Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың құрамдас бөлігі ретінде парақорлық қылмыстар - Құқық - Тегін рефераттар - www.Zox.kz - Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Құқық

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың құрамдас бөлігі ретінде парақорлық қылмыстар

Скачать реферат с сервера 03.09.2010, 19:59
загрузка...
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ............................................................................................................4

1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
1.1. Парақорлықтың объектісі мен заты..................................................5

2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ
1.2. Пара алудың объективтік жағы.........................................................16
1.3. Пара алудың субъектісі......................................................................50
1.4. Пара алудың субъективтік жағы.......................................................62

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.................................................................68

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, парақорлық құрамының объективтік және субъективтік белгілерінің ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кеңінен сөз болады.
Негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады.
Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді.
Парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.

1 ТАРАУ ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

2.1.Парақорлықтың объектісі мен заты

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. (1) Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.
Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.
Кеңестік одан кейін Қазақстан қылмыстық құқық теориясы өзінің өмір сүрген кезінен бастап қылмыс объектісі әрқашан да белгілі бір қоғамдық қатнастар болып табылады деген ұғымды ұстанып келді
Көптеген авторлар қылмыс объектісі жайлы осындай ұғымның принципиальды маңыздылығының астын сызып, олардың кез келген қылмыстық қол сұғудың әлеуметтік мәнімен қоғамдық қауіптілігін дұрыс түсінуі үшін ерекшелігін атап көрсетеді. Бұның маңызы өте зор, себебі қазіргі кезде қылмыс объектісінің басқа анықтамасын беруге тырысушылық орын алып отыр. Атап айтқанда, Г.П.Новоселов қылмыс объектісі деп бір немесе көп адамға қарсы жасалған қылмыс деп түсіндіреді. В.В.Наумов кейбір жағдайларда қоғамдық қатынас қылмыс объект теориясы ретінде жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселе жөнінде біз пікір талас жасамай қылмыс объектісі анықтамасын қоғамдық қатнас ретінде қараған жалпы қабыдданған көзқарасқа қосыламыз.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін үш сатылы жүйелеу кең таралды. Бұл жүйені ең бірінші 1938 жылы В.Д. Меньшагин ұсынды және көптеген жылдар бойы ешқандай күдік тудырмады. Бірінші рет оны Б.С.Никифоров сынады, ал кейінірек басқа да кейбір ғалымдар осы сынға қосылды.
Қазақстан Республикасындағы ҚК құрылымы бойынша парақорлықтың топтың объектісіне мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Қазақстан Республикасы ҚК бұрыңғы 13 бөлімінен шығатын бұл анықтама, біздің пікіріміз бойынша толық емес, себебі онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі қамтылмаған.
Бұл жерде мәселе мемлекеттік билік пен жергілікті өзін басқару органдарының арақатынасы жайлы, нақты айтқанда – жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық табиғатын анықтауда болып отыр.
