Главная » Файлы » Ұлы ОТАН соғысы

Талайды кетті соғыс шақыртып...

Скачать реферат с сервера 22.08.2010, 01:46
загрузка...
Талайды кетті соғыс шақыртып...

Соғыс... Неткен үрейлі сөз еді... Талай боздақтар тағдыр басқаосыны салған соң, амал жоқ, батыстан тұтанған қызыл өрттің ішіне кете барды. Солардың бірі Мұханбет Құсайынов болатын. Балық комбинатында жұмыс жасап жүрген жерінен соғысқа аттанып кеткен. Бұл кісінің өзі маған Қайын ата болатын. Өзін көре алмадым. Енем марқұм атам туралы: “Өте еңбекқор адам болып еді” деп айтып отыратын. Қолы шебер болған көрінеді. Майданға кетерде бір саусақ қолғап тоқып, ас ішетін ыдыс жасап алыпты.

Атам сол кеткеннен мол кеткен. Соғыс басталған жылы аттанған ол 1945 жылы, Жеңіске үш айдан сәл астам уақыт қалғанда жаудың қаңғыған оғы тиіп қаза болды. Ең соңғы хатын өзі қаза болатын күні, 23 қаңтарда жазыпты. “Ертең шабуылға шығамыз, аман болсақ хабарласармын” депті. Осы хат күні кешеге дейін үйде сақтаулы тұрды. Конверттің жиегінде “смерт немецким оккупантам” деген жазуы бар. Қарақағазда: “Құсайынов Мұханбет, 1907 жылы туған. Прибалтика майданында, Латвияда 1945 жылы қаза тапқан. Латвия ССР-і, Межайный бейітіне жерленген” делінген. “Боздақтар” кітабының II томы, 101-ші бетінде де осылай жазылған. Енем қайтқанға дейін ол кісінің кобдиында жатқан атамның хаттары мен қарақағазды және еңбек кітапшасын жуырда облыстық мұрағатқа табыс еттім. Менің қосағымның бір арманы соғыста шаһит болған әкесінің басына барып, туған жердің бір уыс топырағын апару және әке басынан топырақ әкелі еді. Бірақ, ол арманына жете алмай 1987 жылы қайтыс болыпты.
Өзім көрмесем де, соғыста біздің болашағымыз үшін мерт болған асыл атамның аруағына әркез басымды иіп жүремін.

Алма Салықова,
Зейнеткер-ұстаз,
Атырау қаласы, Балықшы поселкесі

Категория: Ұлы ОТАН соғысы | Добавил: Аслан
Просмотров: 1889 | Загрузок: 306 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>