Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты - Ән, өнер - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ән, өнер

Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты

Скачать реферат с сервера 12.09.2010, 18:17
загрузка...
Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………......3

І бөлім Қарқаралының марқасқасы –Мәди.…………..........................................6

1.1 Мәди Бәпиұлының өмірбаяны ..............................................................6
1.1.1 Мәдидің көркем бейнесі...................................................................12
1.2 Мәди жайлы айтылған деректер..........................................................14

ІІ бөлім Арқа ән мектебіндегі Мәди шығармашылығының сипаты.................22

2.1 Арқа дәстүрлі ән мектебі жайлы жалпы мағлұмат…………............22
2.2 Сал -серілер ізбасары…………………….......……….........................30

Қорытынды............................................................................................................43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………....……………………....…44

Қосымшалар………………………………………………………………...…....45

Ақан сері әндерінің тақырыбы көп қырлы және сан алуан, поэтикасы халықтың дәстүрлі поэзиясымен үндес, әуеніне әуезділік, ырғақтық-интонациялық байлық, ішкі қайырым үйлесімділігі, лирикалық нәзіктік тән. Әнші-композитор туындыларының сипаты образды-поэтикалық көркемдігімен, әсерлігімен халықтың дәстүрлі өнерінен өзек алған тамырластығымен дараланады [12; 5-7 б.].
Белгілі әнші, композитор, ақын Естай бабамыздың шығыармашылық өміріне тоқталатын болсақ- Естай әннің екі алыбын көрген. Біржан салдың қасында бір жылдай еріп жүреді. 1889 жылы сондай-ақ Ақан серіге шәкірт болады. 1893 жылы екеуінен тікелей ән үйренеді. Бұл жағдай Естай үшін үлкен бақыт болады. Естайдың Біржан мен Ақанды көруі, бірге болуы, олардың орындауын есітуі, әндерін үйренуі үлкен мектеп болады. Ол мектеп Естайдың ән шығару әдісіне әсер етті. Байқаған кісіге Естай әндерінде Біржанның да, Ақанның да әуендері сезіледі: шалқыған кең тыныс, шумақтық өлеңнің схемасынан әнде «шыға жайылу», кеудеден кем соқпайтын, аса дамыған қайырмалар, сөз мәні мен ән мазмұнының қабысып жатуы, азаматтық лирика, демократиялық арқау тағы тағылар «ағаларының» дәстүрінен көшкен деуге болады.
Естайдың Қорланы –жәй шумақтық ән емес, өзі жатқан бір ірі романс келіп шығады. Әннің қайырмасының өзі жәй түсініктегі «қайырма» деп айтылады. «Қорлан» Естайдың басқа кейбір әндері сияқты қоңыр дауыстан, домбыра тілімен айтсақ бас пернеден басталады. Жүрегіңді қозғайтын жылы әуен салған жерден тыңдаушы еркін билеп кетеді. Бірақ сол бір қоңыр үн сызылып, баяу басталған музыкалық «сөйлемдердің» өзі жәй көрінгенмен, дауыл алдындағы кенет басылған желдей, ішінде тұнып тұрған күш, эмоция бар екендігі сезіледі. Ән осындай жайда «қашан дауыл бұрқетер екен» дегендей тыңдаушыны күттіреді. Созылған байыпты бастапқы шумақтың әуені саспай жүріп отырады. Осыдан кейін қайырма басталғанда әннің екпіні де өзгере бастап, үні де қатайып, дыбыс та баспалдақтап, жоғары тырмысып, шығарманың шыңына жақындап келе жатқаны білінеді. Ал шыңға шыға сала кейін қайтпай сол жерде әнші біраз тоқтап қалады. Тек: «Іздесем Қорлан...» деген сөздердің тұсында ғана дыбыс төмен жылжи бастайды. Біздің «Қорланның» қайырасы жәй түсініктегі қайырма емес дейтініміз де осы.
Естай осы бір шығармасымен ән шығарудың классиктерінің қатарына бір-ақ секіріп шықты деуге болады. Өйткені, «Қорлан» байырғы түсініктегі әннің құрылысынан өзгеше. Музыкалық мазмұнының тереңде, тілінің аса өткірлігін былай қойғанда, « Қорлан» түр жағынан айта қалғандай мүсінді, сымға тартқандай әсем, ал басталғаннан кейін дамуы, өсуі де композиторлық қағиданы оқығандай заңды. «Қорлан» - Естай шығармаларының шыңы, жүрегі десе қателеспейміз. Әңгіме әннің қай кезінде шыққанында емес, қалай шыққанында. Сондықтан композитордың жас, тәжірибесі әлі байымаған кезінде жарық көрсе де, «Қорлан» шынайы, үлкен жүректен шыққан рухани перзент.
Композитордың келесі бір әні «Бір мысқал» «Қорланнан» солғынырақ. Шығарманың кеудесі созылған мелодия емес, речитативке, жыр мазмұнына жақын, ырғақ- өлшеуі біріңғай екпіні орташа мелодия баспалдақтап, аса адымдамай, аттамай жүріп отырады. Сонымен қатар әуеннің құбылу жақтары да сараң. Мелодиялық байлық кіріспеде. Онда әдемі, сазды, өте жылы, іштегі ойдың толқынындай жүріс бар. Кіріспенің музыкалық негізі айтарлықтай бай, дыбыс көлемі де шалқыған кең (ундецима), мелодия өрлеумен атып көтеріледі, екінші рет қана төмен қарай беттегенде, Естайға тән саспай, жүгірмей, байыпты қадаммен бастағандағы негізгі дыбысқа келіп, соны бірнеше орап, дыбыстан түйіндер түйіп барып бітеді. Әннің кеудесінің созылмалы мелодия болмай, речитативпен келуі: Қорланның сипатын баяндағанда музыканы екінші жоспарға қойып, әдемі поэзиялық сөздерді түгел жеткізгісі келгеннен болу керек.
