізбекті немесе паралельді), ал программалық қамтамасыздандыру ретінде операциялық жүйенің құрамында бар стандартты жабдық (Пуск-Программы-Стандартные-Связь-Прямое кабельное соединение) қолданылады.
Барлық компьютерлік желілердің бір қызметі бар – үйлесімді енуді жалпы ресурстарға қамтамасыздандыру. Ресурстар үш типті болады: аппараттық, программалық, ақпараттық.
Компьютерлік желілерде аппаратураларға, программаларға компьютерлік қажетті үйлесімділікті қамтамасыздандыру үшін протоколдар деп аталатын арнайы стандарттар әсер етеді. Олар желі компоненттеріне аппараттардың өзара әсерінің сипатын (аппараттық протоколдар) және программалар мен берілгендердің өзара әсерінің сипатын (протоколдарды қолдау программалары) анықтайды. Протоколдардың көмегімен орындалатын программаларды да протоколдар деп атайды.
Мысалға, егер екі компьютер бір-бірімен тікелей біріктірілген болса, онда олардың өзара әсер етуші протоколы физикалық порттың құрылғыларының сипатын (параллельді және тізбектелген) және механикалық компоненттерін (разъемдар, кабель және т.б.) анықтайды.
Сәйкесінше компьютерлік желіде қолданылатын протоколдарды жергілікті (LAN – Local Area Network) және глобальді (WAN – Wide Area Network) түрге бөлу қабылданған. Жергілікті желі компактілігімен ерекшеленеді, яғни ол бір ғимаратта, бір бөлмеде, этажда, ғимаратта компакті орналасқан компьютерлердің тобын біріктіреді. Глобальді желіден айырмашылығы жергілікті желі барлық қатысушылардың біртұтас комплект протоколдарын қолданады.
Жергілікті желіде бір проектімен жұмыс жасайтын қызметкерлер тобы жұмысшылар тобы деп аталады. Бір жергілікті желіде бірнеше жұмысшылар тобы жұмыс жасауы мүмкін. Жұмысшы тобындағы қатысушылардың желідегі жалпы ресурстарға енуінің әр түрлі құқықтары болуы мүмкін. Компьютерлік желіде қатысушылардың ажырату әдістерінің жиынтығы және құқықтарының шектелінуі желі саясаты деп аталады. Желілік саясатты басқару (олар бір желіде бірнешеу болуы мүмкін) желіні администраторлау деп аталады. Жергілікті желіде қатысушылардың жұмысын басқаруды ұйымдастыратын адам желі администраторы деп аталады.
Бөлек мекемелер немесе мекеменің бөлек бөлімдері үшін жергілікті желіні құру өзгеше. Егер мекеме (немесе сала) кең көлемді аймақты алатын болса, онда бөлек жергілікті желілер глобальді желілерге біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда жергілікті желілер бір-бірін байланыстардың кез-келген дәстүрлі каналдарының көмегімен (кабельдік, спутниктік және т.б.) өзара байланыстырады.
Әр түрлі протоколдар бойынша жұмыс жасайтын жергілікті желілерді байланыстыру үшін шлюз деп аталатын арнайы жабдық қолданылады. Шлюздер аппараттық түрде немесе программалық түрде болуы мүмкін. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үшін (басқа адамдардың желіге кіруі, құқығынсыз желінің шегінен шығуы) брандмауэр деп аталатын желілер арасындағы берілгендерді алмастыруға болмайтын арнайы компьютер немесе арнайы компьютерлік программа қолданылады.

Категория: Информатика | Добавил: Косжанов
Просмотров: 10540 | Загрузок: 1613 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 2.9/17
Всего комментариев: 5
5  
rahmet againdar

4  
1 бет реферат болама, мынауын не! Мына сайт унамайт вообще!

3  
рахмет !!! осыны издеп жургем

2  
Рахмет !!! коп коп реферат ушын осыны издеп журып едым !!!!!

1  
Беталды Жазганда нормальный рефераттар жазбайсындар ма?
Ответ: унамаса, озинизге озиниз жазы алыныз =)))

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>