Главная » Файлы » Қалғандары

Астана қаласы

Скачать реферат с сервера 05.09.2010, 18:35
загрузка...
Есіл бойындағы еңселі қала
Аман жүр Астананы салған батыр,
Алдыңда асқар-асқар арман жатыр.
Бөрін ал, алаш деген қамалыңның,
Бәрін де кезінде алған мақұл.
Ерке Есіл, Қара Ертіс пен арман Нұра,
Ұрпақтан ұрпақтарға қалған мұра.
Қазақтың астанасы, сен аман бол,
Аман бол, сырлы қобыз, сал домбыра...
Тұманбай Молдағалиев.
Қалар да адамдар сияқты, әрқайсысының өз тағдыры бар.
Біреулері аса бақытты, кейбірі орташа дегендей. Астана
солардың біріншісіне жатқызуға болады. Қала өз тарихында
қауыр дамудың үш толқынын бастан кешіріп, төртіншісін кешіріп жатыр.
Оның бәрі де осы қаланың әкімшілік-тере-
ториялық қызметінің кеңесімен байланысты еді. Қаланың
белсенді өсуінің алғашқы толқыны Ақмола өзінң құрылуына
сай келеді. 1897-1911 жылдары уез халқының саны 1,7 есе
өскені байқалған. Екінші тоқын 1939 жылы Ақмола облысы
құрылып, оның Ақмола қаласы болып белгілегенде басталды.
Тарихшылардың бағалауынша бұл кезең (аймақ дамуындағы
сапа жөнінен жаңа белес) болып саналған.
Үшінші тоқын тың және тыңайған жерлерді игеру кезінен басталып сексе-
нінші жылдардың басына дейін жалғасқан. Ал төртінші
толқынға 1998 жылдың алтыншы мамырдағы Ақмола қала-
сының атауы Астана болып өзгертілуі және қаланың рес-
публика астанасына айналып, қазір қаланың жаңадан са-
лынуы жатады.
Барлық елдерде де және қай уақытта да болмасын аста-
ны басқа жерге ауыстыру жөнінде шешім қабылдаған кезде,
астананың жағһапиялық жағдайының орналасатын жерін
таңдау мәселесі және оның артықшылықтары мен кемшік-
терін бағалау, айтыс пен талқының ортасына айналатыны
мәлім.Егер тарихтың тереңіне үңілсек, онда король Филипп
Испанияға аса қолайлы емес кезде көріктенген астаналық қалалар Бургос,
Валльядолид және Толедоны тастап, өз әкімшілік аппаратын елдің ортасында орналасқан
Мадридке көшіргенін көреміз. Финляндия XIX ғасырдың басында астанасын
Туркудан Хельсинкиге, Норвегия-ТронхеймаданОслоға; Индия-Калькуттадан
Делиге көшірсе, Қытай өз тарихында астананы алты рет айырбастаған екен.
Австралияның астанасы Канберра 1913 жылы салына бастаған .
1923 жылы Түркия астанасын Станбулдан Анкараға көшірді.
Бразилияда 1960 жылы президент Кубигектің шешімі бойынша жаңа астана елдің
кедей қуаншылық аймағында
салына бастады.Ал 1971ж Пәкістан өз астанасын Карагиден (16 миллион тұрғыны бар)
Исламабадқа (700 мың
тұрғыны бар) көшірді. Тоқсаныншы жылдардың басында
Нигерия Федеративтік Республикасы алты миллион тұр-
ғыны бар астанасы Лагос қаласынан 230 мың халқы бар
Абуджа қаласына аластырды.
Астананы бір қаладан екінші қалаға алмастыру жөнінде
ел үшін өте маңызды шешім қабылдаған сәтте, әлемдік тә-
жірибе көрсетіп отырғандай, оның қаншалықты дұрыс екендігін бағалай қою қиын.
Тек он-онбес жыл өткеннен соң
ғана, жаңа астананы құру жөніндегі жоба жүзеге асырыла келе, қабылдаған
шешімнің тарихи рөлін барша қауыш түсінетін жағдайға жетеді.
