Главная » Файлы » Қалғандары

Ресей Федерациясының тарихы

Скачать реферат с сервера 22.07.2010, 02:18
загрузка...
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Киев Русі (882-1132)
2. Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары (1132-1325)
3. Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325-1533)
4. Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік басына келуі (1533-1682)
5. Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682-1796)
6. Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796-1856)
7. ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856-1892)
8. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892-1922)
9. КСРО-ның құрылуы. Индустрияландыру. Коллективтендіру. Ұлы Отан Соғысы (1922-1953)
10. КСРО-ның ыдырауы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты. 552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар одағы – Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье, Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді.

Киев Русі (882-1132)

882 жылы Рюрикович князьдерінің басшылығымен ірі шығысславяндық көшпенді князъдықтар: ильменских словен және полян князъдықтары біріктірілді. Нәтижесінде Рюрковичтер династиясы басқарған монархиялық ежелгірус мемлекеті – Киев Русі қалыптасты. 882 жылы біріккен мемлекет астанасы болып Киев қаласы тағайындалды. Сәтті әскери жорықтар мен дипломатиялық ықпал етулер арқылы жаңа мемлекет территориясына шығысславян тайпалары жерлері толығымен, жәнеде кейбір финно-угорлық, балтық, түрік тайпалары кірді. Ежелгі Рус мемлекеті сол кездегі, болжамдар бойынша, Еуроппада ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Шығыс Еуропада, Қара теңіз жағалауларында үстемдік үшін Византиямен күресіп отырды. 988 жылы Владимир князъі тұсында орыстар хрестиандықты қабылдады. Ярослав Көреген ең алғашқы орыс заңнамалық жинағы – Русская Правданы қабылдайды.
1132 жылы Мстислав қайтыс болғаннан кейін Ертеорыс мемлекеті бәрнеше князъдықтарға ыдырайды: Новогород жерлері, Владимиро-Суздаль князъдығы, Галицо-Волынь княздығы, Чернигов князъдығы, Рязан князъдығы, Полоц князъдығы және басқалары.

Феодалды бытыраңқылық. Татар-Моғол шапқыншылықтары (1132-1325)

1237-1240 жылдары орыс князъдықтары Батый бастаған монғол-татар шапқыншылығының астында қалды. Осы шапқыншылық әсерінен орыс князъдықтары жартысына жуық халқынан айырылды. Киев, Владимир, Суздаль, Рязань және басқа да Ертеорыс мемлекетінің орталықтары талқандалып, оңтүстік өңірлер түгелімен дерлік отырықшы халқынан айырылған болатын. 1243-1280 жылдары князъдықтың солтүстік-шығыс өңірлері Алтын Ордаға салық төлеп тұруға міндетті болды. Ресей тарихына бұл кезең монғол-татар апаты деген атпен енді.
1240 жылы Новогород жерлері православтар жерлерін басып алуды ойлаған крест жорықшылырының шабуылдарына тап болды. Александр Невский бұл кезеңде Нева түбінде швед әскерін талқандайды, ал 1242 жылы Мұзды қырғын, Ғажайып көл шайқастарында Тевтон ордені рыцарьларын жеңеді. Галицкая жерлері ХІҮ ғасырдан бастап Польша құрамына өтеді, осы кезде оңтүстік-батыс князъдықтар Ұлы Литва Князъдығына қарайды.

Русьтің біріктірілуі. Мәскеу мемлекетінің құрылуы (1325-1533)

