Главная » Файлы » Құқық

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Скачать реферат с сервера 19.08.2010, 06:12
загрузка...
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте 2 мағынада қолданылады: кең және тар. Кең мағыналы сайлау жүйесі дегеніміз Қазақстан Республикасындағы сайлау өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Тар мағынадағы сайлау жүйесі дегеніміз сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен оны өткізетін мемлекеттік органдар сайлау комиссиялары болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілі болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Сайлау нәтижесі бойынша бір ғана депутат сайланатын округ 1 мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстанның парламент мәжілісінің 67 депутаты осы жоспар бойынша сайланады. Қазақстан Республикасының аумағы 67 округке бөлінеді.

Нақтылы сайлау учаскесінде азаматты сайлаушы ретінде тізімге енгізу үшін белгілі бір аумақта тұрғылықты тізімнен өткізу керек. Сайлау комиссиясында кандидаттарды тіркелген күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталады. Сайлау алдындағы үгіт сайлаушылардың белгілі бір кандидатты саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге түрткі болу мақсатында атқарылатын қызмет.Сайлау болатын күні және сайлау болатын күннің алдынғы күні үгіт жүргізуге тиым салынады. Сайлау Республикалық бюджет қорынан қаржыландырылады. Әрбір сайлаушы тек қана өзі дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа адамға беруге және сол сияқты басқа адам үшін дауыс беруге тиым салынады. Жекеленген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіне байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00 – ден кешіктірмей беретін жазбаша өтініші бойынша ол сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруін ұйымдастыруы тиіс.Сайлау бюллютендері жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырылады. Сайлаушы өзі дауыс беретін кандидат тегінің оң жағындағы бос шаршының ішіне қаламен кез келген белгі соғады. Дауыс беру біткен соң беллютеньдер салынған жәшікті ашқанға дейін учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімі бойынша биллютеньдер алған сайлаушылардың есебін жүргізеді. Және олардың жалпы санын анықтайды.

Дауыс беру арнайы бөлінген үй жайларында өткізеді. СҚН бұзған үшін әкімшілік және қылмыстық заңдық жауапкершіліктер тағайындалады. ҚР-ның әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 11-ші тарауында “азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылығы” деп аталатын арнайы тарау еңгізілген.

Автор: Қосжанов Аслан

www.zOx.kz сайты үшін жазылған реферат

Категория: Құқық | Добавил: Аслан
Просмотров: 5059 | Загрузок: 759 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 1
1  
отличный реферат

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>