Атақты әнші, ақын, композитор Жаяу Мұсаның шығармашылығындағы қазақтарға тән емес күлкі, жеңілдік кезеңдер де орын алады. Оның жеңіл, басқаша айтқанда көңіл көтеретін мелодиялары бірыңғай ширектік өлшеуге сыйып отырады, солай аяғына дейін өзгермей, «Гитарға лайықты» сүйемел керек еткендей және биге шақырып тұрғандай болады. Біразды көрген Мұсаға мазурканың ырғағы белгілі болса керек, -дейді А.Затаевич «Қазақтың мың әні».
Мұсаның «Ақ сисасы» бұрын –соңды қазақтың халықтық музыкасында болмаған үлгі. Басталғаннан күшті, серпінді, дауыстың жоғарғы регистрінен алып кеткен дыбыс, сол сатыдан түспей, өршеленіп, екіленіп, автордың рухани күшінің анау – мынау «белдеу күштен» басым екендігін сездіреді. Сол екпінмен, сол жігермен ән аяғына дейін барады. Қайырмасының өзі де «Гәгәги, гәук-ки» деп, сөзсіз келсе де, ашу кейіс дыбысындай қышырланып, үдей түсіп, тек аяғында «айтарымды аттым!» деп, көңілі тынғандай жайдары кейіпке көшіп, құйқылжып барып бітеді.
«ГауҺар қыз» шығармасы Мұсаның әндерінің ішіндегі ірісінің бірі. Бұл әнде сөзсіз, Біржан, Ақанның әсері бар. Мұса өзінің шығармасында өз тұсындағы халық композиторларынан ерекше, жан жақтырақ болды. Ол қалаларда оқып, кейін тағы жақын-алыс ел аралап, музыкалық сөздігіне басқа елдердің интонациясын қосқаны рас. Әсіресе, оның гармонь, скрипка тартуы бұл жағынан әсер етпей қойған жоқ. Мұса дүниге «Гауһар қыз» сияқты ән шедеврін берді. «Гауһар қыз» - азаматтық лирикаға толы, аса жұмсақ, басталуының өзі тыңдаған адамды ұйытып алып кетеді. Өлеңнің екінші жолынан бастап ән шырқап жоғары көтерілгенде, Абай айтқандай «Бақырған құр айқай» болмай өте жұмсақ сызыла көтеріледі.
Халық арасында көп тараған әннің бірі – «Құлбай». Бұл әнде Мұсаның кейбір шығармаларындағыдай қалжың, мысқыл бар. Әсіресе қайырмасында Мұсаға тән құйқылжытып, өршелендіріп келіп: «Құлбай бай, Құлбай бай! әнім менің красивай! Қыпшақски жәрмеңке –ай!» деп кеткен жерінде Құлбайдың руын айтып өзінің бұл жүрісінің қалың Қыпшақ ішінде жәрмеңкедей екенін суреттейді. Мұсаның «Құлбай» дәстүрінде шығарылған әннің бірі – «Шолпан». Ән көңілді, кейбіреулер айтатын жеңілдіктен аулақ, жаратылыс сұлуына қызыққан адамның көңіл ырғағын бергендей кесек туынды. Сырт жағынан осы «Құлбай», «Шолпан» әндеріне ұқсайтын Мұсаның әнінің бірі «Тұрымтай». Бірақ ол бұлардан көрі байырақ. Соған қарағанда автордың музыка шығаруда, орындаушылықта, бірқатар тәжірибесі молайып, қорланып қалған кезінде шығарғанға ұқсайды. «Тұрымтайдың» аспапқа арналып марш болып кете баруы да оның музыкалық тынысының кеңірек болуынан да шығар дейміз. Басталуы осы әндерге жақын боғанымен «Тұрымтайда» азда болса даму, құрылыс жағынан толыға, өсе түсуі бар.
Жаяу Мұса музыкалық шығармашылық жағынан аса бай, жан-жақты адам болды. Ол бір жағынан Біржан, Ақан дәстүрінде шығарса, екінші жағынан қала музыкасының рухында әндер шығарды. Соның бәрінде де оның туындылары басынан аяғына шейін шынайы қазақ музыкасы болып қалды [13; 138-248].
Сұңқарша саңқылдаған –Үкілі Ыбырай ән мен жырдың көгінде шарықтап самғаған саңлақ атамекен табиғатын, сұлу жаратылысын, ән сазымен аққудың саңқылын,қаздың қаңқылын, шағаланың шаңқылын, тас бұлақтың сылдырап аққанын, айдын көлдің толқығанын, өз басының көңіл-күй құбылыстарын, ішкі жан сарайын, ой-сезім әлемін, интеллектуалдық болмысын, көркемдік эстетикалық дүниетанымын, замана шындығын әрі нәзік,әрі әрі терең суреттеген.Өлең жырларының нәзік кестесі,өрнек нақышы,музыкалық құбылыстарға бай. Саз-келісім жағынан алғанда, жігерлі,ойнақы,бұрқыраған қуатқа толы яки жұмсақтығы жібектей әсем әуенді, қоңыр үнді, терең сезімге құрылған я болмаса салтанатты шадыман.
Айтулы әнші- ақын сыршылдыққа,нәзік иірімдерге толы өлеңдермен қатар, өмір, дүние турасында философиялық шынайы толғаныстарға құрылған әндері де көп.
Айтыс ақыны, композитор, әнші,сырнайшы,жонглерлік-клоундық өнердің де иесі- Шашубай Қошқарбайұлы шығармашылық өнеріндегі «Ақ қайың» деген бейнелі ұғым қазақ сахарасының көркем келбетін, сән-сәулетін, шексіз кеңістігін,өнерпаздық болмысын, тұрмыс- тіршілік толқындарын бейнелейді.
Күн нұрына жайқалып өскен, соншалықты музыкалық және поэзиялық сырлары мен қасиеттері терең, қиял, көңіл құстарын шартарапқа таратқан қанатты образ ақынның жан дүниесінің ішкі иірімдерін, өлеңге өнерге деген махаббатын жайып салады [14; 27 б.].

