Главная » Файлы » Ән, өнер

Жақсы темперацияланған клавир

Скачать реферат с сервера 16.09.2010, 18:19
загрузка...
Жақсы темперацияланған клавир
ЖТК Бахтың шығармашылығының энциклопедиясы деп бекер аталмаған. Бұл еңбектің маңызы тек сол уақытта ғана емес. Қазіргі музыканттар, пианисттер өздерінің шығармашылық жолдарында ЖТК – ға оралып отырады. Бетховен мен Шуман сияқты ұлы композиторлар ЖТК – ны өздерінің сүйікті кітптры ретінде бағалады. 19, 20 ғғ. оның үлгісіне қарап аналогиялқ циклдер жазылды.
Хроматикалық қатармен орналасқан барлық 24 мажорлы және минорлы саздарды қамтитын циклдың алғашқы мақсаты қарапайым еді – Бах сол уақытта сирек қолданылған саздарды композиторлық практикаға негізімен енгізгісі келген. Сонымен қатар ол осы циклдерді оқытушылық көзқараспен қарастырды, байланысты ойнау тәсілін меңгеру, және саусақтардың қимылдарын жылдамдату. Бірақ тек техникалық мақсаттарды қуғандай, ең алдымен Бах суретші боп қалды. Ол әр саздың көркемдік поэзиялық мүмкіндіктерін көрсете білді.
ЖТК – да Бах кіші циклдің (прелюдия мен фуга) ішкі байлығын анықтады. Бұл циклдың бөлімдерінің қатынастар типтерінің барлығы көрінді. Мұнда негіз боп ой мен сезімнің терең табылады. Мұнда даму музыканың әр мезетінде жүріп отырады, ал органдық шығармаларда ол ұзаққа созылады. Осыдан клавирлік циклдерде басқа стилистикалық әдістер туды. ЖТК- да ғана фуганың зор бейнелік – эмоционалдық мумкіндіктері ашылды. 48 фуганың ішінде ұқсас екі туындыны таба алмайсыз.
Ең алдымен ЖТК – да Бахтың клавирлік музыкасындағы жаңашылдығы айқындалды. Оның стилінің синтетикалығы – кейде әндік, кейде билік, тілдік мінерлілікпен байланысты. ЖТК әуенділігі Бах музыкалық тілінің мәнерлігін көрсетті, оның гармониялық қабілеті өзінің шарықтау шегіне жетті.
Бұл шығармадағы кіші циклдер жеке – жеке бола алғанымен қатар, бір – бірімен байланыста тұр. Прелюдиялар мен фугалар бірге алынғанда бейнелердің толық әлемін ашатындай.
До мажорлы прелюдия мен фуга.
Ол ЖТК – ның бірінші томын ашатындықтан ерекше маңызға ие: олар үлкен циклге енгізіп тұрғандай, болатын бүкіл циклдің сипатын ашады.
Прелюдия мен фуга бір – біріне контрастты, және сонымен қатар тығыз байланысты. Бұл циклдің әр бөлімі өзінің спецификасын көрсетті. Прелюдия анық «прелюдиялы»: музыка ойлаусыздан орындаушының қоластынан шығып келе жатқандай; онда негізгі рөл аккордқа, гармонияға берілген. Фуга – полифониялық толықтықтың үлгісі, мұнда әр дауыс өте дамыған. Прелюдия мен фуга терең байланыспен біріктірлген соның ішінде интонациялық. Циклдың әр бөліміне жазық әуендік даму, жұмсақ диатоника, дауыс әрекетінде сатылықтың басымдылығы, модуляциялаудың сиректігі сай. Олай композитор прелюдияның сабырлығын, көңіл – күйдің поэтикасын, және фуганың терең ойшылдығын сипаттайды.
Шығарманың терең шоғырланған сипаты ЖТК 1 томындағы негізгі бейне – назармен көз салып ойланудың сферасын ашады. Прелюдия музыкасы әрекеттің жалпы формаларынан туады. Басынан аяғына дейін біркелкі фактура, ырғақ және фигурация сақталды. Бірлікке саздық гармониялық даму әсер етті. Бұл негізігі фактор.
Бах таңдаған фактура әр гармонияны ішкі жақтан жарық түсіріп көрсетеді. Доминанталық үшдыбыстықтар, субдоминанталық септаккордтар, доминанталық және екіеселі (двойная) доминанталық. Әсіресе терциясы жоғарыда тұрған мажорлы үшдыбыстық жарық естіледі. Бах прелюдия бойы бұл гармонияны бірнеше рет қоданады.
