Главная » Файлы » Шағын көлемді шығармалар

Агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыру

Скачать реферат с сервера 19.08.2010, 05:12
загрузка...
Агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыру

Елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешу үшін заң актілерінің, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлігін арттыру қажет.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн.
Қазiргi заманғы аграрлық ғылымды дамытуды да естен шығаруға болмайды.
Ауылдық жерлердегi кедейшiлiктi жою үшiн шағын несиелер беру жұмысын кеңiнен өрiстету қажет, оның үстiне ол өзiнiң өмiршеңдігін көрсете де бiлдi.
Осы жылдан бастап ауылдық аумақтарды дамытуға арналған мемлекеттiк аграрлық саясат бағдарламасы iске қосыла бастады. Мен перспективасыз аумақтарға мемлекеттiк инвестициялар тоқтатылатынын естеріңiзге салғым келедi.
Аталған бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыру мақсаттарында Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан ауылдық аумақтар iстерi жөнiндегі комитет құру қажет.
Тұтастай алғанда, 2005 жылдың аяғында қабылданған аграрлық бағдарламаларды есепке ала отырып, ауылдың қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ету, бәсекелестiкке қабiлеттi өнiм өндiру, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажетті жағдайлар жасалуы тиiс.
"Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заң қабылдануына байланысты аграрлық секторда толықтай негiзгi заңдық база қалыптасқан деп есептеймiн.

Категория: Шағын көлемді шығармалар | Добавил: Аслан
Просмотров: 806 | Загрузок: 156 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>