2.2 Сал-серілер ізбасары

Міне осындай Сарыарқада саф өнердің туын тіккен, оны асқақтата жоғары ұстай білген жұлдыз шоғырындай топ Мәдидің рухани ұстаздары, өнер мектебі болды. Адамның ішкі сырын тамыршыдай тап басып тани білетін Мәди жоғарыда аттары аталған өнер иелерінің қай-қайсының болмасын шығармашылық ерекшеліктерін, әндерінде айтылған ішкі ой иірімдерін аңдай алды. Сол себепті де көкірегіндегі саңылаудан өнер сәулесі ерте түскен бала Мәди оны саралай алды және өзі де сол бағытта батыл қадамға барды. Онысы сәтті шықты да.
Мәди біраз уақыттан кейін қазақ өнеріндегі жарқын тұлғалардың бірі – ақын, әнші –копозитор болып қалыптасты.

Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досымнан дұшпаным көп қылған өсек.
Дұшпаннның қуғындаған жаласынан
Жатқаным қу қара жер болып төсек,-
деп келетін, Мәдидің қуғын-сүргінде жүргенде шығарған «Қаракесек», сондай-ақ «Үш қара», «Мәди», «Шіркін-ай» әндерінің мазмұн-мағынасы автордың ойын анық суреттейді. Бұл тұрғыдан Мәди шығармалары музыкалық жағынан Жаяу Мұсаның, Сарының, Тәукенің, Иманжүсіптің туындыларымен сабақтасып жатады.
Мәдидің музыкалық шығармалары саны жағынан шамалы болғанымен, әлеуметтік мәні терең.Сондықтан да жұрт оларды сүйіп айтып, құмарта тыңдайды. Әрқайсысы дәуір ағымына, замана оқиғасына байланысты таптық қайшылықтан келіп туған қиянат пен зәбірлікке қарсы айтылған лағынет іспеттес. Халық әншісінің қайсы әнінде де сол күрес, тартыстың, жан ашуының ізі ашық сезіліп,қайрат қаһарына мінген жігерлі үні естілсе, енді бірде мұң мен шердің көңілсіз елестері көз алдыңа келеді.
Халық өнерпазының «жасымнан аяғымды тарта баспай, кетті ғой Қақабайға тізем өтіп»,немесе «Ағамыз Қақабайдың арқасында, алдық қой бұл түрмеден жақсы қоныс» дейтін жолдары жай, ұйқас үшін айтыла салмаған. Мәдидің күрес объектісінің өзі осы Қақабайдан басталады.Сондай-ақ Мәдидің қудалауға түсуіндегі басты себепшінің өзі Қақабай Алшынбаев еді. Ақынның «Қақабай Бәпименен бір туысқан, екеуі өле-өлгенше кек қуысқан» деп әнге қосуының сыры да осында.
Мәди –халық әнші композиторларының ішінде өзіндік ерекшелігі бар өнерпаз. Әндеріндегі бүлікшіл сипат, өр мінезді әуен-әнші шығармашылығына тән қасиеттердің бірі.
Оның туындыларында тап қайшылықтары терең жырланып, өмір сүрген ортаның озбыр заңына қарсы қойылған наразылық сарыны анық білінеді.
Бәпиұлының әндері қазақтың тұңғыш өмірге келген операларына өзек-арқау болса, одан артық қандай бақыт бар.Композитордың «Қаракесегі» Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсының бірінші актісіндегі Тарғын батырдың халық қамын ойлап тұрған кезеңін суреттейді. Әннің қайтпас қайсар сипатта келетін әуендік, интонациялық сыр-сипаты батырды толғандыратын сезім үнімен тереңінен мұңдасып жатады. Ал, «Қыз Жібектегі» Бекежанның Төлегенді өлтіріп,жеңіске жеткен кейпін білдіретін көңілді күйі әншінің «Мәди» деп аталатын әнімен берілген.Аса көңілді сазбен келетін ән Мәдидің бостандыққа шыққан сәтін кескіндейді.

Міндім де Қаракөкке жылыстадым,
Бардым да Қараөткелге пұл ұстадым.
Науқасым жанға батып жатқанымда,
Болмады жан ашитын туысқаным,-

деп, өлеңінің соңғы жолын қайтара көтеріп, өзінің қапаста жатса да қайрылмас, мойымас күшін көрсеткендей болады.

Әндер талдауы

Өлең мәтінін шолғанда, ғасырлар бойы қанға сіңген ұлттық болмысты танып, ақынның тек өлең шығарушы ғана емес, бір бойына шешендік, көркемдік сипаттарды жинақтаған тұлға екенін көруге болады.
Қаракесек. Мәди әндері мұң мен шерге құрылған, арман мен үмітке толы лирикаласымен ерекшеленеді. Мәдидің шығармашылығында халық кәсіби әні бұрын соңды кездеспеген сезімдермен, ынта құштарлықпен байытылады. Әндері сол заманда сай әлеуметтік қайшылықтарға, шындық пен ақиқатты ұран етіп бай манаптарға қарсы шыққандығын сипаттайды.
Драмалық мазмұнын көрсету үшін дарын Мәди қалыптасқан дәстүрлі ән жанрына көңіл аударған. Шығарған әндерінде күтпеген композициялық жаңалықтарды байқауға болады. Осы жағынан халыққа кеңінен танымал «Қаракесек» әні қызығушылық тудырады. Музыкалық тілі және композиция жағынан бұл ән өте күрделі. Үлкен диапазонды және виртуозды вокалды шеберлікті талап ететін ән орындаушылыққа қиындықтар туғызады.
Мәдидің «Қаракесегі» өзін–өзі таныстыру тақырыбында «Автопортрет» әндеріне жатады. Әдетте ақын сахнаға шыққанда, ең алдымен өзін таныстырып өтеді, бұл жөнінде ғалым С.А.Елеманова «Қазақтың дәстүрлі ән өнері» деген еңбегінде: «Ақын әндерін орындау алдында өзінің есімін, шыққан тегінің мәнездемесін және ұлағатты ұстазын атайды. Айтыстың ең алғашқы шарттарының бірі – өз тегін мақтап қарсылас ақынның тегін төмендете түсу. ... «Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын, Болсамда үйде кедей, түзде баймын», «Атандым Ғазиз ақын бала жастан, Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан», «Арғынмын, атым Әсет арындаған»... – деп басталып өзін және шығу тегін халыққа таныту мақсатымен дүниеге келген «автопортрет» әндер дүлдүл әнші композитордың шығармашылығында өзіндік болмысымен ерекшеленеді» деген пікір айтады [ 15; 76 б.]. «Автопортрет» әндері бірқатар кәсіби халық әнші композиторлардың шығармашылығында кездеседі. Мысалы, Біржанның «Біржан салы», Ғазиздың «Ғазиз ақыны», Шашубайдың «Ақ қайыңы», Майраның «Майрасы», Әсеттің «Кысметі» өзін–өзі таныстыру тақырыбында шығарылған.
Бұл «Қаракесек» әнінің ерекше құрылысын, даму кезеңдерін аса заңдылығын, композиция жағынан айта қалғандай мүсінділігін, мазмұнында лирикамен қатар терең драма жатқанын қарастырайық. Дауыстың ең төменгі регистрінде төмен жылжып басталатын әуен бұрын-соңды қазақ әндерінде сирек кездесетін жүріс.