ХІҮ ғасырдың басынан орыс княздықтары біртіндеп бір орталыққа қарай ұйымдаса бастайды, бұл кезде жаңа орталық ретінде Мәскеу қалыптаса бастаған болатын. Мәскеудің маңыздылығын көтеруге көп ықпал еткен мәскеулік князъ Иван І Калита болатын. Ол ханнан ұлыкнязъдық жарлық сатып алу арқылы Мәскеуді басқа князъдыұтар алдында жоғары қойды. Калита немересі Дмитрий Донской тұсында Мәскеу князъдығы күшейіп, әскер санын арттырады. 1380 жылы 8 қыркүйекте Мамай хан бастаған ордалықтар Куликова даласындағы әйгілі шайқаста жеңіліс тапқан болатын. 1395 жылы Ақсақ Темірдің шапқыншылығы нәтижесінде Алтын орда құлатылып, оның орнында Қырым, Астрахан, Қазан және де Сібір хандықтары құрылған болатын.
Иван ІІІ тұсында Мәскеу монғолдарға салық төлеулерін тоқтатты. 1480 жылы Угре өзенінде орыс және орда әскері кездесіп, Ахмат хан соғысқа бармай, кейін шегінеді. Осы оқиғамен Монғол-Татар апаты жылдары өз соңына жетеді.
1497 жылы орыс мемлекетінің заңнамасы – Судебник жарыққа шығады. Василий ІІІ князъ тұсында Литва, Қазан мемлекеттерімен күрес жүргізе отырып, орыс жерлерін біріктіруді аяқтады.

Иван Грозный билігі. Бұлыңғыр кезең. Романдықтар әулетінің билік басына келуі (1533-1682)

Иван ІҮ Грозный тұсында, ең алғаш болып патша титулын иеленуші, Мәскеу мемлекетінің құрамына Қазан және Астрахан хандықтарын біріктіру арқылы Ресейді көпұлтты мемлекет етті. Боярлар вотчиниктардан помещиктерге айналды. Мемлекеттің басты мақсаты ретінде – моңғол-татар шапқыншылығы, Литва, Польша басқыншылықтары кезінде айырылған жерлерді қайтару және оңтүстікте көшпелі тайпалардан қорғану болды. Бұл поместиялық жүйенің дамуына ықпал етіп, дворяндық атты әскер жасақталды. Сондай-ақ отты қарумен қаруланған атқыштық әске жасақталды. Мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге арнайы бүкіл сословиелік Земдік Жиналыстар шақырылды.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардың орта шенінде Крепостниктік құқық қалыптасты.
1558-1583 жылдары Ресей Литвамен Балтық теңізіне шығу үшін Ливондық соғысты жүргізіп, сәтсіздікпен аяқталған болатын. Дон, Терека және Орал өзендері бойында бірте-бірте казак ауылдары пайда болып, 1570 жылы Дон казак әскері, 1571 жылы Орал казак әскері, 1577 жылы Тер казак әскері құрылған болатын. 1581 жылы казак атаманы Ермак жорығымен Сібір жерлері игеріледі.
Оңтүстік орыс иеліктері ХҮІ және ХҮІІ ғасырларда көшпелі тайпалар мен қырым татарларының шабуылдауында боды.
ХҮІІ ғасыр басынан Ресейде Бұлыңғырлық кезеңі басталады. Ол жалпыхалықтық күш біріктіру шақырылып, польша интервенттерін талқандап Собор шешімімен Романовтар әулеті билік басына келді(1613 жылдың 21 ақпаны).
Романовтар әулетінің алғашқы өкілі Михаил Федорович тұсында казактар Шығыс Сібірді игеріп, Тынық мұхитына жол ашылды. ХҮІІ ғасырдың орта шеніне қарай орыс елдімекендері Приамур, Охот теңізі жағалауларында, Чукоткада пайда болды. 1654 жылы Украина автономды құқықты мемлекет ретіндке Ресей мемлекеті құрамына енді. Алексей Михайлович тұсында капиталистік қатынастар, сауда дамыған Еуропаның ықпал ете бастауы байқалды.
Әлемде коллонияларды иемденіп үлгерген батыс елдерінің технологиялық, әскери салада артықшылығы байқалды. Ресей бұл сәтте теңіз сауда жолына шығу, әскер мен басқарудың жаңа формасын ойлап табу қажет болды.

