Рады видеть тебя на нашем сайте. Тут ты сможешь найти для себя много полезной информации. На данный момент в каталоге 1477 рефератов, и 1869 новостей. Каждый день добавляются новые материалы.
Главная » Файлы » Шет ел әдебиеті мен тарихы

В категории материалов: 31
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Қазақстан мен Орта Азия тарихнамасында кейінгі орта ғасырлар тарихы жайлы айтқанда, еске түсірмей немесе айтпай кетуге болмайтын бір тұлға бар. Ол - Мұхаммед Хайдар Дулати. Толықтай атасақ, Мұхаммед Хайдар бен Мұхаммед Құсайын Керехан Дулат мырза. Әдеби шығармаларда Мырза Хайдар немесе Хайдар мырза деген атпен беріледі.

Глюк өзінің шығармашылығында опрены жоғары қойды. Өйткені, Глюктің айтуы бойынша оперваны адамдар тек тыңдап қана қоймай, содан өнеге, тәрбие алуы дұрыс. Глюк үшін операның мазмұны маңызды рөль атқарады. Операның реформасы либреттоның реформасы деп саналды.

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады.

Тұмар (Томирис) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) – күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530)

Түмән ұлы Мүде қаған (ж.ж.с.д. 228-174) Сиуңну (Ғұн) империясының негізін қалаушы, жеке тағдыры қызық та қасіретті оқиғаларға толы, қаталдығы мен даналығы қабат өріліп жатқан күрделі тарихи тұлға. Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «чәниүй» деп атайды.

Тоныкөк (Тоңыұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.

Мыңзықұлы Еділ (Аттила) қаған батыстағы Ғұн (сиуңну) империясының аты аңызға айналған әйгілі билеушісі, адамзат тарихында өзіндік орыны бар тарихи ірі тұлға. Оны Еуропа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы» деп те атайды.

Майқы би (ХІІ – ХІІІғғ.) – халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар.

Құтылығұлы Күлтегін (684-731ж.ж.) Екінші Шығыс Түркі қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түркінің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның трбиесінде өскен Күл тегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түркі еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі.

Қарабура (ХІ ХІІ ғғ.) оғыз қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы, дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері. Шыққан тегі тама руынан. Туып өскен жері, ғұмыр кешкен мекені Шу, Талас, Сырдария, Еділ, Жайық өзендерінің бойы, сахара жұртының сол алаптардағы көшпелілік пен отырықшылықты тоғыстырған ортасы. Топырақ бұйырған жері Қаратаудың етегі, Созақ елді мекені.

1-10 11-20 21-30 31-31