Тек Иманжүсіптің «Сары Арқасында» ғана осыған ұқсайтын бастау бар. Бірақ онда төмен бастап, жоғары көтеріліп, кейін қайтады:

Ал мынада төмен қарай бағытталған әуен әр жолдың басында бекітіледі:

Ол, шығару кезеңіндегі автордың ауыр халде болуының әсері болу керек. Әсіресе өлеңнің үшінші жолы басталарда екі рет төмен қарай жүретін айтыла-айтыла мәні кеткен қапастың ауыр суретін келтіреді. Одан әрі шырқап, көтеріліп, кульминацияға жетіп драмалық жәйді жеріне жеткізіп, кейін баяғы бастаған дыбыстарға қайтып келеді:
Әрі қарай аса салмақты, қайғылы үндер арқылы, баспалдақтап төмендеп барып бітеді:

Мұндай бастау «автопортрет» әндерде негізінде кездеспейтін құбылыс, бұл әндердің генезисі ақынның халықпен қатынасы. Бұл әнде ақындық әуендік формуласы (АӘФ) бар, бірақ ол шығарманың ортасында берілген. Әннің үшінші жолының үшінші бунақтын алдында бірден децима аралығындағы секіріс арқылы әуен бөлінеді. Содан соң ол жоғарғы дыбыстың айналмалы иірімдері мен толықтырылып, төмен қарай жылжиды:

Төртінші жолдың екінші жол әуенін қайталанунан кейін баспалдақтап қайырма одағай сөз арқылы ең төменгі дыбысына келіп тоқтайды. Тағы да ең жоғарғы дыбысқа «Ахау» сөзіне секіріс берілген. Төменгі тоника дыбысына келгенше әуен, алдында айтылған секірістен кейінгі жүріс қайталанады:

Әннің ақындық әуенді формуласының семантикасы күрделендірілген және байытылған. Бұл жерде ақындық әуенді формула – ақынның тұлғалық қасиетін айқындайтын іштегі шексіз күрестің қорытындысы.
Әннің мазмұны – қайғы мен қасіретті жеңіп шығу. Әуенде шарасыздық көрсетілген сайын, бостандыққа деген ұмтылыс өте күшті құщтарлықпен дами келе, бұл әннің трагедия–философиялық сипатын көрсетеді.
Бұл ойдың, әннің бірінші тармағынан–ақ іске асқаны байқалады: төменгі тоникадан кейінгі каденциялық айналымнан соң, әуен жоғарыға дами келе, үшінші сатының мажорлық үшдыбыстығын сайып келе жетінші басқышқа жетеді. Мажорлық интонациясы сыңсу жанрымен байланысты:

Мұндай жүріс арқылы халық дәстүрлі әнімен жақындығынан сағыныш сезімі сипатталады.
Өлең құрылысы 11 буынды қара өлең негізінде құрылған
Ән құрылысы:
- Шумақты-қайырмалы: 2 шумақ 4 жолдан, ал қайырмасы одағай сөздермен әндетіледі. Арқа дәстүрінің кең диапозонды, сал – серілердің жалғастығын тапқан, ақындық әуен иіріміне толы, нұсқалы түрде қайталанған жарты шумақ.
Композициялық құрылым:
Кіріспе - домбыра сүйемелі.
Шумағы: а (3+3+4)
в (3+4+4) домбыра сүйемелі.
с (3+4+4)
в (3+4+4) домбыра сүйемелі.
2-ші, 4- ші жолдар әуені ұқсас қайталанады.
Қайырмасының әуені шумақ әуенінің үшінші және төртінші тармақтарының соңғы бунақтарының қайталануы. Бірақ, аздаған өзгерістер кездеседі және де төменгі тоникамен аяқталады.
Дәстүрлі әндердің басында жиі кездесетін диапазонның ең жоғары дыбысы Елеманова С. атауы бойынша АӘФ бұл әнде үшінші тармақтың ортасында болуын - Мәди ақынның жаңашылдығы деп есептеуге болады. Атап өтерліктей қызықты жағдай - бұл АӘФ екінші рет әннің аяғында қайталанып бекітіледі. Бұл әндегі ақындық өнерге тән ерекше белгі.
Арқа дәстүріне тән сипатты тағы бір Мәдидың жарқын ән – «Үшқара».
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта-
деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, сөз асылы, ой асылы Мәдидің түрме қапасында көктен саулаған нұрдай буырқанып туған ән өлеңдерінде меруерттей мөлдіреп тұнып тұр. Қудан ұшқыр, құнаннан жүйрік нәзік жанды ақынның «Үшқарасын» Ілия Жақанов «Әр сөзі сай сүйекті сырқыратады, әр сөзінде қуат, салмақ, уыт, зіл, мейірім нұры бар» деп ағынан жарыла толғанады [ 16; 97 б.]. Әрбір сөзі шоқтай қызулы, толқынды, ағынды. Музыкалық поэзиялық қасиеттері бір-бірімен шебер орайласып, өзгеше көркемдік сұлулыққа ие. Сұлулықтың көрмесіндей, дүлдүлдердің шабысындай, ғасырлардың дауысындай, ой мен сезімнің телегейіндей, сөз миуасының гүл бақшасындай! Бұл бір ағыл-тегіл сыр! Бұл-тағдыр! Бұл-құдірет! Бұл-гауһар! Бұл - өткінші мәңгіліктің тайталасы!
Өлең құрылысы 11 буынды қара өлең негізінде құрылған
Әннің құрылысы:
- Шумақты-қайырмалы: 10 шумақ 4 жолдан, ал қайырмасы одағай сөздермен әндетіледі.
- Шумағы: Арқа дәстүрінің кең диапозонды, сал – серілердің жалғастығын тапқан, ақындық әуен иіріміне толы, нұсқалы түрде қайталанған жарты шумақ.
Композициялық құрылым:
Кіріспе - домбыра сүйемелі
Шумағы: а (3+4+4+3)
в (4+4) домбыра сүйемелі.
a (3+4+4+3)
в1 (4+4) домбыра сүйемелі.
1-ші, 3- ші жолдар әуені ұқсас қайталанады.
Ән композициялық құрылысына қарай – шумақты, 11 буынды қара өлең асинхронды түрде дамиды. Ән әуені жоғары баспалдақтап көтеріліп басталады. Бұл АӘФ-ның бір түрі. Жоғарғы тоника дыбысына келіп тоқтамай, әрі қарай бүкіл әуенде бір демде орындап шығады. Жоғарғы тоника бекітілмегеннің әсерінен, төменгі тоникаға дейін келесі жолдың бірінші бунағын қамтиды:

