Главная » Файлы » Тест сұрақтары

Қазақ тілінен 10 сыныпқа лексика-грамматикалық тест тапсырмалары

Скачать реферат с сервера 26.09.2010, 21:00
загрузка...
10-сынып

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

Нұсқау:
4 нұсқадан бір дұрыс жауабын таңдайсыз.

1. Мағыналас сөздердің қатарын белгілеңіз.
А) арыз, шағым
В) арман, бақыт
С) қызыл, жасыл
D) бауыр, бауырсақ

2. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
Дәулеткерей – дарынды күйші. Ол ескіше хат ... .
А) танытты
В) таныған
С) танымақ
D) таныр

3. Дұрыс жауабын табыңыз.
- Қанат мырза, ... мәжіліс бар, ұмытпаңыз.
А) былтыр
В) кеше
С) алдын күні
D) бүгін

4. Дұрыс нұсқасын белгілеңіз.
Білім - ... кен.
А) таусылар
В) таусылған
С) таусылмайтын
D) таусылса

5. «Беті» сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын белгілеңіз.
- Бұл жігіттің жүзі маған таныс сияқты.
А) жігіт
В) жүзі
С) маған
D) таныс

6. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Есіл ... сол жағалауында жаңа ғимараттар салынып жатыр.
А) өзенге
В) өзені
С) өзен
D) өзенінің

7. Қажетті сөзді белгілеңіз.
Маған көк папкадағы ... әкеліп беріңіз.
А) құжаттардың
В) құжаттарға
С) құжаттарды
D) құжаттармен

8. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
Жападан ... .
А) екеу
В) жалғыз
С) үшеу
D) бәрі

9. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
Маған ана ... беріп жіберіңізші.
А) қаламға
В) қалам
С) қаламды
D) қаламмен

10. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
Балқаш Алакөлден ... .
А) тереңірек
В) тереңдік
С) тереңдігі
D) тереңнен

11. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
Сен алдыңғы күні ... бе?
А) келесің
В) келдің
С) келе жатырсың?
D) келемісің

12. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
Сіздің пәтеріңіз ...?
А) нешінші
В) неше
С) не
D) екіден

13. Дұрыс жауапты табыңыз.
1930 жылдары Қарағанды өнеркәсіпті ... айналды.
А) қаланы
В) қала
С) қалаға
D) қаламен

14. Дұрыс жауапты табыңыз.
А) Оқушылар көшеге ағашта отырғызды.
В) Оқушылар көшеге ағаш отырғызылды.
С) Оқушылар көшеге ағашты отырғызылды.
D) Оқушылар көшеге ағаш отырғызды.

15. «Енді» сөзіне сұрақ қойыңыз.
А) қалай
В) қашан
С) қайда
D) қанша

16. Мағыналас сөздерді табыңыз.
Мұғалімдер бүгін кеште ана-аналар жиналысы болатындығын хабарлады.
А) жарсалу, шақырмау
В) айту, шақыру
С) құлақтандыру, жариялау
D) хабарламау, айтпау

17. Мағыналас сөздерді табыңыз.
Кеше парламентте депутаттардың алғашқы мәслихаты болып өтті.
А) кеш, апталық, кеңес
В) концерт, жиын
С) айтыс, отырыс
D) жиналыс, мәжіліс

18. Дұрыс жауапты табыңыз.
Сендер Түркияға сапар ... .
А) шегеміз
В) шегесіздер
С) шегесіңдер
D) шегемін

19. Дұрыс жауапты табыңыз.
Қазір біз «Абай» қойылымын ... .
А) көрейін
В) көрейік
С) көрсін
D) көріңіз

20. Дұрысын таңдаңыз.
А) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы
В) Алматы ғылым академиясы
С) Ұлттық Ғылым кітапхана
D) Республикалық ғылым академия

21. Дұрыс жауапты табыңыз.
Жақсы бала - ... мақтанышы.
А) ата-ананың
В) ата-анамның
С) ата-анасы
D) ата-анам

22. Дұрыс жауапты табыңыз.
... бала кезінде құмартқан өнерінің бірі – сурет салу болған.
А) Шоқанның
В) Шоқанда
С) Шоқанға
D) Шоқанмен

23. Асты сызылған сөздің баламасын көрсетіңіз.
Қазақстанның табиғаты - әсем.
А) бай
В) таза
С) сұлу
D) сұрықсыз