Прелюдияда даму үш фаза бойы ашылады. Мұнда үш бөлім бір даму жолымен байланған. Бірінші бөлімде тек до мажорлы саз, және оның доминантасына қарай қозғалыс. Субдоминанталық жұмсақ гармониялар басым, олар екінші төртінші сепаккордтармен нақталанған (до мажор, соль мажор). Екінші бөлімде гармония әрекеті дамығандырақ. Реминор да қосылады, сол кезеңнің ең мінерлі аккордтарының бірі, кішірейтілген 7 сатының септаккорды, 4 сатының секундаккорды шеткі дауыстар арасында кіші нона құралып кездеседі (16 -17тт.).
Үшінші фаза қорытындылауыш. Оның жартысында доминанталық органдық пункт. Кернеу үзілген каданспен күшейтіледі (субдоминанталық саздың доминантасына). Тосқан тоникалық бітім тек ең соңында беріледі, ол жаңа ғана дыбысталған субдоминантаның жұмсақ сәулесімен әшекейленгендей (прелюдияның ең соңғы 4 такты).
Гармониялық бағытталған, дұрыс құрылған әрекет сабырлық пен ойшылдықтан қобалжудың терең ұсталған өршуі арқылы айқындылық пен бейбіттікке әкеледі. Кульминациясы орталық және төменгі регистрлердің қою дыбысталуында берілді, және тек соңғы такттыларда ған барлығы жоғарғы регистрге оралады. Сөйтіп жарқындық өзгертілмейтін берілген емес: ол дамудың нәтижесінде қайтадан оралады.
Бах ішекті аспаптарға тән арпеджиолық түрдегі аккордтарды қолданды, бұл клавирлік музыкада дәстүрге айналған әдіс. Бірақ бұл прелюдия болашаққа жол ашады: жасырылған көпдауыстылықтағы біраккордтан екінші аккордқа тегіс өтуі романтикада таралған этюд жанрының бұлақтары көрінеді (әсресе Шопендік).
Фуга прелюдияның гармониялары мен әуендік интонацияларынан шығып, оған котраст құрайды: дыбыстың тығыздалуы, барлық өрімнің толықтылығы, прелюдияның мөлдірлігіне қарамақайшы. Ойдың тереңдігі прелюдияның жарқындығына қарсы. Фугадағы дауыстар тығыз орналасқан: жиі – жиі стретталар, дыбысталу толықтығы дауыстардың өрілімімен сипатталған.
Фуга тақырыбы екі бастаудан шыққан: сатылық әрекет хоралдық әуендерден, ал кварталық интонациялар шақыру бейнесінен басталады. Тақырып секста интервалының шегінде жатыр. Жетінші сатының жоқтығы әуендік жұмсақтылықты тудырады. Тақырыптың ырғағы біркелкі, оның жалпы деңгейі біртонды, тегіс болып келеді. Бұл тақырыпта бар ой біртіндеп терңдейді. Дамудың өршуіне қарай жалпы мінезде батылдылық, ерлік қасиеттер айқындалады.
Фуганың интермедия жоқтығы өте көрнекті: онда шешімділік, дем алу моменттері жоқ. Тақырыптар бір – біріне басып енеді де, бір ойды күшпен дәлелдегендей.
Бірінші стретта экспозицияда пайда болады (7 – 8тт.). Бір жарым такттық тақырыптың өтулері тез аяқталып, олардан соң толықтауыш өткізулер келеді – сопрано, тенор, альт. Өңдеуіш бөлім үшдауыстық стреттамен басталады (10 -12 тт.). Одан кейін төртдауыстық стретта басталады, одан соң тағы екеуі келеді. Дауыстар өрімінің қоюлығы, саздық тұрақсыздықтың өсуі, ортақ дыбысталу диапазонының кеңеюі – осының барлығы дамудың кернеулі кезеңінің басталуын білдіреді. Бұл тақырыптың интонациялық өзгеруімен де белгленді: ол кішірейтілген кварта пайда болды (12 такт), кезектесіп натуралдық және көтерілген сатылар кездеседі (17 такт). Тақырып екі рет үзілмей бір дыбыстан басталып өткізілетін тақырып та түрін өзгертеді (17 және 19 тт. салыстырыңдар).
Экспозициямен өңдеу бөлімі масштабтары жағынан бір – біріне жақын: 10, 13 такттардан тұрады. Бірақ өңдеу бөлімі үлкен сияқты боп көрінеді: оның уақыттық шекаралары ойдың дамуының интенсивтігімен ұлғайтылған. Тоникаға шешілу жіне 4 такттық тоникалық органдық пункт көңілге жағымды. Бұл репризиа – кода. Тақырыптың үш соңғы өткізілулері жұмсақ субдоминанталық бояуда, екеуі стретто түрінде. Фуганың соңында әндік тақырып прелюдияны еске салып, пассаж типіндегі аспаптық дыбысталуда таралып кетті.