Әннің келбетінде табиғи минорлық әуен басым. Әннің 2–ші жолының соңғы екі бунағы V сатыға қарай бағытталады. Осы жерде ән дамуының бірінші толқыны аяқталады:

Келесі екі жолдың бастапқы бунақтары қайталанып, ал соңғылары сәл өзгертіледі: бір қалыпты ырғақпен III сатымен аяқталады:

Кідіріс жасамай, қайырма әуен иірімдерінде одағай сөздермен әндетіледі. Қайырмасы өзіндік әуеннен құрылған, жеке ән бола алады. Одағай сөздер 5 буынды тармақтармен әндетіледі. Әр буын өзіндік әуенімен дамиды:


Қайырманың композициялық құрылымы:
а (5) домбыра сүйемелі
в (6)
с (5)
а 1(5)домбыра сүйемелі
Қайырманың 1, 2, 4 тармақтарының әуені төменгі тоника дыбысынан жоғары қарай жылжып, кері қарай қайтады.
Осындай ерекшелігімен Мәди дараланып тұрады.

Ақынның туған жерін мадақтайтын, сағыныш сезімін білдіретін – «Қарқаралы» туындысы.

Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Саяңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы –

деп Қарқарлы әні басталады. ән домбыраның басындағы бірнеше пернелердің бойында басталады. Көлемі кішкене болғанымен, әсері айта қалғандай. Әнде бір зар бар сияқты.
Бұл ән кәсіби денгейдегі шығарма, себебі біріншіден бұл әннің музыкасы және мазмұны бойынша авторлық қолтанба білінеді. Мазмұны - туған жерді мадақтау.
Өлең құрылысы: 11 буынды қара өлең негізінде құрылған
Ән құрылысы:
- Шумақты-қайырмалы: 4 шумақ 4 жолдан, қайырма ретінде мұнда «Ау» одағай сөз арқылы ән диапазонының жоғарғы регистрінде әндетіледі және баспалдақтап, асықпай төмендейді. Қайырмасы өзіндік жеке әуеннен құрылған, және екі шумақтан кейін бірақ орындалады. Көлемі жағынан басқа шығармаларының қайырмасына қарағанда, кішігірім. Ән арқа дәстүрін жалғастырып кең диапозонды, ақындық әуен иірімдерге толы:

Композициялық құрылым:
Кіріспе - домбыра сүйемелі.
Композициялық құрылымы:
Шумағы: а (3+3+4+ау)
в (3+4+ау+4+ау) домбыра сүйемелі.
а (3+4+4+ау)
в (3+4+ау+4+ау) домбыра сүйемелі.
1-ші, 3-ші және 2-ші, 4- ші жолдар әуені қайталанып, осыдан әннің тармақтық құрылымына жатады:

Қайырмасы екі мотивтен тұрады: а – «Ау» дыбысының әндетілуі арқылы жүреді, в – 4-ші жолдың соңғы бунағының қайталануы.
Әуендік ерекшелігі : Әнде ақындық бастау иірімінің жаңа түрі қайырмасында. Ақынның шығарылған уақыттағы халі осы әннің шағын қайырмасына сыйып кетеді. Мажорлы терция көлемінде толқын іспетті қозғалу пентатоника дыбыс қатарымен III басқышқа түседі:

Шумақтын соңғы бунағының әуені мен сөзінің қайталануымен ән төменгі тоникамен аяқталады. Диапазоны бір октава шегінде орындалады.
Мәдидің келесі «Шіркін-ай» әні қазіргі таңда Қазақ радиосының қорында сақталған. Өкінішке орай, әлі күнге дейін ән нотасы басылып шықпаған. Сондықтан да, музыка зерттеушілерінің назарына ілікпеген. Ақынның бұл «Шіркін-ай» әні де «Қаракесек» секілді халыққа кеңінен танылған. Әрине, бұл туынды композиторлың өзіндік ақындық стилінің ерекшелігінің тағы бір дәлелі болып табылады. Бұл шығарма халықтық-кәсіби ән мұрасының тағы да бір асыл дүниеге байығанын көрсетеді.
«Шіркін-ай» әнін Мәди қапастан босап шығып, еліне келіп, бір сәтте болса туған жерінің ауасымен тыныстағанына қуанып, сол халде тұрып шығарды.