24. Асты сызылған сөздің баламасын көрсетіңіз.
Қу түлкі ұстатпады.
А) айлакер
В) аңқау
С) ақымақ
D) менмен

25. Диалогті аяқтаңыз.
- Ғалия, сен аудармашысың ба? – Иә, мен ... .
А) аудармашысың
В) аудармашы
С) аудармашымын
D) аудармашысыз

26. –сің жалғауын тиісті жерге қойыңыз.
А) Сендер күнде уәде бере... ме
В) Сен күнде күте... бе
С) Олар күнде күте... ме
D) Ол күнде уәде бере... ме

27. Асқар – қаланың қонағы. Оған көмектесу үшін қандай ұсыныс жасар едіңіз?
А) – Онда мен сізді қыдыртайын. Қаламен таныстырайын.
В) – Кешіріңіз, қазір менің қолым бос емес. Жұмысым көп.
С) - Өкінішке орай, мен де қонақпын. Сағат жетіде пойызға шығамын.
D) – Кешіріңіз, зауқым жоқ. Шаршап отырмын.

28. Жәмила жұмыс істейді. Жалақыны банкоматтан алады. Бүгін ақша түскен күн. Жәмила: «...», - деп жұмыстан соң банкоматқа келді.
А) Ақша түскен шығар, көрейін.
В) Ақша түскен шығар, көріңіз.
С) Ақша түскен шығар, көрсін.
D) Ақша түскен шығар, көріңдер.

29. Жаман жолдастан жалғыздық артық. ... жақсы жолдас артық.
А) жалғыздықтан
В) жалғыздықпен
С) жалғыздықта
D) жалғыздыққа

30. Сөйлемді толықтырыңыз.
Отан - ... ыстық (қазақ мақалы).
А) жалыннан да
В) оттан да
С) шоқтан да
D) күннен де

31. Сөйлемді толықтырыңыз.
Бурабай көлінің суы тұщы ... мөлдір.
А) мен
В) және
С) шейін
D) бірге

32. Қарсы мағынадағы сөзді табыңыз.
Ашу - ..., ақыл - ... . (мақал)
А) жаны, қасы
В) алға, ілгері
С) жақсы, жақсылау
D) дұшпан, дос

33. Қарсы мағыналы сөзді табыңыз.
Ең тәтті де – тіл, ең ... да – тіл. (мақал)
А) жақсы
В) ұзын
С) кең
D) ащы

34. Сөйлемді толықтырыңыз.
Адам ынтамен жұмыс істейтін ..., жұмыс анағұрлым нәтижелі болмақ.
А) болмақ
В) болар
С) болмаса
D) болса

35. Асты сызылған сөзді мағынасы жақын сөзбен алмастырыңыз.
Қиындыққа шыдамды бол!
А) төзімді
В) ұстамды
В) қайратты
D) күшті

36. Көп нүктенің орнына дұрыс жауабын қойыңыз.
Қазақ халқының аңыз әңгімелерінде Қожанасыр ... адам ретінде бейнеленеді.
А) ержүрек, батыр
В) айлакер, қу
С) тапқыр, сабырлы
D) ақкөңіл, аңқау

37. Сөйлемнің өткен шақтағы дұрыс жауабын табыңыз.
Нұрлан хат жазып отыр.
А) Нұрлан хат жазды
В) Нұрлан хат жазбақшы
С) Нұрлан хат жазар
D) Нұрлан хат жазады

38. Сөйлемді толықтырыңыз.
Үйге ... жаяу барамын.
А) дейін
В) кейін
С) таман
D) жөнінде

39. «Барлық» сөзімен мағынасы бірдей сөздер.
А) ортақ, жалпы
В) күллі, барша, бәрі
С) әдемі, сұлу, көркем
D) әлем, ғалам

40. «Табылды» сөзінің негізгі түбірін табыңыз.
А) табыс
В) табысты
С) табыл
D) тап

41. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
... кешке баруым керек еді.
А) Қап
В) Алақай
С) Тәйт
D) Шіркін

42. «Даңқты» сөзінің мағыналас сөзін табыңыз.
А) атты
В) атақ
С) атқосшы
D) атақты

43. Қажетті сөзді қойыңыз.
Мен кезектің ... .
А) соңынан
В) соңымын
С) соңынан
D) соңын

