Люй Люй жүйесі - Ән, өнер - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ән, өнер

Люй Люй жүйесі

Скачать реферат с сервера 15.10.2010, 08:22
загрузка...
Люй Люй жүйесі

Чжоу династиясы (б.з.б.1122 - 249) кезінде Люй Люй жүйесі қытай ғалымдарының музыкалы – теориялық еңбектерінде өзінің толық сипатына ие болды. Олар акустика заңдарына негізделген еңбекті көп керек ететін санаулар жолымен 12 – сатылы октава ішіндегі хроматикалық дыбыс тізбекті тауып, анығына жеткізді. Ол «шиэр люй» немесе «хуан чжун» (алғашқы дыбыстізбек атынан шыққан) деген атауға ие болды. Бұл дыбыстізбек жарты тондап құрылған 12 түтікте орындалады. Ондай түтіктер жиынтығы, сонымен бірге оған сүйенген акустикалық жүйе «люй» деп аталады.
Люй түтіктері белгілі ұзындықпен және қимамен жасалады.Түтік бір жағынан бітелген, қырынан тесілген болып келеді.
Люй жүйесінің негізгі дыбысы хуан – чжун деп аталады. Ол ұзындығы қытай 9 дюймға тең, 9 сызықты қималы түтіктен шығады. Ондай түтік үшінші октавадағы ми нотасын береді.Қалған түтіктер «хуан – чжун» - ға анық математикалық санауларға негізделіп келістіріледі. Қытайлықтар Пифагорға дейін көп уақыт бұрын тондардың математикалық қатынастары жайлы білген. Олар ішектің немесе ауа бағанасы 1 де 2 қатынасы октаваны, 2 де 3 қатынасы таза квинтаны беретінін білген. Осы принцип бойынша люй люй 12 түтігі құрастырылған. Онда әр келесі түтікше алдындағысына 2 де 3 қатынасында болу керек. Бұл қатынастарды бір рет 2 де 3, келесіде 3 те 4 қылып өзгертіп отырып октавадан асатын тон беретін (2 де 3 + 2 де 3 = 4 те 3) түтіктің көлемін өзгертеді. Сөйтіп осындай тізбек шығады:

«Люйдің» әр дыбысының өз символикалық атауы бар. Түтіктерді келістіру нәтижесінде кварта – квинталық принципіндегі тізбек пайда болады.

Бұл тізбек октаваның ішіне жазылғанда осындай көрініске ие болады:

Категория: Ән, өнер | Добавил: Косжанов
Просмотров: 912 | Загрузок: 245 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
1  
Люи Люи жүеңіз қайда?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>