Өлең құрылысы 11 буынды қара өлең негізінде құрылған
Әннің құрылысы:
- Шумақты-қайырмалы: 2 шумақ 4 жолдан, ал қайырмасы «оу» деген одағай сөзбен әндетіледі. Қайырмасы көлемі жағынан кішігірім және автордың ән шығу сәтіндегі халі «Шіркін-ай!» сөзімен беріледі:

- Шумағы: Арқа дәстүрінің кең диапозонды, сал – серілердің жалғастығын тапқан, ақындық әуен иіріміне толы әсем ән.
Композициялық құрылым:
Кіріспе - домбыра сүйемелі
Шумағы: а (3+4+4 )
в (3+4+4+ау) домбыра сүйемелі.
a (3+ау+4+4+оу)
в1 (3+4+Оу дыбысы+4+оу) домбыра сүйемелі.
1-ші, 3- ші жолдар әуені ұқсас қайталанады.
Ән композициялық құрылысына қарай – шумақты, 11 буынды қара өлең асинхронды түрде дамиды. Әннің келбетінде табиғи мажорлық әуен басым. Жалпы диапазоны – бір октава аралығы шегінде әндетіледі.
Бұл әнде де, халықтық-кәсіби әннің ақындық белгілері қолданылған, бәріқ, автор оларды өзінше, жаңаша қолданады. Бұл АӘФ-на байланысты: «Шіркін-ай» салған жерден үлкен секста аралығына жоғары секіріп басталады. Бұл 2-ші сатыдан 7-ші сатыға секіріс - әннің аса маңызды интонациясы болып табылады:

Секстаға секіріс әннің 1-ші, 3- ші жолдарының басында және 2-ші жолы осы секіріспен аяқталады:
1-ші жол басы -
2-ші жол аяғы және 3-ші жолдың басы -

Осы интонацияның жиі қолданылуы ақынның ашу-ызасын, жан айқайын, ішіндегі наз-шерін көрсетеді және өмірден таба алмай жүрген сұрақтарын осы интонацияға енгізген. Осы қозғалыс З.Қоспақовтың айтуы бойынша: «Ол автордың шалқыған ойын, мызғымас күшін береді. Тек әннің соңғы жолында, қайырмаға келгенде, өткен бір қызық күндері еске түскендей, әсем үн, қоңыр дыбыс арқылы, құйқылжып барып ән бітеді» [17; 123-124 б.]. Бұл АӘФ-ның бір түрі. Жоғарғы тоника дыбысына екінші тактта келіп кішкене тоқталып, әрі қарай бүкіл әуен бір демде дамып, кері қарай жылжиды. Жоғарғы тоника бекітілмегеннің әсерінен, төменгі «ре» дыбысына дейін келесі жолдың бірінші және екінші бунақтарын қамтиды. Осы жерде ән дамуының бірінші толқыны аяқталады. Бұл асинхрондық түр Мәди шығармаларында бұрын соңды кездескен:

Кідіріс жасамай, қайырма әуен иірімдерінде одағай сөздермен әндетіледі. Қайырманың композициялық құрылымы күрделі: қайырманың ерекшелігі – төртінші жолдың бірінші екі бунағымен соңғы бунағының ортасында айтылады:
Және соңғы бунақтан кейін «оу» одағай сөзімен әндетіліп аяқталады. Қайырма әуені өзіндік «ля» дыбысының айналасында ғана құрылған:

Бұндай құрылымды қайырым Арқа дәстүрлі әндеріне тән.
Қайырманың соңғы тармақтарының әуені төменгі тоника дыбысына қарай әкеледі:

«Қаракесек», «Үшқара», «Қарқаралы», «Шіркін-ай» әндері Сарыарқаның сар даласын тебірентіп, көмейден емес, кеудеден күмбірлеп, толқып, арындап шығатын асқақ үн тылсым буған сайын даланы ғасырлық ұйқысынан оятатын туындылар.
Қазақстанда дәстүрлі ән өнеріне көптеген зерттеу еңбектері бар боғанымен, Мәди әндерінің музыкалық талдауы толық жасалмаған. Осы үш әнге жасалған талдауды негізге ала отырып, Мади әндерінің жалпы стилін бір жүйеге салуға болады. Осындан төмендегідей ерекшеліктер байқалады:
1. Арқаның дәстүрлі әндері шегінде өзгеріссіз қалады:
а) қара өлең түрі,
ә) Шумақты– қайырмалы құрылымда шығарылған. Өзара
тең бөлінген төрт әуен жолдарынан тұрады.
Композициялық құрылымы жағынан бірінші және
екінші тармақтарында негізгі әуен беріліп, үшінші
және төртінші тармақтар алдыңғы әуенді бұлжытпай
немесе аздаған өзгерістермен қайталайды.
б) Бұл құрылымға екі немесе төрт жолдан тұратын одағай
сөздермен (алексикалық) әндетілетін қайырмалар кіреді.
2. Көлемді өлең жолдарының құрылысының арасында және әуеннің дамуында асинхрондық кездеседі. (ән) Әуендік жолдар біріккен әдістері де кездеседі (ән) .
3. Ақындық әуендік формулысының ерекше қолданысы. Арқа дәстүрлі әндерінде кездесетін АӘФ Мәди шығармашылығында басқаша қолданылған: дәстүрлі әндердің басында жиі кездесетін диапазонның ең жоғары дыбысқа секіріс кейбір Мәди шығармалында әннің ортасында қолданылса, кейбір әндерінде шығарманың басында, бірақ жоғарғы дыбысқа баспалдақтап көтеріледі. Біртіндеп берілген АӘФ-сы лирикаға толы.
4. Арқа ән дәстүрінде домбыра сүйемелдеуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Арқа мектебі ән өнерінің ортақ қағысы ретінде, әуен ырғағымен бірге домбыраның төменгі шегінде теріліп ойналады. Мәдидің ән сүйемелдеуі сол өлкенің әншілеріне тән сүйемелдеу болып табылады.
5. Мазмұн жағынан ән мәтіндерінде автопортреттік суреттеулер кең қолданылады. Олардың көпшілігін «лирикалық ән» деп те айтуға болады, себбебі, онда адамның ішкі жан дүниесі мен толғаныс сезімі философиялық ойлары білдіріледі. Сонымен қатар, әндерде кездесетін тақыраптар – туған жер, елдік пен ерлік сезімдері, авторлың өз өмір жолдары мен халықтың арман тілегі.
6. Композициондық өзіндік ерекше әдістері кәсібі әнмен қара өлеңді байланыструында: қысқа қайырма, ән композициялық шумақты, 11 буынды қара өлең асинхронды түрде дамиды және де АӘФ-ның түрі осы қара өлеі жанрында қолданылады.