Фуганың бейнелік дамуы прелюдияда болғанға жалпы сәикес келеді: басында ойшылдық сабырлық, сосын кернеудің өсуі, қорытындыда мақсатқа жеткенге сенім сезімі туады, бірақ әрине фугада бұл интенсивтірек болды. Фугада даму жолдары күрделірек. Прелюдиядағы эмоциялардың тізбегі мұнда шешімді іздеу жолына салынды. Дамудың жалпы бағыттылығында жатқан прелюдия мен фуганың музыкалық драматикалық байланыстары боп табылады. Осыған байланысты ЖТК – ның бірінші кіші циклі типтік боп келеді: бұл прелюдия мен фуганың котрасттылығы мен қатар біріккендігінің үлгісі.
Ре мажорлық прелюдия мен фуга.
Бахқа дейін ре мажор салтанатты, шаттықты, қаһармандықты суреттеуде қолданды: Бах пен Гендель де оны солай талдаған. Осыдан прелюдияның жігерлілігі мен талпынушылығы, және фугада салтанатты мақсаттылық пысықтық пайда болды.
Прелюдия фуга циклы ішкі контрастты және біріккен боп келеді. Прелюдияда фуганың тақырыптық интонациялары алдын ала берілген. Керісінше, фуганың кейбір эпизодтарында прелюдия еске салынады. Тональдық планда да прелюдия мен фуганың ұқсастықтары жатыр.
Прелюдиия. Біртұтас толқу сияқты. Оның толқындық, мақсаттылық қимылы соңында болатын кульминацияға бағытталған. Ол жеңіл, әшекейлі әуендік суреті мен біркелкі фактурада ұстанғанымен ЖТК – дағы басқа да прелюдияларғдан ерекшеленбейді. Музыканың динамикалық бағыттылығы алғашында қарапайым ойын секілді көрсетілген. Бірақ бастапқы бейне соңына қарай тым өзгеріп кетіп алдағы сипатпен салыстырылмайды. Қорырытынды өткенді жаңа жарықпен байытқандай, және бүкілі ерекше маңызға ие болады. Прелюдия ЖТК – ның барлығында сияқты тек дайындық қана емес өзіндік жеке шығарма боп табылады.
Прелюдияда барлығы әуезділік пен нақтылық пен белгіленген. Фигурацияның суреті зигзаг түрлі, сондықтан дыбыстардың әрекеті екі планда естілетіндей: 1 және 2 октаваларда. Сол қолдағы стаккаталық аккордар гармонияны сәл ғана көрсетіп, фигурациялар өткір, шырылдаған дыбыстарды тудырады. Барлығы жарқылдап шоқ сияқты жанғандай. Барлығы нақты өлшемді және сонымен қатар импровизация сипатты.
Прелюдияның ішкі құрылысы нақты. Ол екі бөлімнен тұрады. Әрекеттің мақсаттылығы секвенцияларды қолданумен, біркелкі қимылмен, саздық планмен білінеді. Саздық планның сүйенер орындары боп ля мажор мен фа – диез минор (доминанталық саздар), сосын негізгі саздың эпизодтық оралуынан кейін субдоминанталық ауданның саздары кезекпен өтеді.Олар ре мажордағы қорытынды доминанталық органдық пунктке дейін созылады. Еркін импровизацияны осы қатал гармониялық – саздық жоспар тәртіпке келтіреді. Пелюдияның соңына жақын кульминация келеді, онда күш, жігер сезіледі. Құлаққа ең бірінші боп мажорлық саздың минорлы сазға көшуі естіледі. Алғаш рет минорлы саз 6 такт бойы органдық пункт пен қатар созылады. Тек қана ең ақырғы шешілу ғана мажорлы. Көз саларлық жайт – ре минордық доминанталық органдық пунктпен бірге, айқын, ерекше аккорд доминантаға кішірейтілген 7 сатылық септаккордпен бірге жазылғаны. Ал соңына қарай Бах тоника мен доминантаға кіш. 7 сатылық септаккорды салыстырып бірге фактураны қоюлата береді. Ырғақ пен фактура да өзгерді. Сол қолдағы стаккато доминанталық бастың ұсталуына, және тығыздалған сегіздіктер мен оналтылықтардың қимылына орын бері. Оң қолда екі дауысқа бөліну пайда болды. Соңынан 4 тактта төрт дауысты фактура пайда болды, ал сосын аккордтық тізбектерден кейін пассаж басталады. Адажио темпінде пассаж речитатив сияқты естіледі. Бұл органдық импровизацияларды еске түсіреді.