Ресей империясының құрылуы және аймағының кеңеюі (1682-1796)

Петр І елдің ішкі және сыртқы саясатына радикалды жаңа өзгерістер жасады. 1700-1721 жылдар арлығында өткен Солтүстік соғыс нәтижесінде қуатты швд армиясы талқандалып, ХҮІ ғасырда айырылған жерлер қайтарылды.
Осы соғыстағы жеңістен кейін Сенат ұсынысымен 1721 жылдың 22 қазанында Петр І қабылдауымен Жалпыресейлік император титулы белгіленді. Осы кезден ақпан төңкерісіне дейін бұл титул жалғасып келді:
 Пётр I Алексеевич 1721—1725
 Екатерина I Алексеевна 1725—1727
 Пётр II Алексеевич 1727—1730
 Анна Иоанновна 1730—1740
 Иван VI Антонович 1740—1741
 Елизавета Петровна 1741—1761
 Пётр III Фёдорович 1761—1762
 Екатерина II Алексеевна 1762—1796
 Павел I Петрович 1796—1801
 Александр I Павлович 1801—1825
 Николай I Павлович 1825—1855
 Александр II Николаевич 1855—1881
 Александр III Александрович 1881—1894
 Николай II Александрович 1894—1917
Нева жағасына жаңа портты қала Санкт-Петербург бой көтерген болатын.1712 жылы Ресей астанасы осы қалаға көшірілді.
Петр І реформалары әскерді, басқару саласын, білім жүйесін модернизациялады. Ресейде басшылығы император болатын абсолюттік монархия орнатылды. Императорға тіпті шіркеу де бағынышты болды. Боярлар өз еркіндіктерін толық жоғалтып, дворяндарға айналды. Петр І қайтыс болғаннан ейін двор төңкерістерінің дәуірі басталды.
Елизавета Петровна тұсында билік тұрақтанды. Мәскеу университеті құрылды. Орыс әскерлері Жетіжылдық соғыста (1756-1763) Пруссиялықтарға қарсы сәтті күресті. Ұлы Екатерина тұсында Ресей Түркиямен Қара теңізге шығуға күрес жүргізді. Ең алғаш қағаз ақша қолданысқа енді(ассигнация). Американы игеру басталды.

Ресей ХІХ ғасырдың бірінші жартысынды (1796-1856)
ХҮІІІ ғасырда Ресей Францияға қарсы одаққа кіріп, Наполеон соғыстарына қатысты. Еуропадағы одақтастары жеңілгеннен кейін 1812 жылғы Отан соғысы басталды. Наполеонның мәскеуді алғанына қарамастан соғыс оның жартымиллиондық әскерінің жеңілуімен аяқталды.
1813 жылы Ресей Француз ықпалындағы Германия жерлерін босатып, Парижге кіреді.
Соғыстан кейін Ресейге көтеріліс идеялары ене бастады. Нәтижесінде 1825 жылы декабристердің көтеріліс жасауға деген әрекетімен аяқталды. Көтерілістен шошынған Николай І бүкіл билікті өз қоластына топтастырып, елдің саяси, экономикалық мәдени өмірлерін бақылауға алады.
1853-1856 жылдар аралығында өткен Қырым соғысында Ресей өзінен әскери-техникалық жағынан жоғары батыс елдерінен жеңіліс табады.

ХІХ ғасырдың ІІ ширегіндегі Ресей (1856-1892)

Александр ІІ тұсында Ресейде крепостниктік прво жойылады. 1860-1870 жылдары елді модернизациялау мақстында реформалар жүргізілді.
Осы кезеңде түрік езгісінен оңтүстік слваяндарды құтқару, жаңа жерлерді иемдену сияқты мақсаттармен 1877-1878 жылдары Түрктермен соғыс жүргізді. Нәтижесінде түрік езгісінен Болгария, Сербия, Черногория мемлекеттері босатылды.
Билік басына келген Алесандр ІІІ самодержавиелік билікті одан әрі тереңдетті. Радикалдар репрессияға ұшырап, революцияға қатыстылар өлім жазасына кесілді.
Халықаралық қатынастарда Александар ІІІ даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге ұмтылды. Мәселен Гаагтағы келісім, Ұлыбританиямен жақындасу(1887), Франциямен жақындасу(1893). Осы арқылы оны Еуропада “бітімгер” деген атпен танитын болды.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресей (1892-1922)