44. Дұрыс жауабын табыңыз.
... ауласы кең және таза.
А) Оқушының
В) Мектептің
С) Студенттердің
D) Мұғалімдің

45. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.
Айнұр – сымбатты қыз.
А) ажарлы
В) мейірімді
С) ажарсыз
D) көңілді

46. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.
Бағдарламаның өз ерекшелігі бар.
А) өзгешелігі
В) жетіспеушілігі
С) кемшілігі
D) жетістігі

47. Дұрыс тұлғаны көрсетіңіз.
Менің атам халық әндерін тыңда...ды жақсы көреді.
А) –ген
В) –ған
С) –қан
D) – кен

48. Сөйлемді толықтырыңыз.
Атақты жазушыны мәңгі есте қалдыру ... ескерткіш ашылды.
А) туралы
В) жайында
С) арқылы
D) маөсатында

49. Сөйлемді толықтырыңыз.
Ол – қайырымды, ... адам.
А) адал
В) ақылды
С) мейірімді
D) көңілді

50. Сөйлемді толықтырыңыз.
Мен тез, ... сөйлеймін.
А) баяу
В) ақырын
С) жылдам
D) жай

51. Сөйлемді толықтырыңыз.
Құда түсу - ... келе жатқан жақсы дәстүрлердің бірі.
А) қазірден
В) бағанадан
С) былтырдан
D) ертеден

52. Мысалды жалғастырыңыз.
«Бала... үй – базар, бала... үй – қу мазар»
А) – лы, -сыз
В) –мен, -сы жоқ
С) –сы бар, -сыз
D) –лар бар, -лар жоқ

53. Қажет мысалды табыңыз.
... әңгіме басталып кетті.
А) Қызық
В) Қызыл
С) Кең
D) Томпақ

54. Сұраққа жауап бергенде қолданылатын құралдық мағынаны білдіретін мысалды табыңыз.
Сіз немен жаздыңыз?
А) қаламмен
В) қайықта
С) жазда
D) жігітпен

55. «Оқушы сөзінің орнына қолдануға болатын мысалды көрсетіңіз.
А) жас
В) бала
С) шәкірт
D) сарапшы

56. «Шаһар сөзін қай сөздің орнына қоюға болатынын белгілеңіз.
Суретте шағын қала бейнеленген екен.
А) шағын
В) қала
С) суретте
D) бейнеленген

57. Керек сөзді белгілеңіз.
..., тезірек келіңдер.
А) Келсеңдер
В) Келсек
С) Келмесеңдер
D) Келіпті

58. Көп нүкте орнына керек сөзді қойыңыз.
- Сен қай кинотеатрға бара жатырсың? – «Арман... .
А) кинотеатр
В) кинотеатрға
С) кинотеатры
D) кинотеатрына

59. Керек сөзді белгілеңіз.
Сіздің жеке куәлігіңіз ана ... жатыр ғой.
А) үстелде
В) үстелге
С) үстелмен
D) үстелдің

60. Керек сөзді белгілеңіз.
Қаңтардың ... жұлдызында бәріміз шипажайға барамыз.
А) жиырмада
В) жиырмасында
С) жиырмасыншы
D) жиырма

Оқылым бөлігі

Оқыңыз.