1997 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсы-
нысымен Ақмола қаласы Қазақстанның бас қаласы болып
жарияланды. Ал келесі жылдың алтыншы мамырында Ақмо-
ла қаласының атауы Астана болып өзгертілді.Астананы
Алматыдан ауыстырудың бірнеше себептері бар.Олардың
маңыздысының соғыс жағдайларда Алматы қаласының гео-
графиялық орнының қолайсыздығы және қаланың экология-
лық жағдайының нашарлығы. Астана-мәдени,саяси,ресми
орталық. Ол Сарыарқа өмірінде дәл Еуразия орталығында
Есіл өзенінің жағалауында орналасқан еңселі қала,Астана
қаласының елтаңбасына шығыстық үлгідегі дөңгелек негіз
ретінде алынған оның алтын жолақты жиектерінде орна-
ласқан бидай масақтары Астана қаласы орналасқан Сарыарқа
өмірінің астықты өлке екенін білдіреді.Көк түсті
ішкі дөңгелекте қанатты ақ барыс бейнесәі бар.Барыс басы-
на хан тәжі кигізілген.Бұл-даналық,бұрынғы қазақ хандары-
ның ақыл –парасатын білдіреді.Ал,шаңырақ қазақ халқының
бірлігі,отаны ұғымдарын бейнелейді.Ел таңбаның төменгі
жағына Астана қаласының атауы жазылған.
Астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру кездерінде,әрине,
онай болған жоқ.Халық тағдыры қыр үстінде түрғандай
жоқ шылықтың зардабы қыспаққа алып,байлығымызды
талан-таражға салып ел «енді не боламыз?» деген кезенде
ежелгі Есіл бойына еңсесін көтерген Астана-қазақтың Ақ
ортасы болып құрыла бастаған еді.
Сол кездегі халқыманың қуанышында шек жоқ.Өткені
газет-журналдарға,теледидар-радиолардан астана туралы
жырлаған жыр,салған ән шерткен күй қаншама көп,мол бол-
ды!
Астана! Алтын қала асыл ұғым,
Көркі бол алдағы ұлы ғасырымның.
Қайғыны қақ бөлетін ер қазақтың,
Дәуірден дауірлерге асыр ұнің,-деп
Дүсенбек ағамыз жырлап,әлемге атты шыққан Нью-Йорк,
Вашингтон,Лондон,Парижден де сәулетті болуын қалаған
ғой.
Сарыарқада алтын шаңырақ көтерген Астана туралы
қуанған халқымның шаттық жырын жеткізуге тіл жетпей
ді.
Астана-ай,құтты болсын есімің,
Ашық болсын Алашына есігін!
Жуып мәңгі қайғы менен мұңынды,
Кетсің алып алыс ерке Есілі,-деп.
Қуандық ағамыз жырласа.
Сенеміз енді елеусіз қалмасына,
Күтерміз бұдан былай таңды асыға.
Аяулы атыңа осы қол жеткізген,
Мың алғыс шын жүректен Албасына!-деп жырлаған екен Марфуга апайымыз.
Қазақтың алтын діңгек, биік бәйтерек, орнықты
Орда болған Астанамыз қалай өсіп келеді деген сұрақ туады.
Ғасыр емес, «елу жылдан ел жаңа» деген елу жыл емес,
бой көтеріп, іргетасын қалағанына аз жыл болса да, сәулетті де сәнді Ордаға айналуда.
Есіл өзенінің сол жақ жағалауынан бой көтерген әсем ғимарат
«Астана-Бәйтерек» деп аталады.Биіктігі-тоқсан жеті метр.
Ең басында алтын түсті күн сәулесі шашақ тарының жұмыр
шар жер шары сияқты. Осыған ұқсас құрылыс әлемдегі екі үлкен
қалада-Анкара мен Сиднейде ғана
бар.»Астана-Бәйтерек-бас қаланың символы.Қазақ халқының
кһне аңыздарында бәйтерек ағашы бақыт пен құттың белгі-
сі болып саналған.
Астана қаласының ажарын ашатын ескеріткіштердің бі-
рі-қазақтың үш данасы ,Төле-би,Қазыбек-би және Әйтеке-би
лерге арналған.
Ұлы ақын Абай мен Кенесары хан ескерткішіде жаңа Ас-
танадан орын тапқан.Сонымен қатар бас қалада К.Байсейітова
атындағы Ұлттық опера ж\е болет театры,
Орталық мұражай бар.