Ресей тарихының бұл кезеңі жылдам қарқынмен экономиканың дамуымен ерекшеленді. Донец бассейні ауыр өндірістің орталығына айналды. Реформаторлық (кадеттер т.б.) және революциялық ( эсерлер, большевиктер) бағыттағы партиялар пайда болды.
1904-1905 жылдары Ресей империясы Орыс-жапон соғысы мен Қиыр Шығыста ауыр, ұятты жеңіліс тапты.
1905-1907 жылдары экономикалық және саяси өмірге наразы халық революцилар ұйымдастырды.
1914 жылы Ресей І Дүниежүзілі соғысқа кірді. Соғыс нәтижесі 1917 жылғы монархияны құлатқан ақпан төңкерісі болды.
Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша үкімет елде тәртіпті орната алмады. Осыдан кейін мемлекеттегі билікті В.И. Ленин басшылығымен Большевиктер партиясы алды.
Биліктің жоғарғы органы болып Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттар Кеңесі жарияланды. Атқарушы билікті Халық коммиссарларына тапсырды.
Большевиктер мен меньшевиктер, яңни қызылдар мен ақтар арасындағы Азамат соғысы 1918 жылдан 1922 жылға дейін созылды. Соғыс барысында Ресейден Польша мен Финляндия бөлініп кетті. Азамат соғысы ақтардың жеңілісімен аяқталды.

КСРО-ның құрылуы. Индустрияландыру. Коллективтендіру. Ұлы Отан Соғысы (1922-1953)

1922 жылы 30 желто0санда Украина, Белоруссия және Закавказье елдерімен бірге Ресей Кеңес Социалистік Республикалар Одағын құрды.
1922-1929 жылдары мемлекет Жаңа Экономикалық Саясатты іске асырды. Ленин қайтыс болғаннан кейін ішкісаяси билік үшін күрес болады. Нәтижесінде И.Сталин билік басына келеді. Жеке диктатурасын орнатқан Сталин өз саяси қарсыластарын жояды.
1929-1939 жылдары жүргізілген индустриализация арқылы ел өндірістік және техникалық мүмкіндігін арттырды. Индустриализация ауыл шаруашылығы қаржысына жүргізілгентіктен КСРО экономикасында диспропорция қалыптасты. Ауылда ұжымдастыру саясаты жүргізіліп, бұл үрдіс көпшілік халықың наразылығы мен жаппай ашаршылықты тудырды.
1939-1940 жылдары КСРО-ға бұрынғы иеліктері қайтақосылды: Батыс Белоруссия, Батыс Украина, Молдавия, Батыс Карелия, Прибалтика.
1941 жылы 22 маусымда жасалған Германияның тұтқиылдан шабуылымен Ұлы Отан Соғысы басталды. Алғашында Германия мен оның одақтастары үлкен жетістіктерге жетіп, алып аймақтарды бағындырды. Тек Мәскеуге қолдары жете алмады. Сталинград пен Курск түбіндегі шешуші шайқастардан кейін КСРО әскерлері шабуылға көшті. Соғыс 1945 жылы Берлинді алумен аяқталды.
1944 жылы КСРО құрамына тәулсіз Тува кіреді. 1945 жылы Жапонимен соғыс барысынды Оңтүстік Сахалин мен Курил аралдары алынды. Жалпы соғыс барысында КСРО тарапынан адамдар шығын 30 миллионға жуықтады.
Соғыс нәтижесінде Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде (Венгрия, Польша, Румыния, Болгрия, Чехословакия, ГДР) комунистік режимдер орнатылды. Варшава шарты ұйымы құрылып, Батыспен ардағы қатынас бірден суыды.