Дамудың нәтижесінде жаңа сапа келеді: прелюдияның басындағы динамикалық бағыттылығы соңғы такттарда драматикалық патетикаға айналады. Прелюдияның аяқталуынан кейін фуга контрастты естілсе де дайындалып естіледі.
Фуга салтанатты және байсалды естіледі. Прелюдиямен салыстырғанда даму басқа бағыттылыққа ие болды: мұнда музыкалық бейненің сипаты мүлдем басқа, тақырыпта айтылғанның барлығы даму бойында дәлелденеді. Кульминацияда негізгі бейненің кезекпен ашылатын дамуының ең биік сатысы беріледі. Тақырыптық өткізілулеріне саластыру ретінде жұмсақ, лирикалық интермедиялар беріледі. Олар тақырыптағы ерліктік, батылдық сипатты айқындатады. Басқа жағынан прелюдияның мөлдір фактурасы оралғандай.
Тақырыпта контрасттық сипаты 32 – ліктерден кейін секстаның жоғарыға патетикалық бағытталуы және оның кейін сатылар бойынша пунктир ырғағымен толтырылып төмен қарай әрекетінен көрінеді. Интермедия тақырыптың барлық элементтеріне негізделді. До мажорлық фугаға қарағанда мұнда стретталар жоққа шығарылды және тақырыптың өткізілулері салыстырмалы аз. Репризада тақырып толығымен бір де рет орындалған жоқ. Бірақ дауыстар өріміне тақырыптық интонациялар әбден сіңген. Сондықтан фуганың соңында тақырып нақты, салмақты бекітіледі. Экспозицияда тақырып бас, тенор, альт, сопрано, кезегімен енеді. Бұл тізбек салтанаттықты, шаттық идясын бекітеді. Бах бұл әрекетті баста алғашқы өткізуден октаваға төмен толықтауыш тақырыппен тепеңдікке келтіреді. Сөйтіп кульминацияда кездесетін регистрлік кеңдікке қол жеткізілген, Экспозицияда болашақтың дамуы тағы алдын ала берілді: 3 такттағы қысқаша интермедиядан кейінгі өзгертілген тақырып басқа бөлімдердің интермедияларына негіз болды. Өзгертілген тақырыптың жаңа нұсқасы 6 тактта берілген. Кешіктікпен берулерде (задержания) кейбір жерлерде диссонанстар кездеседі, олар да болашақта дамытылған ( 8 – 15тт салыстырыңдар). Мұнда полифониялық және аккордтық гармониялық фактуралар өріледі (2, 4, 5, 7, 8 такттарының аяқталуларына назар аудар). Бұл фуганың соңын алдын ала көрсетеді, онда полифониялық принциптер, аккордтық – гармониялықтарға орын береді (соңынан 3, 2 тт.). Экспозиция мен тақырып болашақ дамудың тұқымы сияқтанады. Мұнда Бахтың негізгі принципі берілген: бұл тізбекті даму- тақырыпта экспозицияның «жоспары» жатса, экспозицияда бүкіл фуганың «жоспары» беріледі. Өңдеу бөлімі экспозициядан жұмсақ минорлығымен, секвенциялық құралған интермедияларымен ерекшкленеді. Тақырып субдоминанталық саздарда өтеді. Бах тақырыпты сенімді каденциямен аяқтап, бізді тақырыптың фуганың соңына дейін ешбір рет кездеспейтіндігіне дайындайды. Сөйтіп өңдеу бөлімінде басында болған салтанаттылық лирикалық сипатқа көшеді. Тақырыптың қаһармандық сипатары өшіріліп, соғара соңына қарай ол қайтадан бекітіледі. Негізгі саз келгеннен кейін реприза – кода келеді (соңынан 7, 6 такттар). Мұнда музыка жарық шуаққа бөленген, диапазон кеңейді, жоғарғы және төменгі дауыстардың кезектесіп орындалуы айқын естіледі (олар тақырыптың өзгертілген бірінші бөлігін дамытады), сосын ырғақтық тұтастықта біріктіледі. Фуганы дамыған каденция аяқтайды, онда төртдауысты компактты аккордтар пунктирлік ырғақпен орындалады. Мұнда тақырыптың екінші элементі дамиды – пунктирлік әрекет енді жоғары қарай бағытталады. Сөйтіп тақырыпты терең дамыту басынан соңына дейін бөлшектеп ашу анық, айқын бейнені құруға ықпал етті. Соңында бұл даму үлкен сенімді күшке әкеледі.
Категория: Ән, өнер | Добавил: Косжанов
Просмотров: 757 | Загрузок: 188 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>