Астана Республикасының негізгі басқару орындары орна-
ласқан Жақында Есілдің сол жағалауынан Ақорда деп атала-
тын Призидент резиденциясы ж\е Парламент үйі пайдала-
нуға берді.
Л.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті-қа-
ла мақтанышы.Еуразия Университетіңде әйгілі көне ескеріт-
кіші Күлтегін батыр жыры жазылған тастын көшірмесі
қойылған.
Есіл өзенінің сол жағалауында тамаша саябақ бар.Бұл
жобасының авторы Т.Сүлейменов.Жоба құрылысы 1997ж
басталыпғ,Қазақстан тәуелсіздігін он жылдық мерей тойы
тарту ретінде ұсынылды.Бұл саябаққа кісеріз Қазақстан
ның кең байтақ даласы көз алдына келеді.Себебі мұнда қа-
зақ халқының тарихи мен мәдениеті, жері ж\е тұрмыс –
тіршілігімен танысуға болады.
Саябаққа Қазақстаның он төрт обылысы мен Астана,
Алматы қаласындағы әсем ғимараттардың макеттері
қойылған.
Саябаққа Хан-Тәңірі шыңы,Қожа Ахмет Иасауи,
Арыстан баб кесенелері,Арал теңізі,Байқоңыр ғарыш ай-
мағы,көне Жент қаласы бейнелеген.Сонымен қатар Айша
бибі,Қарахан кесенелері,орта ғасырдағы көне қалалар,Қа-
расай Ағынтай батырлар ескеріткіштері,Жәңгірхан кесе-
несі,Байбарыс сұлтан ескеріткіші,Ақтау теңіз портты,
Бекет ата кешенінің нұсқалары айнымай көрсетілген.Кең
байтақ Қазақстан жерін бір саябақтың ішінде қаз-қалпын-да
көру қандай тамаша! Астанадағы ғажайып орындары
бір- Думан ойын-сауық орталығы.Онда әлемдегі үш мың
шақырым қашықтықта орналасқан мұхит тамшысы бар.
Бұл мұхит арал басқа елдердің көбінде кездесе бермейді.Мұ-
хитардың су қоры-үш млн литр.Оны әзірлеуге 120 онна те-
ңіз тұзы қажет болды.Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндік-
терінің жүзден аса түрі әкелінді.Қазір мұхитаралда екі мың-
нан артық теңіз тұғындары тіршілік етуде.
Мұхитаралда қалың шыныдан жасалған он бір акварум бар
.Онда жыртқыш пирания,теңіз жұлдыздары,теңіз шаян-
дары,ұзынмұртылар,мұхит кораллдары,ат балықтар,теңіз
инелері,сиырбалықтар мекен етеді. Ал, бас аквариумда
мұхиттардың ең үлкен тұрғындары акулалар,алып теңіз алабұғалалары өмір сүреді.
Теңіз жәндіктерін қоректендіру үшін суда жүзгіш маман-
дар тұңғиық су астына күніне екі рет түседі.
Олардың акулалармен қатар жүзгенін тамашалау қандай қызық де-
сеңші.
Астана туралары айтар сөз асқарлы таудай биік,байлы-
ғындай алапат мол, бірақ жер тар...
Тек, Тұманбай ағамыздың мына сөзімен аяқтауды жөн
көрдім.
Аман бол,қазағымның арыстаны,
Жер соғып қала берсін алысқаны.
Бәрін ал, алам деген биігінің,
Жарық ал жұлдыздардан алыстағы.
Үмітпен ертеңіне қарады ұл-қыз,
Бір нұрға жаңа талды жанарымыз.
Астана, жаңа Астана, жан Астана
Жерге кеп қона қалған дара жұлдыз...
Келешек ұрпақ Астана десе Нұрсұлтан. Нұрсұлтан деп атын айта,
Елбасының Астана деп қатар айтатын сөзі болады. Есіл жағасында
бой көтерген жаңа Астана-Ақ Орда
құтты болсын, Астана әлемдегі қалалардан асып, іші
байлық пен ұл-қызға толсын!
Категория: Қалғандары | Добавил: Косжанов
Просмотров: 7095 | Загрузок: 727 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.8/5
Всего комментариев: 1
1  
кенн,

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>