Главная » Файлы » Ұлы ОТАН соғысы

Майданда дәрігер болып, Магаданда он жыл отырған - Сисен Аязбаев

Скачать реферат с сервера 22.08.2010, 01:37
загрузка...
Майданда дәрігер болып, Магаданда он жыл отырған - Сисен Аязбаев

1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыста әр жанұяның көрген қорлығы мен тартқан азабы аз емес еді. Көзден жас емес, қан жылатқан қаһарлы жылдары қырғын адам ажалын аштықтан да, соғыстан да тапты. Ал ендігілері елге аман-сау оралысымен, бізге беймәлім себептермен тұтқынға алынып жатты. Сондай мысалдардың біріне 1920 жылы Бақсай ауданы, Яманка поселкесі, Кондаур ауылы, Сталин колхозында дүниеге келген Сисен Аязбаевтың өмірінен қысқаша үзінді келтіруге болады.

Аязбаев Сисен Мұхамбетұлы Жаппас руының Қаракөз бөлімінен шыққан. Оның ұрпақтары бүгінде сол кісі туралы білетін жандар болса өздеріне хабарласуларын сұрайды (байланыс телефондары: 28-23-25; 27-07-80). Өйткені, олар аталары жайлы көп жайттан хабарсыз көрінеді.

Сисен 1937-1938 жылдары Орал қаласындағы дәрігерлік техникумда оқыған. Ондағы оқуын тәмамдағаннан кейін Прибалтика еліндегі әскери училищеде оқып, сол жерден соғысқа аттанған. Онда 48-ші атқыштар полкінде әкери ант қабылдаған. Майданда дәрігер болған екен. Ұл-қыздарының айтуына қарағанда, 1946 жылы елге қайтып оралғанда, бұрынғы Гурьев, қазіргі Атыраудағы облыстық денсаулық сақтау бөлімінде қызмет атқарған. 1974 жылы Сисен Аязбаевтың басқару қызметінің арқасында қазіргі медициналық колледж ашылған екен.

Бірде 1948 жылдың қысында ұстаз жұмыстан қайтпай қалады. Үйдегілер Сисен келген соң тамақ ішерміз деп күтіп отырғанда, қараңғы түсіп, ішке үш кісі кіріп келеді. Олар “Ешқайсысың орныңнан қозғалмаңдар” деп, үйдің астан-кестеңін шығарып қопарады. Чемоданның ішінен бір бума фотокәртішкілерді алып, “Вот, что нам нужно” деп кетіп қалған. Ал Сисенді жұмысынан алып кеткен. Сол кеткеннен мол кеткен Сисен Аязбаев Магадандағы түрмеде 10 жыл отырып келген. Ол жақта да сауаттылығының арқасында әр түрлі қызметтер атқарып, жазба жұмыстармен айналысқан. Кейін ақталған.

“УралКаспРыбПром” испекциясына инспектор, іс-қағаздарын басқарушы қызметтерін атқарған

Жазған Айнұр Сапарова / Ақ Жайық газеті

Категория: Ұлы ОТАН соғысы | Добавил: Аслан
Просмотров: 1461 | Загрузок: 225 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>