Каспий теңізі - Шағын көлемді шығармалар - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Шағын көлемді шығармалар

Каспий теңізі

Скачать реферат с сервера 19.08.2010, 05:36
загрузка...
Каспий теңізі

Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.

Категория: Шағын көлемді шығармалар | Добавил: Аслан
Просмотров: 1835 | Загрузок: 248 | Рейтинг: 3.7/6
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>