1997 жылғы Қазақстан Республикасында ҚК қабылдаудан көп бұрын лауазымдық қылмыстардың топтық объектілері болып, сонымен бірге қоғамдық аппаратының дұрыс жұмысы да есептелінетін еді. Қазіргі қолданыстағы қылмыстың заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, сонымен коммерциялық ұйымдардың заңды, қалыпты қызметі коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс объектісі болып табылады.
Парақорлықтың топтық объектісі болып, мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттік аппаратпен жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымын анықтау ерекше теориялық және практикалық маңызға ие болады. Бұл біріншіден мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне жүктелген функцияларын орындау бойынша қызметінің шегі мен көлемін анықтауға мүмкіндік беретіндігінен мағызды болып табылады, себебі қылмыстық реформа мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық қатынастарға ықпал ету механизмін өзгертіп және оның шегін қысқартып, жеке меншіктің және еркін сауда үшін жағдай жасады. Мемлекеттік аппарат және өзін-өзі басқару аппараты анықтамаларын белгілеу аппарат қызметкерлерінің, лауазым иелерінің, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің практикалық қызметінің саласын айқын анықтап алуға да мүмкіндік береді.
Парақорлықтың топтық объектісін анықтау барысында біз мемлекеттік аппаратты кең мағынада түсінуді басшылыққа аламыз. Осылайша мемлекеттік аппаратта:
а) мемлекеттік билік органдары;
б) мемлекеттік мекемелер;
в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлері мен әскери бөлімшелері бар.
Жергілікті өзін-өзі басқару аппарпаты ұғымы да дәл осылайша анықталады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кіргізілмеген және басқа да әскерлер әскери бөлімшелер кіргізілмегендігі ерекшелік болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында парақорлықтың тікелей объектісіне әр түрлі сипаттамалар берілді. Кейбір авторлар мұнда топтық және тікелей объектілері өзара сәйкес келеді деп ойлайды. Бірақ көптеген авторлар бұл қылмыстың топтық және тікелей объектілерін бөлшектеп дұрыс анықтайды. Бұл объектінің жалпы қабылданған сипаттамасына және олардың ара қатынасына сәйкес келеді. Тікелей объект әрқашанда топтық объектінің тек бір бөлігін құрайтын қоғамдық қатынас болады.
Осы көзқарас бойынша парақорлыққа делдалдықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік апараттың немесе жергілікті өзін-өзі басқару аппараттарының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қарулы күштердегі басқару аппараттарының Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлер мен әскери бөлімшелердің жеке бөлімдерінің бір қалыпты заңды қызметінің мазмұнын құрайтын осындай нақты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Парақорлықтың заты. ''Пара'' белгісі мазмұнын анықтамас бұрын, ең біріншіден, пара тұсінігін парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерімен айналысып жұрген ғалымдармен немесе қылмыс объектісі жайлы жалпы зерттеулер жүргізушілер арасындағы түсінік бірдей емес екенін есте ұстау керек. Кейбіреулер параны қылмыс заты, ал басқалары қылмыс құралы деп есептейді. Ғалымдардың көпшілігі ''пара заты'' жайлы айтады, шын мәнінде, оны қылмыс заты ретінде түсінеді. Пара табиғатын екі түрлі түсіну де орын алып отыр: пара беруші үшін материалдық байлық мақсатқа жету құралы болып табылса, ал пара алушыға – пара заты болып табылады.
Біз бұл мәселені жан-жақты талдауды алдымызға мақсат етіп қоймаймыз, себебі біздің пікіріміз бойынша бұл дау біз үшін принципті емес және мұның практикалық мәні жоқ. Осы мәселе бойынша тек өз көзқарастарымызды білдіреміз. Паралық заңдық табиғатына қатысты қарама-қайшы көзқарас, біздің ойымызша, қылмысты әртүрлі түсіну нәтижесі, сонымен қатар ''қылмыс заты'' деген ұғымымен ''пара заты'' деген терминнің сәйкес келуінен туындайтын болып табылады.