Су - тіршілік көзі

Дастан: Салтанат, не оқып отырсың?
Салтанат: Мына бір мақала қызық екен.
Дастан: Қандай мақала?
Салтанат: «Суды да қарызға алып жүрмейік» деген. Су маманының көзімен қарасақ, көп мәселе жатыр екен. Ал біз назар аудармаймыз.
Айнұр: 2003 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының халықаралық ауыз су жылы деп жариялануының өзінде үлкен мән бар. Өйткені су – тіршілік көзі, ұлттың денсаулығы, тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, бүкіл әлемнің болашақ өмірінің кепілі.
Дастан: Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын ауыз су сапасының тым төмендігінен 5 млн. адам өледі екен. Бұл дегеніңіз - бір жылда кішігірім бір мемлекеттің халқы жойылып кетіп отырады деген сөз.
Салтанат: Мына мақалада айтылған деректер бойынша, жалпы, ТМД бойынша, Қазақстан сумен жабдықталу жағынан ең төменгі орында екен. Еліміздегі өзен ағынының 56 пайызы ғана өз территориямызда құрылады екен. Бұл ахуал Қазақстанды өзен бастауында орналасқан мемлекеттерге (Қытай, Ресесй, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) тәуелді етіп отыр.
Шынболат: Тұрғындар мен экономиканы сумен қамтамасыз етудің нашарлығы бірнеше себептерден тұрады. Бірінші себеп – трансшегаралық өзен сулары көлемінің азаюы. Екінші себеп – климаттың өзгеруіне байланысты жергілікті сулардың 10-12 пайызға кемуі. Алдағы уақытта бұл жағдай бұрынғыдан күрделене түседі. Өйткені дүниежүзінің климат зерттеушілерінің айтуынша, климаттың жаһандық жылына бастауына орай, жер бетінде бірнеше аймақтық өзен-сулары тартылып кетпек. Сол көрсетілген аймаққа Қазақстан да еніп тұр. Бұл мәселені «География институты» МЕК директор орынбасарының айтуынша, шешудің екі жолы бар, - дейді ғалымдар. Біріншісі – жерасты ресурстарын кеңейту, қолда бар су ресурстарын үнемдеп пайдалану. Екіншісі - Сирия, Израиль елдеріндегідей суды үнемдеудің жаңа технологияларын ендіру.
Гүлназ: Ал «Алматы гидрология» ЖШС бас директорының айтуынша, экономика үшін де, тұрғындар үшін де алдағы уақытта пайдаланатын су көлемі жыл өткен сайын азайғаны –азайған.
Алматы жерасты суларын пайдалану өте азайып кетті. Ауыз суына пайдаланатын нағыз байлық жер астында жатыр.
Кәмилә: Бізде, ащы да болса, мойындамайтын бір шындық – астана, серіктес қалалар салуды қолға аламыз да, еретеңгі күні ауыз сумен қалай қамтамасыз ететінімізді қаперімізге алмайтын жаман әдет қалыптасып отыр. Бүгінде Астана халқын таза ауыз суымен жабдықтау – үлкен мәселеге айнала бастады. Меніңше, су құбырларын тартқан кезде де бағыт-бағдарсыз жұмыс істеуге болмайды.
Айсәуле: ауылшаруашлығы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 15 жылда Қазақстандағы суармалы жер көлемі 2,5 миллионнан, 1,2 миллионға түскен. Қандай себептерден дейсіздер ғой, дұрыс суарылмағандықтан, яғни шектен тыс суарылған. Ал, шектен тыс суарылған алқаптар тұзданып, өз өмірлігін жойып, істен шығатыны белгілі. Осындай қарқынмен барды оңды-солды шаша беретін болсақ, суды сырттан қарызға сұрауымыз да мүмкін. (Негізгі мәліметтер «Айқын» апталығынан алынды 03.05.07).

Мәтінге байланысты түсінікті тексеруге арналған тест тапсырмаларын орындаңыз.
61. Қажетті сөзді таңдаңыз.
2003 жылды БҰҰ халықаралық .... деп жариялаған.
A) жер күні
cool су күні
C) ауыз су жылы
D) теңіз күні

62. Сөйлемді аяқтаңыз.
Өйткені су – тіршілік көзі, ұлттың .....
A) мақсаты
cool міндеті
C) идеясы
D) денсаулығы

63. Сөйлемді мәтінге қатысты байланыстырыңыз.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын 5 млн адам өледі екен, ...
A) себебі ауыз су жоқ
cool себебі ауыз су сапасы тым төмен
C) себебі соғыстар көп
D) себебі апаттар көп

64. Сөйлемді аяқтаңыз.
ТМД бойынша Қазақстан сумен жабдықталу жағынан .....
A) өте жақсы
cool жоғары деңгейде
C) ең соңғы жағында
D) алдыңғы орында

65. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Тұрғындар мен экономиканы сумен қамтамасыз ету нашар, себебі .....
A) трансшегаралық өзен сулар көлемі азайған
cool күн өте ыстық
C) басқара алмаймыз
D) қар, жаңбыр жаумайды

66. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Бұл мәселені шешуге болады, өйткені .....
A) жерасты сулары бар және суды үнемдеу технологиясы да бар
cool қаржы-қаражат көп
C) трансшегаралық өзендер көп
D) жаңбыр көп жауады

67. Сөйлемді толықтырыңыз.
Ауыз суына пайдаланатын нағыз байлық ..... жатыр.
A) жер үстінде
cool жер астында
C) аспанда
D) қаржыда

