Главная » Файлы » Құқық

Қазақстанда бала асырап алу рәсімі

Скачать реферат с сервера 02.11.2010, 13:30
загрузка...
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды халықаралық асырап алу рәсімі

Қазақстан Республикасының қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті қамқоршы және қорғаншылық органдарына біздің елдің дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:

1. баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш;

2. қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік саналары туралы есеп;

3. қаржылық жағдайы туралы анықтама;

4. отбасылық жағдайы туралы анықтама;

5. денсаулық жағдайы туралы анықтама.

6. шетел мемлекетінің құзырлы органдарының бала асырап алуға рұқсаттары;

7. асырап алынған балаға шетел мемлекетіне келу және тұрақты тұру рұқсаты.

Қолдаухат материалдарын қарау барысында басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

Мәселен, асырап алуға кандидаттардың азаматтығы әр түрлі болған жағдайда, олар асырап алуға екі мемлекеттің құзырлы органдарынан қосымша рұқсат, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар азаматы болып табылатын елдерге асырап алынған балаға келу және тұру рұқсатын алулары қажет. Сонымен қатар, Қазақстанның азаматы болып табылатын баланы асырап алу және балаға келу мен тұру рұқсаты, бала асырап алу мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның кепілдік хаты ретінде орындалатын болса, жеткілікті.

Барлық аталған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және ресмилендірілген немесе апостильденген болулары қажет.

«ҚР азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға ниет білдіруші шетел азаматтарын есепке алу туралы» ережеге сәйкес, шетелдердегі Қазақстанның консулдық мекемелерінде шетел азаматтарын арнайы есепке тұрғызу жүргізіледі.

Қолдаухат материалдары қамқоршылық және қорғаншылық органдарға жіберіледі. Ол жерден асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режім болса, ҚР дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетелдікке елге келу үшін арнайы виза береді. Бұл виза тек Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің немесе оның облыстық департаменттерінің шақыру хаттары негізінде берілуі мүмкін. Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы: туристік, іскерлік) асырап алу мақсатымен Қазақстанға келуге рұқсат етілмейді.

Қазақстанға келгеннен кейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде шетелдіктер баланы таңдап, онымен тікелей қатынас орнатуға міндетті (баламен және оның қылықтарымен жеке танысу).

Баланы асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері бойынша, асырап алу сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жөніндегі істердің қаралуын, сот ерекше өндіріс тәртібінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу заңнамасында көзделген ережелер бойынша жүргізеді.

Соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін, Қазақстанның АХАЖ және көші-қон органдарында асырап алынған балаға асырап алу және туу туралы куәліктер, сонымен бірге, ҚР ұлттық паспорты ресімделеді.

Балаларды консулдық есепке алу олар Қазақстан Республикасынан тысқары кеткенге дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде жүзеге асырылады. Балаларды консулдық есепке алған үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен бекітілген мөлшерде консулдық алым алынады. Балаларды есепке алу үшін асырап алушылар төмендегі құжаттарды ұсынады:

1. асырап алынған ұл (қыз) баланы консулдық есепке алу туралы өтініш (1 қосымша);

2. балаларды есепке алудың толтырылған жеке карточкасы (2 қосымша);

3. баланың 2 фотосуреті;

4. ішкі істер органдарының шетелде тұрақты тұру орнына жол жүруге арналған рұқсат жазбасы бар ҚР ұлттық паспорты;

5. ұл (қыз) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың нотариалданған көшірмелері;

6. нотариалды түрде куәландырылған баланың туу туралы және ұл (қыз) баланы асырап алу туралы куәліктердің көшірмелері.

Балаларды есепке алу процесіне, асырап алушылардың міндетті түрде жеке қатысуы оларды азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасында құқықтары мен міндеттері белгіленген өкіл ұстау құқығынан айырмайды. Мұндай жағдайда асырап алушылар өздерінің өкілдеріне нотариалды куәландырылған сенім хат берулері қажет.

Паспортында есепке алынғандығы туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің мөртаңбасы болған жағдайда қосымша консулдық мекемеде тіркелгендігі туралы мөртаңбаны қою талап етілмейді. Балалардың Қазақстаннан кетуін паспортында ҚР ішкі істер органдарының шетелде тұрақты тұруға кетуге арналған рұқсат жазбасы, сондай-ақ ҚР СІМ есепке алынғандығы туралы мөртаңба болған жағдайда асырап алушы ата-аналар жүзеге асырады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баланың есепке алынғандығы туралы оның одан ары тұратын мемлекетіндегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне хабарлайды.

Асырап алынған ұл (қыз) баланың тұрғылықты орны өзгерген жағдайда, асырап алушылар бұл туралы аталған баланың есепте тұрған консулдық мекемеге ҚР азаматы – асырап алған ұл (қыз) баланың тұрғылықты орны өзгергендігі туралы жазбаша хабарлама арқылы хабарлайды. Бұл рәсім Қазақстанның азаматы болып табылатын баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесі жөнінде хабардар болу үшін және қажетті жағдайда оған көмек көрсету үшін қажет (жоғалтылған құжатты қалпына келтіру, жаңа паспорт беру, паспорт мерзімін ұзарту және т.б.).

Шетел азаматтарымен асырап алынған бала ҚР заңнамасына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін ҚР азаматтығын сақтайтынын есте сақтау қажет. Аталған баланың ҚР азаматтығынан шығуына тек оның кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және оның ниеті бойынша жол беріледі. Осыған сәйкес, баланың Қазақстанға келуі мен кетуі тек ҚР азаматының паспорты негізінде ғана жүзеге асырылуға тиіс.

Шетел азаматтары Қазақстаннан баланы асырап алғанда, оның болашағы үшін өздеріне үлкен жауапкершілік алады. Асырап алынған бала ҚР азаматы болып табылатынын біле тұра, шетел азаматтары өз мемлекетінің заңнамасына және Қазақстанның заңнамасына құрметпен қараулары қажет және аталған заңнамада белгіленген барлық талаптарды орындаулары тиіс.

Категория: Құқық | Добавил: Косжанов
Просмотров: 4569 | Загрузок: 550 | Рейтинг: 3.1/9
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>