Егер қылмыс заты деп тікелей қылмыстық ықпал жасалатын және ең бірінші кезекте зиян шегетін заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас элементтерін түсінетін болсақ, онда пара даусыз түрде қылмыс заты болып табылмайды, себебі ол қоғамдық қатынастар құрамына кірмейтіндіктен қылмыс объектісінің материалдық көрінісі болып таныла алмайды.
Бұл мәселені дұрыс шешуге қылмыс заты мен объектісі жайлы қолданыстағы теориялық зерттеулер негізге алынуы тиіс. Қылмыс затымен объектісінің мәні және олардың ара қатынасын біздің ойымызша, толық және дәйекті түрде В.Я.Таций зерттеген. Ол негізделген түрде заттың үш түрлі сипатын бөледі: қорғалатын қоғамдық қатынас заты, қылмыс заты және қылмыстық ықпал заты. Бұл кезде, қылмыс заты деп автор белгілі бір қасиеті бар материалдық дүниенің кез келген затын түсінеді, ал ол заттарды қылмыстық заң адамның нақты қылмыс құрамындағы әрекеттерімен байланыстырады.
Осы позицияға қарап, параны қылмыс затына қосуға болады. ''Пара'' объектінің өмір сүруінің индексаторы болып табылады, себебі бұл жағдайда қоғамдық қатынас лауазым иесін паралап сатып алу жолымен бұзылады, яғни пара алу жолымен бұзылады. Тек параға байланысты,кінәлі өзінің қызметтік өкілеттілігін пара беруші ұшін жұмсайды.
''Пара заты' терминініне келетін болсақ, оның қолданылуы онша дұрыс емес. Егер біз параны қылмыс заты ретінде қарайтын болсақ, ал қылмыс заңда пара алу ретінде аталады. Осы кезде оны пара алу мәселесі немесе ''парақорлық мәселесі'' деген терминді қолдану логикалық тұрғыдан дүрыс болған болар еді. ''Пара тәсілі'' деген терминді тек қана , егер ''пара'' сөзі арқылы тек белгілі материалдық игіліктерді ғана емес, ол сонымен қатар лауазым иесіне оның қызмет бабы бойынша жасаған қандай да бір әрекеті үшін берілетін материалдық игіліктерді тұсінген жағдайда қолдануға болады. И.Я.Козаченконың ''пара'' термині бір адамның екінші бір адамға не бергеніне бағдарланбайды, ал ол не үшін беріледі және ол қалай орындалады дегенге бағдарланған деген пікірі дұрыс.
Парақорлық заты мазмұнының теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық заңда ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлікке құқығы, мүлік сипатындағы пара алуы жайлы айтылған. Осылайша, заңда бұл қылмыстың заты біршама нақтыланған. Мұның, бұрынғы қолданыстағы қылмыстық заңнан айырмашылығы,парақорлық затының мүліктік сипатының асты айқын сызылып көрсетілгендігінде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі қылмыстық құқық теориясымен сот практикасындағы параны мүліктік сипаттағы пайда түрінде көрінеді дейтін позицияны ұстанды. Бұл жағдайда тек ақша, бағалы заттар, құнды қағаздар және материалдық байлықтарды түсінбеу керек, сонымен қатар материалдық сипаттағы қызмет пен құқықтарда түсінілуі тиіс. Мұнда, лауазым иесінің алған заттары, ең соңында өзінің мүліктік сипатын жоймауының маңызы зор. Мұнымен қатар пара заты болып мүліктік емес сипаттағы игіліктер танылуы мүмкін дейтін тағы бір көзқарас бар. Ең бастысы пара алушының көзіне бұл заттардың құнды болып көрінуі керек және сол үшін де сол өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға дайын болуы керек.
1884 жылы өзінің ''Паралап сатып алу жайлы'' атты еңбегінде неміс ғалымы А.Фейербах пара затына ''жалпы сезімді қанағаттандыруға және өз пайдасына қызмет ететін, ерекше атап айтатын болсақ, орден берем деп уәде беру, қызметі үшін төлем ретінде сұраушының өз денесін беруі сияқтылардың бәрі жатуы мүмкін'' - деп пікір айтқан болатын.

2. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЬЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪКТИВТІ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАУ
1.2. Пара алудың объективтік жағы

Пара алудың объективтік жағының мазмұнын анықтаудың теориялық және практикалық маңызы зор. Атап айтқанда бұл келесі жағдайда көрінеді:
а) қылмыстың объективтік жағы осы қылмыс пен оның белгілері ұғымын анықтау үшін қызмет етеді;
б) объективтік жақ қарастырылып отырылған қылмыстың ерекшелігін береді және оны басқада ұқсас қылмыстардан ажырату белгілерін айқындайды;
в) көптеген жағдайларда қарастырылып отырылған қылмыс тәртіптік құқық бұзушылықтан объективтік жағының белгісі бойынша ерекшеленеді;
г) кейбір жағдайларда объективтік жақ іс-әрекетті саралауға ықпал етеді және сонымен қатар іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі дәрежесін бағалауға да ықпал етеді.
Объективтік жағы қылмыстың сырт жағын сипаттайтын белгілерін құрайды. ''Қылмыстық объективті жағы дегеніміз сырт жағынан уақиға мен құбылыстардың даму дәйектілігі тұрғысынан қаралатын заңмен қорғалған мүддеге қоғамдық қауіпті және заңсыз қол сұғу процесі болып табылады және бұл субъектінің қылмыстық әрекетінен басталып, қылмыстық нәтижеге жетумен аяқталады''. Демек, қылмыстың объективтік жағы келесі белгілерді қамтиды: іс-әрекет, қылмыстық салдар және қылмыс пен салдар арасындағы себепті байланыс. Парақорлық құрамының объективті жағының міндетті белгісі оның қоғамдық қауіпті іс-әрекетiнiң болуы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген.
Пара алудың заңдық құрамы бұрынғы заңдарға қарағанда едәуір жетілген, бірақта оның кейбір мәселелері қылмыстық құқық теориясында, сот тәжірибесінде әлі күнге даулы болып табылады. Пара алу құрамынан объективтік жағынан бірнеше белгілерi бір жүйеге келтірілген онша дау туғызбайды, соның бірі –параны адамның осы делдал арқылы алу. Соның бірі парақор адамның өзі неемсе делдал арқылы алу. Бұл екі жағдайда да “іс-әрекетте қылмыс құрамы орын алады. Сондай-ақ пара субъектісі болатын адамның пара үшін жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі деген ұғымда онша даулы емес, сот тәжірибелерінде бұл мәселеде көп қиындығы жоқ, яғни әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғым лауазымды адамның пара алуға байланысты белсенді немесе енжарлық қимылын бейнелейтінін түсінеміз. Параны алудың ашық немесе көмескі түрлерді де онша қиындық туғызбайды. Параны ашық алу деген бір қолдан екінші қолға пара затын тікелей өткізу, ал параның көмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып көрінетін, бірақ пара алу субъектісінің көрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған заңсыз іс-әрекеттер (мысалы, картадан өтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру, қайтарымсыз қарыз беру және т.б.)
Заңның лауазымды мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның параны ''пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті '' ережесі де онша дау туғызбайды. Мұндай пара берушінің тікелей өз мүддесі, туыстары, таныстықтарын мүддесі сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесі туралы сөз болып отыр.
Пара алудың объективтік жағынан басқа белгілері туралы теорияда да, сот тәжірибесінде де біркелкі түсінік жоқ. Оның бәрі пара үшін жасалатын іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің мәні мен мазмұнына байланысты болып отыр.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 1 бөлігінің диспозициясында көрсетілгендей мемлекеттік қызметкер атқаруға уәкілетті адам немесе соған теңестірілген адам (пара алу субъектісі) параны өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып төмендегі жағдайларға байланысты алады:
а) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінің қызметтік өкілдігіне кіретін іс-ірекеттерді жасау;
б) пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына өзінен қызметтік өкілеттігіне кірмейтін іс-әрекеттерді өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып жүзеге асыру;
в)жалпы қамқоршылығы мен қызметі бойынша жол беру.

