Жинақтаушы зейнетақы қорлары - Курстық жұмыстар - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Курстық жұмыстар

Жинақтаушы зейнетақы қорлары

Скачать реферат с сервера 21.09.2010, 14:06
загрузка...
Ж О С П А Р

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.

1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.
3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн оқшауланған болады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi
1. Атқарушы органның бiрiншi басшысы мен оның орынбасарлары, бас бухгалтер мен оның орынбасарлары, филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi болып танылады.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға:
жоғары бiлiмi жоқ; өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар; бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды.
3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерінің кандидатурасы уәкiлеттi органмен оның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiп бойынша міндетті түрде келісілуге тиіс.
Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
1) келісім берілгенде негізге алынған меліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
3) оcы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.
4. Уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен беретін тиiстi бiлiктiлiк куәлiгi болған жағдайда ғана азаматтың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерi лауазымына ие болуға құқығы бар.
5. Уәкiлеттi органның келiсiмiн алғанға дейiн жеке тұлға үш айдан артық басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға құқылы емес.

3. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.
Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шарт жазбаша нысанда жасалады, шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Зейнетақы активтерiн басқаруға арналған шартқа мүлiктi сенiмдi басқару туралы шарттың ережелерi қолданылады.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның мiндеттерi мен қызметiн шектеу:
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым:
1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн ұдайы бағалап отыруға;
3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры мен уәкiлеттi органның алдында өз қызметi туралы ұдайы есеп берiп отыруға;
5) уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен өз қызметi туралы ақпарат жарияланып отыруға;
6) уәкiлеттi орган мен зейнетақы активтерiн басқару туралы шартпен белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) банктерден үш айдан асатын мерзiмге, өз капиталының мөлшерiнен аспайтын мөлшерде заем қаражатын тартуға;
3) ұйымдастырылған рыноктардағы мәмілелер мен зейнетақы активтерін басқаруға шарттарды қоспағанда, аффилиирлендірілген тұлғалармен зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау;
4) кез келген әдiстермен заемдар беруге;
5) зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн бағалы қағаздарды қайта сатып алу мiндеттемесi шартымен сатуға;
6) маржа бойынша кез келген бағалы қағаздарды сатып алуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорына тиесiлi емес бағалы қағаздарды сату ("қысқа сатулар") туралы шарттар жасасуға;
8) кез келген түрде, кепiлдер мен кепiлдiктер беруге, зейнетақы активтерiмен кепiлдiк мәмiлелер жасасуға;
9) зейнетақы активтерiнiң инвестициялары бойынша табыстарға кепiлдiгi немесе уәдесi бар ақпарат жариялауға;
10) Осы Заңның 58-бабында көзделген қызмет түрлерiн, сондай-ақ өзiнiң жеке мүддесi үшiн алған мүлiктердi сауда-саттыққа салуды және жалға берудi қоспағанда, өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыруы
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өз капиталын қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.
Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жауапкершiлiгi.
Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкімен жинақтаушы зейнетақы қоры алдында жауап береді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу:
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
3. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдар, егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аударылады.
Мiндетті зейнетақы жарналарының ставкасы.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиiстi мiндетті зейнетақы жарналары осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын, қызметкердiң ай сайынғы табысының он процентi мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте, мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгi мөлшерден аспауға тиiс.
Адвокаттар, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып белгiленеді.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары үшiн шаруа (фермер) қожалығы мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негiзiнде қолданатын жеке тұлғалар үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары бiржолғы талондар сатып алынатын әрбiр отыз күнге есептелетін, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген жалақының ең төменгі мөлшерiнiң он процентi мөлшерiнде белгіленедi.
Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеп шығарудың, ұстап қалудың (есептелуінің) және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы.
Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.
Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн жауапкершiлiк:
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.
Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың:
1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші-топтағы мүгедектердің;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу бес жасқа толған адамдардың;
2) мүгедектердің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері:
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың , сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
Аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру:
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.
Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті.

Қорытынды.
Қорыта айтқанда, жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
1) тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
2) зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
3) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.
3. алып тасталды
4. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегенi үшiн он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде бiржолы төлем жасайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін нысаналы орналастырылуына кастодиан-банктің бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов А., Ахметова Г. Еңбек құқығы. – Алматы. 2005

2. Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы, Қазақстан Республикасының заңы. –Алматы. 1998.

3. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы. – Алматы. 2002.

4. Заң газеті. 2007. 6 ақпан.

Категория: Курстық жұмыстар | Добавил: Косжанов
Просмотров: 7587 | Загрузок: 1128 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>