68. Асты сызылған сөзге сәйкесін табыңыз.
Қала салуды қолға аламыз да, оны ауыз сумен қалай қамтамасыз ететінімізді қаперімізге алмайтын жаман әдет қалыптасып отыр.
A) ойымызға, есімізге
cool қаперге
C) қателікке
D) жаңсақтыққа

69. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Қазақстанда суармалы жер көлемі 2,5 миллионнан 1,2 миллионға түскен, себебі .....
A) дұрыс суарылған
cool дұрыс суарылмаған
C) жақсы өңделген
D) жер көп

70. Алқаптар өз өнімділігін жойған, себебі .....
A) шектен тыс суарылған
cool ешқандай суарылмаған
C) су жетпеген
D) тыңайтқыш аз

***
Футбол - әлемдегі ең танымал ойын. Футбол милиондардың спорты. Адамдар Англяны қазіргі футбол отаны деп таниды. Бірақ көптеген басқа да мемлекеттер де осы ойынның «аталары» бола алады. Египетте, Грецияда, Жапоняда, Қытайда тарихшы – ғалымдар көне доптарды тапқан. Қытайда футбол ойыны дзу-ню, көне Грецияда – Эпискирос, Жапоняда – Кемари деп аталған. Адамдар ресми түрде Англяда XIX ғасыр ортасында футбол ойнай бастаған. Онда 4 футбол тобы болған. Арнайы алаңда ойнаған. 1871 жылы Англияда бірінші футбол ойыны болды, ал 1872 жылы ағылшын және Шотланд командасының бірінші кездесуі болды.
1904 жылы спортсмендер халықаралық футбол ассоциациясын – ФИФА-ны ұйымдастыруды шешті. Француз Роберт Герек оның тұңғыш президенті болды.
Әйелдер де спортты жақсы көреді. XX ғасырдың басында алғашқы әйелдер командасы футбол ойнай бастады. Ал қазір әйелдер футболы олимпиада ойынының бағдарламасында бар. (Баспасөз беттерінен)

71. Мәтінге нақтырақ атау таңдаңыз. (Выберите наиболее точное название текста)
A) Футбол тарихы
cool Англя – футбол отаны
C) Футбол - әйелдер ойыны
D) ФИФА туралы

72. Әдетте, адамдар ... футбол отаны деп санайды.
A) Грецияны
cool Францияны
C) Англияны
D) Қытайды

73. Адамдар футболды ресми түрде ... ойнай бастады.
A) XIX ғасырда
cool XX ғасырда
C) XV ғасырда
D) XVIII ғасырда

74. Англяның бірінші футбол турнирі ... болды.
A) 1872 жылы
cool 1871 жылы
C) 1870 жылы
D) 1876 жылы

75. Футболистер бірінші рет футболды ... ойнады.
A) Стадионда
cool Арнайы алаңда
C) Үлкен алаңда
D) Жабық алаңда

76. 1872 жылы ... бірінші кездесуі болды.
A) Англя және Француз командасының
cool Англя және Германия командасының
C) Англя және Шотландия командасының
D) Англя және Жапон командасының

77. ФИФА-ның бірінші президенті Роберт Герен ...
A) Франциядан
cool Англядан
C) Жапониядан
D) Қытайдан

78. Олимпиада ойындары бағдарламасында ... бар.
A) Тек қана ерлер футболы
cool Ерлер және әйелдер футболы
C) Әйелдер футболы
D) Тек қана әйелдер
***
Сіздің шет тілін оқығыңыз, білгіңіз келетін шығар, мысалы испан тілі? Онда сізге Испаняға бір жылға баруыңыз керек немесе испанша сөйлейтін елге барып, бір отбасында тұруыңыз керек. Бір жылдан кейін сіз испанша жақсы білесіз және тамаша сөйлейсіз. Халықаралық тіл мектебі сізге елді таңдауға және отбасын табуға көмектеседі.

79. Бұл мақала ... туралы.
A) Отбасы туралы
cool Оқу туралы
C) Испания туралы
D) Испан мектебі туралы

80. Сөйлемді аяқтаңыз.
Мәтін мазмұны халықаралық тіл мектебінің ...
А) жарнамасы
В) хабарламасы
С) хабары
D) ұсынысы

Категория: Тест сұрақтары | Добавил: Косжанов
Просмотров: 17345 | Загрузок: 1013 | Рейтинг: 4.4/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>