КСРО-ның ыдырауы

70-80 жылдары ұлттық этникалық қақтығыстар жиілей бастады.Соған қарамастан Мемлекет басындағылар КСРО-ны «бауырмал халықтың ұйымшыл отбасы» деп атады.Көп ұлтты мемлекеттің билігі бір орталықтанған ,сондықтан барлық билік Коммунистік партия қолында болған болатын.
Көпшілік 70-80жылдарды, яғни Брежневтің билік ету кезеңін, КСРО-ң гүлденген кезеңі деп санаса, Брежнев өлімінен кейін Кеңес Одағы құлдырай бастады. Көптеген зерттеушілер КСРО құлауының нақты себептерін көрсетпейді, әйтседе мүмкін болуларының ішінде келесілерін келтіред:
• Әр көп ұлтты мемлекетте кездесетін орталықтанған тенденциялар
• Стагнация,кейін экономиканың құлдырауына, ол өз кезегінде саяси жүйенің құлауына әкелген Кеңестік жүйенің кемшіліктері
 КСРО экономикасына қатты әсер еткен әлемдік мұнай бағасының түсуі
 КСРО қару-жарақ жарысына төтеп бере алмауы,рейганомиканың жеңісі
 Үкімет басшылары саясатының тиімсіздігі, Брежнев және оның жолын қуушылардың реформалық қызметтері экономиканы құлдыратып,бірорталықтанған билік механизмін жоюы.
 КСРО-ны құлатуда батыс елдерінің қызығушылығы
 Билік үшін күрес
 Елде құлдырау үстіндегі анархия жағдайында саяси және шаруашылық элитаның мемлекетті бөлісіп, жекеменшікте көп иелікке ие болғылары келгендігі
 Ұлттық қайшылықтар,әр ұлттың өз салт-дәстүрін өзі дамытқысы келуі
 Елді демократизациялау салдарынан жеке ұлттардың КСРО-ның бөлуін қалауы
 Тәуелсіз зерттеушілердің пікірінше, КСРО экономикасының құлдырауына Горбачевтің Одақ экономикасының жартысына жақынын ұстап тұрған спирттік ішімдіктерге тиым салуы және т.б
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары КСРО-ң әлеуметтік-саяси, экономикалық өміріндегі қатынастар шиеленісі 1991 ж 21- желтоқсанындағы одақтың өмір сүруінің тоқтатылуына әкелді.
1985 жылы М.С.Горбачев және оның жақтастарының «қайта құру» саясатын бастауынан халықтың саяси активтігі өсті, жаппай, соның ішінде ұлттық қозғалыстар мен ұйымдар құрылды. Кеңестік жүйені реформалауға тырысуы елдегі кризисті одан ары тереңдетті.Саяси сахнада бұл кризисс КСРО президенті Горбачев пен РФСФР президенті Ельциннің арасындағы қайшылықтар негізінде көрінді. 1989 жылы ресми түрде елде экономикалық кризисс басталғандығы жайлы жарияланды. Осы жылдары советтік экономикадағы басты проблема максимумына жетті, яғни үнемі тауар тапшылығы, саудадан күнделікті қолданылатын заттар жоғала бастағандығы(наннан басқа). Бүкіл ел бойынша сауданы карточкалық жүйе бойынша жүргізу енгізілді. 1991ж бастап алғаш демографиялық кризисс байқалды,елде туылымнан өлім көрсеткіші өсті.
КСРО территориясында ұлтаралық қақтығыстар жиілей түсті.Осыған байланысты сөйлейтін болсақ, алысқа бармай-ақ, мысал ретінде өз еліміздегі 1986 жылғы аса озбырлық пен қатыгездікпен басылған жастардың «Желтоқсан» оқиғасын айта кетуге болады.Үкімет басына Колбиннің отыруы, халық үшін жылдар бойы жиналған ызалықтарына түрткі болғандай болды.
Осындай шиеленістің ең шегінен шыққаны Таулы Қарабах қақтығысы. 1988 ж бастап бұл жерде армяндар мен азербайжандар қырғынға ұшырай бастады. 1989 жылы Армян КСР Жоғарғы Кеңесі Таулы Қарабахтың өзіне қосылғандығы жайлы жариялайды,ал Азербайжан КСР болса блокада бастағанын ескертеді.Сөйтіп, 1991 жылдан бастап екі ел арасында соғыс басталды деп айта аламыз.
Осындай шиеленіскен жағдайлар Ферғана даласында да болып өтті.Оның басты себебі бірнеше ортаазиялық ұлтты бір бүтінге біріктірмек болулары.
КСРО-ң ыдырау үстіндегі жағдайын көре отырып, көптеген құрамындағы мемлекеттер болашаққа деген нық сенімдері болмаса да, Одақтың да келешегі шамалы екенін көре отырып, елінің болашақ дамуы үшін мемлекет басшылары егемендіктерін жариялай бастады. Бұл үрдісті алғашқы болып Балтық теңізі маңы елдері бастады.Оның үстіне, 1990 жылы 7 ақпандағы КСРО КП ОК биліктегі монополияның әлсірегенін жариялаған соң,елде алғашқы бәсекелестік сайлаулар өтті. Осының нәтижесінде көптеген одақтық мемлекеттерде билікке либералдар мен ұлтшылдар келді.Олар ортақ одақтық заңдардың республикалық заңдардан басымдығына наразылықтарын білдірді,сондай-ақ жергілікті экономикаға бақылауды өз қолдарына беруді және салықты тікелей одақ бюджетіне төлеуге қарсы шықты.Осы және тағы да басқа шиеленістер өзі оңып тұрмаған одақ арасындағы экономикалық байланысты үзді.
Бұл кризисс әр елге әртүрлі әсер етті, әр ел әртүрлі қабылдады. Литвада 1988 жылы 3 мамырда тәуелсіздік жолындағы Саюдис қозғалысы құрылды. Ал 1990 ж 11 наурызда Литва Жоғарғы Кеңесі ел егемендігі жөнінде жариялады. Сондай-ақ, көршілес Эстонияда 1988ж Эстония Халық Фронты құрылды да, мамырда Таллинде «әншілер революциясы» өтеді. 1990 ж 23 наурызда Эстония Компартиясы КСРО КП мүшелігінен шығатындығын жариялайды, ал кейін 1990ж 30 наурызында Эстония Жоғарғы Кеңесі өз тәуелсіздіктерін жариялайды. Осы кездері Латвияда да Халық Фронтының күшеюі байқалады, олардың негізгі мақсаты -ел тәуелсіздігі еді. 1990 жылы 4 мамырды Латвия Жоғарғы Кеңесі егемендіктерін жариялап, 1991 жылы 3 наурызда осы қабылданған шешім референдум арқылы бекітілді.
Кейін осы тәртіп бойынша Одақтас елдердің көбі өз егемендіктері мен тәуелсіздіктері жайлы қаулылар қабылдап,референдумдар өткізе бастады.Мысалға:
• Украина- 1991ж 24 тамыз
• Қырғызстан- 1991ж 31 тамыз
• Өзбекстан – 1991ж 1 қыркүйек
• Таджикистан- 1991ж 9 қыркүйек
• Армения -1991ж 29 қыркүйек
• Азербайжан- 1991ж 18 қазан
• Түркменстан-1991ж 27қазан
• РФСФР-1991 ж 12 желтоқсан
• Қазақстан- 1991ж 16 желтоқсанда өз тәуелсіздіктеріне қолдары жетті.