2.3. Пара алудың субъектісі.

Мемлекеттік қызметпен мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мүддесіне қарсы қылмыстың ерекше белгісі болып оларды арнайы субъектілердің жасауы, яғни жалпы субъектімен салыстырғанда белгілі ерекшеліктерімен сипатталатын адамдардың жасауы болып табылады. Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мәселелерден көрінеді:
Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды;
Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді.
Пара алу құрамын талдау осы қылмысчтық субъектілері болып қызметкерлердің төрт санаты болуы мүмкін деген қорытындыға келуге негіз бар. Олар:
Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдар;
Мемелекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға теңестірілгендер;
Лауазымды адамдар;
Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі заңымен Қылмыстық кодекстің 13 тарауында елеулі өзгерістер, толықтырулар енгізілді. Осыған байланысты тараудың аты мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар деп аталады. Осы тараудағы көптеген қылмыстық баптардың диспозициясы өзгеріске ұшырады. Соның ішінде парақорлықтың ұғымының белгілері, оның субъектісіне байланысты тың жаңалықтар орын алды. Бұрыңғы осыған дейінгі уақытта пара алу субъектісі тек лауазымды тұлға болса, жаңа өзгерістерге сәйкес пара алу субъектісінің қатары өсті, енді парақорлық субъектісіне мемлекеттік қызмет атқарға өкілетті адамдар не оған теңестірілген адамдар келіп қосылды. Қылмыстық заңда мұндай тұлғалардың түсінігіне заңдылық анықтама ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабынан ескертуінде берілген. Осыған орай мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті адамдарға лауазымды адамдарды, Парламент мәслихаттарының депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекет қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Респуликасының Президентінің, Республика Парламенті мен мәслихаттарының депуттатығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы мемлекеттік бюджеттік қаражатынан төленетін қызметшілер, мемлекеттік органдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарды басқару қызметін атқаратын адамдар теңестіріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізілген осы жаңалыққа сәйкес бұдан былай барлық мемлекеттік қызметшілер, басқа да қызметшілер парақорлық субъектісі болып табылады. Демек, парақорлық субъектісінің саны бұрынғы заңға қарағанда едәуір ұлғайды. Лауазымды адамдар ендігі жерде парақорлықтың ауырлататын белгісінің субъектісі болды. Бұрынғы заңда парақорлық субъектісі тек лауазымды тұлға болса, енді пара алудың негізгі құрамының субъектісі болып мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және соған теңестірілген адамдар табылады. Осы заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулердің түсініксіз жақтары да бар. Біріншіден бұл қылмыстық заңға енгізілген өзгеріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңда көрсетілген субъектілер тізімін өзгертпестен енгізген Мемлекеттік қызметші мен лауазымды тұлға деген түсініктердің арасы жойылып кеткен. Екіншіден осы заңда мемлекеттік қызмет атқаруға өкіллетті адамдарға – лауазымды адамдар жатады деп тікелей айтылған. Сонда осы ҚК-тің 307-бабының ескертуінің бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдардың, осы ескертудің үшінші бөлігінде айтылған лауазымды адамдардан қандай айырмашылығы бар екендігі түсініксіз болып қалған. Осыған орай қылмыстық заңда лауазымды адамдардың түсінігі екі топқа бөлініп берілген. Болашақта мұндай қарама-қайшылықтар заңдылық тұрғыда түзелуі тиіс.
Жалпы алғанда парақорлық субъектісі көбінесе лауазымды адамдар болады. Бұрын айтын өткеніміздей ''лауазым адамы'' деген термин 1926 жылғы РСФСР ҚК пайда болды, бірақ осы ұғым заңда берілген жоқ. Лауазымды қылмыстардың арнайы субъектісі жайлы теориялық мәселенi зерттеу қылмыстық-құқықтық әдебиетте практика талабынан туындады. Бірақ бұл процеске заң оперативті жедел түрде көңіл бөлмеді.
Сонымен ҚК 307 бабына түсіндірмесінде, ескертуіне сәйкес: тұрақты немесе уақытша арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда жергілікті өзін-өзі басқару органдарында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде ҚР басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
Бұл жағдайда лауазым адамы белгісін анықтаушы ұғым болып заңда көрсетілген қызметтердің мәні, ол адамның заңда көрсетілген қызметті атқаруы оның орындайтын міндеттерінің сипаты көрсетілген.
Демек, заң субъектілерінің бірінші санатында:
а) Үкімет өкілін атқарушы адамдарды;
б) Ұйымдастырушылық - әкімшілік немесе әкімшілік – шаруашылық қызметтерді заңда көрсетілген құрылымдарда атқарушы адамдарды жатқызады.
Әрине, қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі ретінде лауазым адамының маңызды және субъект ретiндегi жалпы белгілері қарастырылған. Қызмет мәнінің, олардың мазмұнын ашу арқылы адамды лауазымды адам қатарына қосуға мүмкіндік туады.
Парақорлық - коғамымыздын өткен ғасырдағы басынан кешірген кенестік дәуірдін, сонымен катар казіргі уакыттағы мемлекетіміздің экономикалык, саяси дамуы кезіндеі және алдағы уакыттағы дамуына бірден-бір кедергілер қоғамдағы кара дақ болып отыр.

2.4. Пара алудың субъективтік жағы.

