Главная » Файлы » Ән, өнер

Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша салаларының бірі

Скачать реферат с сервера 16.09.2010, 18:20
загрузка...
Қазақтың күйшілік өнерінің айрықша салаларының бірі – Сыр бойында қалыптасқан. Сарыны бөлек , тартысы ерекше Сыр бойының күйлерінде ұлттық саз өнерінің інжу – маржаны түзілген. Бастауы әрілен келе жатқан бұл күйшілік дәстүрдің бүгінгі ұрпаққа жеткен үлгілерінде мазмұндық тереңдік, орындаушылық шеберлік, рухани даралық, көркемдік құндылықтар айқын байқалады. Бұл күйшілік дәстүр көрнекті күйшілер Үсен Төре, Шал Мырза, Жалдыбай Елеукеұлы және Қазанғаптар өнерімен даму кезеңін өткізіп, Әлшекей, Құрақтаң Досжаны, Жаңабарген, Теңізбай, Нартай, Көнек тағы басқа өнер саңлақтары арқалы қазіргі ұрпаққа жетіп отыр. Бұлардың ішінде өз алдына жеке күй орындаушылық мектебін қалыптастырған Қазанғаптың күйшілік тәлімі де Сыр бойының үрдістерінен бастау алғаны анық. Оқшау сарынды Сыр бойы күйлерінде әсіресе адамның ішкі – эмоциялық шақтары, сезім – түйсік ерекшеліктері барынша көрініс таба білген. Жалпы күйшілік дәстүрлерде тұрақты қалыптасып, аспапты музыкада жанрлық дәрежеге көтерілген «Аққу», «Қоңырқаз», «Ақжелен», «Шалқыма», «Терісқақпай», «Ілме», «Қара жорға» үрдістері де Сыр бойы күйлерінде барынша даму қарқының тапқан. Бұған мысал ретінде Мырзаның «Ілмесін», Досжаның «Қоңырқазын», Әлшекейдің «Терісқақпайын», Жалдыбайдың «Қара жорғасын» атап өтуге болады.
Сыр бойы күйлерінде «Сыбызғы күйлері» деп аталғанымен домбырада жиі орындалатын көркем күйлер көп кездеседі. Сыбызғы аспабы сирек кездесетіндіктен, ондағы орындалатын көне күйлер саздары кәнігі күйшілер домбыраға салып тарта білген болуы керек. Бұл күйлердің көркемдік деңгейі өте жоғары.
Арғы ата тегі аты аңызға айналған Қорқыттан өрбіген Сыр бойы күйлері небір тума таланттар қолынан түлей ұшып, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде беріліп, мұқият сақталып келеді.
Бұл өңірдегі аты елге кең тараған күйшілердің бірі Мырза Тоқтаболатұы (1850 – 1934). Күй өнерінің атақтысы Мырза өнері күйшілік шеберліктің жаңа қырын көрсеткендей әсер береді.Домбыраның әр пернесіне дейін арнап күй шығарған күйшінің есімі дүйім жұртқа тез тарайды. Ол сол өңірге даңқы шыққан күйшілер Құрманай Төремұрат, Дайрабай, Арынғазы, Үсен төре сынды арқалы өнерпаздардан үлгі алады. Мырзадан атақты Қазанғап пен Жалдыбай күйшілердің өзі күй үйреніп, батасын алған.
Мырза күйші өзі ғұмыр кешкен заманның сан – қилы оқиғаларын күй тіліне түсірген айтулы суреткер. Оның көптеген күйлері күйшілермен сынға түсіп, тартысу шақтарында дүниеге келген көрінеді. Күйшінің «Қос қыз», «Терісқақпай», « Ташауыз», «Сыр жаңылтпашы», «Шақыру күйі» атты туындылары тартыс үстінде сомдалған.
Мырзаның әңгімемен айтылатын «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Жалтаң қарға», «Асан қайғы», «Жемнің ағыс күйі» атты шығармаларында көне мифологиялық үрдістегі аңыздар суреттеледі. Мырза күйлерінің құрылымы осы өңір күйлерінің ерекшеліктерің сақтай отырып дамыған. Әр буын өзара байланыста дамытылып, көркем тіл, ұшқыр сезімге негізделеді. Басты тақырып сағадан гөрі, бас және орта буындарда барынша көркемделіп , дамытылады. Құйқылжыған күй әуені көзге көрінбес шеберлік тәсілімен жымдаса көмкеріліп, біртұтас табиғи көркем туындыны құрап тұр (ол «Бұғының күйінде» байқалады).
Мырзаның өз өмір жолымен байланысты шыққан «Қоштасу», «Тәнтән», «Мұңлы қыз», «Мамық», «Раздасу», «Қайран елім,қайтейін», «Қара жорға», «Бес қыздың бел шешпесі» күйлері рухани мұрамызға қосылған асыл дүниелер.
Сыр бойы ғана емес,
Категория: Ән, өнер | Добавил: Косжанов
Просмотров: 872 | Загрузок: 266 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>