Қорытынды

Әлемдегі ең байтақ территорияны иеленетін көпұлтты Ресей Федерциясы мұншама ұлтты, мұншама территорияны құрамына ендіруі тарихтың сан мәселелрімен байланысты. Алғашында шағын Мәскеу князъдығын құрып, кейңннен империяға айналу жолы кімді де болса қызықтырды.
Ресейдің халықаралық мәселелерде де шешуші рөл атқаруын көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Наполеон соғысы, ІІ дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуі, ядролық қаруды ойлап табу, ғарышқа тұңғыш ұшуы, тағысын тағы.
Үш жүз жылға жуық Ресей отары, жетпіс жыл одақтас ел болып келген Қазақстанның Ресеймен тарихи байланыстығының ұзақ тізбегін көрсетеді. Абылайхан дәуірінде Жоңғардан пана іздеп, бас сауғалап одақтас болып барған қазақ ұлты тарихи ұзақ кезеңнің позитивін де негативін де молынан көріп үлгерді. Орыс мәдениеті арқылы батыстық өркениетке де жақындадық. Ал жағымсыз тұстарын елім деп еңіреп өткен Махамбет те, маса боп ызыңдаған Алаш зиялылары да өз кезегінде айтып өтті. Тарихи ажырасуымыздың соңы 1986 жылғы “көтерілістің” болуы да көп нәрсені аңғартады.
Тарихи тамыры терең Ресей мен Қазақстан арасында қазіргі таңда бейбіт, дотық қатынас орнаған, болашағымыз да тек келісім мен тұрақтылық негізінде өрбиді деген сенімдемін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Под ред. В.А. Бердинских. История России. Москва-2005.601 бет.
2. Боффа Д. История Советского союза. Москва-1994. 347 бет.
3. Россия и мир: Учебная книга по истории. Ч.2. Москва-2005. 290 бет.
4. Зуев М.Н.История России с древности до наших дней. Москва-1999. 304 бет.
5. Горский А.А. О времени и обстоятельствах освобождения Москвы от власти Орды // Вопросы истории.1997.№5.с 21-37.

