Главная » Файлы » Ұлы ОТАН соғысы

Қарапайым қаһарман ҚАТЫМ АҒА

Скачать реферат с сервера 22.08.2010, 01:37
загрузка...
Қарапайым қаһарман ҚАТЫМ АҒА

Жеңіс мерекесі жақындаған сайын әр шаңырақ сол қырғында қаза болған өз боздақтарын жоқтап, оның ерлік жолдары мен өнегелі істерін ойға оралтады. Бұл орынды да шығар. Өйткені, Ұлы Отан соғысы кеңес халқы үшін оңайға түскен жоқ. 18-ге толған азаматтың бәрі осы бір ғазауат қасіретке қатысты. Солардың біразы келді, көбі сол қанды соғыстан оралған жоқ. Ұлы жеңіс тек Кеңес одағының, болмаса, жау жолына әр боздағын аттандырған жекеленген отбасының ғана емес, күллі бейбітшілік тілейтін әр адамның жеңіс мен мерекесі. Сондықтан мұны тебіренбей еске алу мүмкін емес.

Осы орайда мен Отан қорғауға өз туыстарым, ағаларымның аттанғанын медет тұтамын, тебіреніспен еске аламын. Соның бірі туған ағам Ғұбаев (Құбаев) Қатым Жанғалиұлы.
Ол бұрынғы Теңіз ауданындағы Котяев селосынан бастауыш білім алып, Гурьевтегі (Атырау) Жамбыл атындағы орта мектепті тауысты. 1940 жылы облыс орталығында ашылған мұғалімдер институтының I курсын бітірген соң ОТАН қорғауға аттанған болатын. Әуелгіде Чкалов облысындағы Сорочин, кейін Тоцск селоларында кіші командирлер, кіші офицерлер курстарын бітіріп, ұрыстарға түсті. Содан соң жау ұясы Берлинге дейінгі жорық жолдарынан өтіп, талай ерліктер жасады, жеңімпаздар бөлімшелерін басқарды. 1946 жылдың ақпанында туған жерге оралды. Облыстық қаржы бөлімі, қалалық, облыстық партия комитеттеріне нұсқаушы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Майдан даласында талай қиын сәттер болды. Ұрыстардың ерлікке толы елеулі сәттері, еске түсірер енжар тұстары да кездескен. Бірақ “Жеңіс!” деген сөзді қаперден шығарып көрген жоқпыз. Оған тек майдангерлер ғана емес, тылдағы әр еңбеккер де үлес қосты. Сондықтан жауды жеңген мен деп төс қағудың еш орны жоқ деп отыратын ол сол бір жылдарды еске алып.
Ол рас, Қатым аға еш уақытта “мен істедім, мен тындырдым” деп елден бөлектенуді жақсы көрмейтін. Қайта ол “әр адам өз ісіне аса ұқыпты, алға қойған мақсатына жетпей қоймайтын, бұл жолда өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын болуы керек” дейтін.
Ол бұл дүниеден сол тұжырыммен кетті де. Қатым аға 1972 жылы Гурьев (Атырау) қаласында жүрек талмасынан дүние салды. Артында ұрпақтары, ағайындары қалды. Олар аға жетпеген мұраттар мен істерді одан әрі жалғастырып, жүзеге асыруда.

Ғазима ҒҰБАЕВА, Атырау қаласы

Категория: Ұлы ОТАН соғысы | Добавил: Аслан
Просмотров: 916 | Загрузок: 207 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>