Главная » Файлы » Құқық

Сайлау құқығы

Скачать реферат с сервера 19.08.2010, 06:24
загрузка...
Сайлау құқығы

Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасының азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР конституциясы 33-бап) Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Сайлау құқығы-мемлекеттік органдардың сайлауын өткізудің тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Қазақстан Республикасында Президент, Парламент және Республика маслихаттарының депутаттары, жергілікті басқару органдарының мүшелері сайланып қойылады.

Сайлау еркіндігі кез келген азаматтың сайлауға қатысуға құқығы бар екендігін, сонымен қатар өзінің көзқарастарына қатыссыз адал да әділетті күресте сайлануға нақты мүмкіндіктерге иеленуі дегенді білдіреді.

Сайлауда әркімнің дауысы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ықпал етуі. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаған таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елеміздің болашақтағы дамуын айқындайды.

Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет.

Сайлау бостандығын қамтамасыз етуге арналған бірқатар нақты шаралар бар. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңда сайлау еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар тікелей көрсетілген. Олар: соттар, прокуратура органдары, ішкі істер органдары.

Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбілеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіру ықтиярлы түрде жүзеге асады.

Президентікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау қорытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы.

Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді.

Автор: Қосжанов Аслан

www.zOx.kz сайты үшін жазылған

Проверено Администратором | Ошибок не обнаружено!!!

Категория: Құқық | Добавил: Аслан
Просмотров: 6535 | Загрузок: 1152 | Рейтинг: 3.3/16
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>