Ақынның әндеріне талдау жасап,жана-жақты талдап қарастырғаннан кейін тағы бір шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселе десек артық айтпағандық болар. Яғни бұл үлкен мәселе, мәди әндерінің мәтіні жайлы. Бұл мәселе «Орталық Қазақстан» газетінде өте терең талқыланған:
Жалпы қазақ әндерінің мәтіні ән жинақтарын құрастырушылардың кінәсінен бе, әлде ел арасынан тірнкетеп жинап,жазып алушылардың шалағайлығынан ба (Қазақстан сияқты, бір өзіне Еуропаның әлденеше мемлекеті сыйып кететін алып аймақта әркімнің әр түрлі айта беруі мүмкін ғой), түрлі-түрлі болып айтылуына құлағымыз әбден үйренген.
Қай ән жинағын алсаңыз да Біржан салдың «Жанботасы» «Адасқағымен» араласып кеткен. «Жанботада» «Өзіңдей Азынабайдың Поштабайы бір қойып,домбырамды алды тартып» деп келсе, «Адасқақта» әлгі Поштабай «қолымнан домбырамды алды тартып» болып кете барады.Енді бірде әлгі тартып алған домбыраны «тартса да домбырамды бергенім жоқ» деп жұмсартады.тартып алған домбыраны бермегеніне қалай таңғалмайсыз!?
Ақан серінің «Әудем жерін» тіпті оңдырмаймыз. Бірде «Бір тиын біреу берген пайда көріп, жүремін жас адамдай дүние жиып» десек, енді бірде « Бір тиын біреу берген- ей олжа көріп, жүремін-ау жас кісідей жанын қиып » деп қиқалақтаймыз. Естір құлақтан ұят өзі.
Мұндай жаупсыздық 1968 жылы шыққан «Қазақ әндері» жинағының I-II томдарында бықып жүр. Ендігі әңгіме «Қарқаралы» әнінің мәтіні жайлы болмақ. «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мағауия Сланбекұлы «Сайғақ та емес, саяқта емес, сая болуы керек» дейді. Көңілге ұялайтын сөз. Қарқаралы тауларына сайғақтың шыға қоймайтыны рас. Және сайғақ, түбі түркі сөзі болғанмен, қазақ оны жиі қолдана бермейді. «Саздауға біткен құба тал, кімдерге сайғақ болмаған ?», деген Махамбет толғауында кездесетін «сайғақ» құрық, сойыл мәнзелді ұзын ағаш. Ал Мәди әніндегі «сайғақтың» орнын таппай тұрғанына да иланамыз. Бұл жерде қисын жоқ. Сондықтан Сапарғали Бегалиннің жазуындағы «Сайыңнан саялайтын пана таппай. Мен бір жан қуғын көрген арқадағы» дегеніне тоқтаған жөн. Енді осы ән неше шумақтан беріледі деген сұрақ төңірегінде. 1968 жылы және 1978 жылы «Ауыл кеші көңілді» жинақтарында төрт шумақ берілген. Бірақ шумақтарының берілу жолы түрлі-түрлі. «Қазақ әндері» жинағында «Немене, көрген қызық көрмегендей» деп басталады. Екінші шумақ «Атыңнан айналайын, Қарқаралы», үшінші шумақ «Басында Үшқараның балғын едім», төртінші шумақ «Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін» деп келеді. Ал, «Ауыл кеші көңілді» жинағында жаңағы рет өзгеріп- екінші шумақ бірінші орынға, соңғы шумақ екінші орынға, бірінші шумақ ең соңғы төртінші орынға ығыстырылған.
Жоғарыда айтып өткендей, арқаның сал-серілері суырып салма ақындық өнерімен де талайды таңқалдырған. Осы сөздерімізге дәлел ретінде, жаңа деректер іздеу барысында Мәди мен Әбіш Жанбайұлының (1880-1937.ақын) айтысқаны жайлы, жаңа деректерді қолға түсірдік.
Мәди Бәпиұлы айдаудан оралған жылы (1915 ж), тілектес, ниеттес жандар, Нарманбет ақынның төңірегіндегі өнерпаз, ақын-әншілер «елге келсін, аунап- қунап дем алсын» деген соң Мәди Қарқаралы аймағынан Шет-Ақтоғай аумағында болып, Нарманбеттің үйіне ат басын тірейді. Айтыс Нарманбеттің үйінде өткен. Айтыс мәтіні бойынша сөз сайысына қатысушылар - Әбіш, Мәди, Жуаспай ақындар.

Әбіш(Мәдиге айтқаны):
Қапастан ұштың босап,бұлбұл құсым,
Мақбозда әр не болса жазу үшін.
Арғымақ аса шауып,торға түстің,
Көтермей ағайынның қайрат күшін.
Жатпайды қап түбінде болат пышақ,
Бір Алла өзі оңғарсын ақырғысын.
Мен-дағы ағайынға көнбей жүрмін,
Аңдысқанмен алысып,күш сынасып,
Қорлықты күні бүгін көрмей жүрмін.

Мәди (Әбішке айтқаны):

Тағдырдың не жазғанын пенде көрмек,
Бұл фәни адамзатқа қандай ермек?
Бір күнгі амандықты ойлау бекер,
Сынады мың күн тұрып,бір күн шөлмек.
Бізді қор, өзіңізді зор тұтпаңыз,
Тау сірлеп,қара бұлт тұр ғой кернеп.
Аз күнде байқасаңыз асар бойдан,
Кісідей суға кеткен қолын сермеп.
Әншейін қызық көрмей жүргенсіз ғой,
Болдыру қиын емес көзің терлеп.