Тест сұрақтары:

1. Рюркевич князъдері құрған ең алғашқы Ресей территориясындағы мемлекет:
а. Ресей Федерациясы;
ә. Киев Русі;
б. Слваяндар мемлекеті;
в. Боспор патшалығы;
г. Төменгі Поволжье.
2. 1237-1240 жылдары Ресейге монғол-татар шапқыншылығын басқарған:
а. Мамай;
ә. Батый;
б. Шағатай
в. Темір;
г. Едіге.
3. Рамановтар династиясы қшан билік басына келді?
а. 1613 жыл 21 ақпан;
ә. 1712 жыл 30 тамыз;
б. 1605 жыл 1 мамыр:
в. 1648 жыл 20 ақпан;
г. 1701 жыл 22 сәуір
4. 1700-1721 жылдары өткен Ресейдің жеңісімен аяқталған соғыс қалай аталады?
а. Жүз жылдық;
ә. Наполеон соғысы;
б. Солтүстік соғыс:
в. Оңтүстік соғыс;
г. Орыс-түрік соғысы.
5. 1712 жылы Петр І шешмімен Ресей империясы астанасы болған қала:
а. Мәскеу;
ә. Сарай;
б. Ярославль:
в. Саратов;
г. Санкт-Петербург.
6. Крепостниктік құқық жойылды:
а. 1861 ж.;
ә. 1721 ж.;
б. 1917 ж.:
в. 1991 ж.;
г. 1936 ж.
7. І Дүниежүзілік соғысқа Ресей қашан кірді?
а. 1917 жыл;
ә. 1941 жыл ;
б. 1812 жыл :
в. 1914 жыл ;
г. 1701 жыл.
8. Ресей империясы қай жылы ыдырады?
а. 1991 жыл;
ә. 1917 жыл ;
б. 1990 жыл :
в. 1936 жыл ;
г. 1731 жыл.
9. Романовтар әулетінің ел басқарған тұңғыш өкілі:
а. Петр І;
ә. Иван ІІІ ;
б. Михаил Федорович :
в. Василий Васильевич ;
г. Екатерина ІІ.
10. Жалпыресейлік император титулының тұңғыш иеленушісі:
а. Николай II Александрович;
ә. Елизавета Петровна;
б. Пётр I Алексеевич:
в. Николай I Павлович;
г. Анна Иоанновна.

Глоссарий

Поместье. Әскери қызметті міндеттейтін жер иелігі.
Ассигнация. Қағаз ақша бірлігі.
Революция. Халық көтерілісі не әскери күшпен биліктің төңкеріліс нәтижесінде ауысу үрдісі.
Рейхстаг. Фашистік Германияның үкімет үйі.
Геноцид. Грек сөзі, қандай да болмасын этникалық, ұлттық немесе діни топтарды толық немесе жарым-жартылай жойып жіберу
Декларация. Латын сөзі, үкіметтің немесе партияның атынан салтанатты түрде жариялау
Импичмент. Ағылшын сөзі, жоғары лауазымды адамдарды қылмысы үшін жауапкершілікке және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі
Капитуляция. Латын сөзі, тізе бүгу, берілу
Лидер. Ағылшын сөзі, саяси партияның, кәсіподақтың т.б. басшысы, ұйымдстырушысы
Мораторий. Латын сөзі, уақытша тоқтату, үзіліс жариялау
Паритет. Латын сөзі, мемлекеттер арасындағы саяси және әскери қарулы күштердің теңдігі, тең қатынас

Категория: Қалғандары | Добавил: Аслан
Просмотров: 13151 | Загрузок: 1355 | Рейтинг: 4.0/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>