Жуаспай (Мәдиге айтқаны):

Ризатлы Сізге арнап жазған хатым,
Надан көп ашпайтұғын сөз қанатын.
Мархаба, туысқаным,хош келіпсіз,
Ағайын,кіндік қандас біз де халқың.
Гауһар тас, бағаң қымбат аңлағанға,
Жәхілге қиын болар сіздің нарқың.
Ақылмен ой ойласаң,шахыбозым,
Қайыршы «өтметкелеп» оның парқын.
Қондырып қарға орнына лашын құсты.
Көтерген құр барылдап,өзі даңқын.
Ақиық Орал тауды шынжыр балақ,
Көруге біз де сізді қылдық талап.
Саясат жігіттіке бұл да нәубет,
Қайтпақшы ең аталас елді аралап.
Күншілдік Жақып ұлын бұзып кеткен,
Апарып туысқанын салды құдық.
Ғажап емес Алла оңғарса жұмысыңды,
Зынданда Жүсіп жатты қылып қабыл,
Атасы хақ пайғамбар Ыбырахим халил.
Қиын емес Алла оңғарса жұмысыңды,
Кем күндік өзіңді ойлап болма мәлүл.
Сарыбел адам аспас,ата-бабам,
Көлденең келген сізге бұл бір заман.
Көңілге мұхаббатлы насихатым,
Қайбында дұғамызды біз бір адам.

Мәди (Жуаспайға айтқаны):

Ғизатлу сәлем жаздым мен де сізге,
Надан деп ешбір жаннан күдер үзбе.
Мархаба,келгенімді хош көрсеңіз,
Алтынды алмастырған мыс пен жезге.
Туысқан,түбім бір деп келіп едім,
Өлшедің бөлшектген сары кезге.
Мен бардым тобыңызға сәлем бере,
Ағайын,үлкен-кіші жүзін көре.
Ұқсатып кінәліге мұнша бізді,
Жоқ еді еш жазығым тіпті сізге,
Сіздерге сәлем алмай,мен не қылдым,
Бұрынғы өткен өкпе,салдың дүре.
Жақыпты үлгі қылып,сөз жазыпсыз,
Бұрынғы Байтөре таз сөзін тере.
Атаңыз көпке өкпелеп кеткен екен,
Келгем жоқ сол дауыңа жауап бере.

Әбіш (Мәди мен Жуаспайға айтқаны):

Әбен мен Топатайға сәлемжаздым,
Қараңыз серпініне өнерпаздың.
Надан деп,қарға қылып қарқылдатып,
Мырзалар,несін алдым кәрі таздың?
Бір сапар қарқылдапсыз қарға болып,
Жүрмей ме қарға шіркін жарға қонып?
Өзіңді өзің сонша қуаттадың,
Ақсұңқар һәм арғымақ жорға болып.
Шәуеннен басың азат болғаннан соң,
Көңілің болған екен сонша толық.
Ақ қаптал айыл қиған кершолақсың,
Жасыңнан сүйреткенің арба болып.
Бас қостық екі топтан екі жауыр,
Жауырға таз қосылып,болдық тәуір.
Желден жеңіл желпілдек жел патша едің,
Сен маған қалайында болдың ауыр.
Оң сөзді теріс ұғар Мәди нарнақ,
Келген соң бес атаға өлең де арнап.
Жығылған сүрінгенге күледі деген,
Аяғы жерге тимей жүрген жолдан.
Қашқынды не пиғылынан сонша мақтап,
Жүрген жоқ Алшынбайдың тұзын ақтап.
Бір ауыз қосымша қып сөз жазыпсыз,
Жетілдім асты-үстімді жездей қақтап.
Бұзылған жас күнінен қияли боп,
Осындай мінезінен болған аумақ.
Мәдиге Жуас неге жармасасың?
Біз қарға,өзің қаз боп таранасың,
Жасынан нәшекі боп өскен байқұс
Жол таңдап,жақсы ауылға қарамапсың.
Мені де әлек дедің әлін білмес,
Құдайсыз ажал жетпей адам өлмес.
Итаршы,көрінгенге шапқаныңша,
Одан да құл болсаңшы адам білмес [18; 147-150б.]

Осы айтыс жайында пікір жазатын болсақ, мынадай ой қалыптасады. мәдй-күрделі жан, тағдыры талай қайшылыққа толы тұлға. Ең жақын адамдарымен, әсіресе ағасы Қақабаймен тартысқа түсуі, осының керірінен айдауда, абақтыдан-абақтыға қамалуы, өр тұлғаның тауын шағады. Ал Әбіш ақын ұлт бірлігін, ұлт тұтастығын ойлаған адам.
Мәдидің елден жырақта жүруі, бірге туған ағайындармен қастасуы екі ақын арасындағы түсініспеушілікке әкеліп соғады. Өз ойын қашанда ашық айтатын Мәди, бұл жолы да тартынып қалмағаны баршаға мәлім. Айтыс өткен уақыт қазақ тарихындағы ең бір күрделі кезеңге жатады.

Қорытынды

Заман дауылы соғып, аспан асты, жер үсті аласапыран өзгерістерге толы дәуірде дүниеге келіп, қамшы сабындай келте ғұмыры сүргінде өткен Мәдидің әндері біздің осы дипломдық жұмысымызда жан-жақты қарастырылды деп айта аламыз.
Осы Ұлы Даланың Ұлы Мәдениетінің соңғы тұяқтарының бірі, һәм бірегейі Мәди еді. Күрескер. Қайраткер. Ақын. Композитор. Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы. Атасы – азуы алты қарыс Алшынбай.
Ақын Серік Ақсұңқарұлы айтқандай «Мәди тар ауқымға сыймайтын ірі тұлға еді. Тәңірі оның бітім пішінін кең пішкен. Ол бір өзі бірнеше ғасырлық мәдениеттің соңғы қорытпасы, сом алтынның сынығы еді».
Мәди мұрасы қазақ топырағында дүниеге келген толып жатқан опералық, драмалық шығармаларған өң беріп, олардың мазмұнын байытып, көркемдік бояуын қалыңдата түсуге игі әсерін тигізді.
Мәдидің қазақ перзенті үшін орны бөлектігі де осындай ұлы шығармалар тудырған қайталанбас талант пешенесінде болар. Адамзат сапарының тарихында, ұлттың рухани ә

Категория: Ән, өнер | Добавил: Косжанов
Просмотров: 3769 | Загрузок: 1732 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>