Субъективтік жақтың мазмұнын зерттеудің теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық жауапкершілік негізінің құрамдас бір бөлігі ретінде ол қылмыстық мінез-құлықты, қылмыстық емес мінез-құлықтан бөліп қарайды.
Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі деңгейін анықтауға әсерін тигізеді және осының себебінен жазаның даралануына да әсер етеді. Сонымен қатар оның маңызы басқа белгілері бойынша ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен бөліп қарауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.
Пара алу құрамы диспозициясында кінәнің нысанын атап көрсетпейді, бірақ құрамның объективтік жағын талдаудан іс-әрекеттің заңдағы сипаттамасынан, сонымен қатар ҚР Қылмыстық Кодексінің 20 бабының 2 бөлігін басшылыққа ала отырып, осы қылмыс тек қана тікелей қасақана бойынша жасалуы мүмкін деп сеніммен айтуға болады.
Тікелей қасақаналықты анықтау үшін, кінәнің басқа да кез-келген түрі сияқты, заң психиканың интеллектуальдық және еріктік элементтерінің мазмұнын қолданады.
Қарастырылып отырған құрамның интеллектуальдық сәтіне кінәлінің өзінің заңсыз мүліктік пайданы ала отырып, сол үшін қызметін пайдаланып пара берушінің немесе оның өкілінің мүддесіне бола белгілі бір іс-әрекеттер жасауы немесе жасамауы, немесе оларға қамқорлық жасау я болмаса қызметі бойынша беруі жатады.
Пара алушының интеллектуальды сәтіне талдау оның санасында біз жоғарыда қарастырған пара алудың барлық объективті белгілері көрініс беруі тиіс деп айту үшін мүмкіндік береді. Бұлар мынаны түсіну болып табылады: а) алыған материалдық сыйлықтың заңсыз екендігі; б) пара алу, пара беруші немесе оның өкілдері пайдасына әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін алынатынын; в) бұл әрекеттер (әрекетсіздіктер) лауазым адамының қызметтік өкілеттілігіне кіреді, немесе ол өзінің лауазымдық дәрежесі арқылы осындай іс-әрекеттерге көмектеседі, немесе пара жалпы қамқоршылық немесе лауазымдық қызметі үшін жол бергендігі үшін алынады. Барлық объективтік белгілерді сезіну арқылы қол сұғылатын игіліктің қандай объектіге бағытталғанын түсінуге болады. Лауазым адамы пара ала отырып мемлекеттік аппарат немесе жергілікті өзі басқару аппаратының қалыпты заңды қызмет жасауына қол сұғып отырғанын және осының нәтижесінде оларға ұйымдастырушылық келуі басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келуі мүмкін екенін түсіну қажет.
Материалдық пайданы пара ретінде беру фактісін түсіну лауазым адамы тарапынан да осы пайданы беруші адамда оны пара ретінде (заңсыз сыйлық) санайды деп түсінуге әкеліп соғады. Бұл кезде лауазым адамының пара алу әрекетін анықтау үшін пара алушының интеллектуальды және еріктілік сәтінің мазмұнының жиынтығы есепке алынады дегенді естен шығармау қажет, ал бұл ретте пара берушінің мүліктік құндылықты белгілі бір әрекет (әрекетсіздік) үшін пара ретінде беру тілегі және түсінуі шешуші роль атқармайды.
Сондықтан да, мысалы, егер лауазымды адам оған берілген мүлікті пара ретінде қабылдаса, ал бұл уақытта оны беруші адам қарызды қайтарып отырмын, немесе айыппұл, салық және тағы басқаларды төлеп отырмын деп есептесе, онда ол пара алуға оқталғандық үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Пара алудың субъективті жағының міндетті белгісі болып пайдакүнемдік ниет-мүліктік сипаттағы заңсыз пайда табуда танылады. Пайдакүнемдік ниетке пайдакүнемдік мақсат сәйкес келеді. Яғни, осы параны алуда ниет пен мақсат бірлігі көрінеді, яғни ниет пен мақсат субъектінің интеллектуальдық және еріктілік іс-әрекетінің қылмыс істеудегі қозғаушы күшіне айналады.
Пайдакүнемдік мақсаттың болмауы лауазым адамының әрекетін пара алу ретінде сипаттауға негіз болып табылмайды. Қызмет бойынша анау-мынау әрекеттерді орындағаны (орындамағаны) үшін параны лауазым адамы емес, ал оның туысы алса, қылмыс құрамы тек мына жағдайларда:
а)лауазым иесі бұл сыйлық жайлы білді және
б)тікелей сыйлық алушы оған материалдық тәуелділікте болды немесе мезгіл-мезгіл оның материалдық қолдауын пайланып отырды. Басқа жағдайда лауазым адамы пара алушы ретінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін емес, себебі оның әрекетінде пайдакүнемдік мақсат пен ниет жоқ. Егер мұндай ретте іс-әрекетте қылмыстың басқа да белгілері болған кезде лауазым адамының өкіллеттілігін асыра пайдалана отырып өзінің жеке мүддесі үшін жасаған әрекеті жайлы сөз болуы мүмкін. Қорытындыласақ, пара алу сәтінде пара алу құрамының барлық объективтік белгілеріндегі кінәлінің ниетімен толық қамтылған болса ғана іс-әрекетті пара алғаны үшін саралау туралы сөз болады. Тек объективті және субъективтік белгілердің толық үйлесуі ғана лауазым адамның әрекетін пара алу ретінде қарауға мүмкіндік береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай отырып негізгі түйіндерді, сонымен қатар жалпы коррупциямен де, жеке алғанда парақорлықпен де қарсы қылмыстық құқықтық күрестің тиімділігін арттыруға көмегі тиеді деп ойлайтын ұсыныстарды көрсетуді қажет деп санаймыз.
1.Сыбайлас жемқорлық құбылысы соңғы кезде көптеген өзгеріске ұшырап және ол бүгін күрделі көп жақты құбылыс ретінде көрінуде. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықты тек қана парақорлыққа әкеліп теңеуге болмайды. Бұл құбылысты лауазым иесінің сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттігін пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесіне пайдаланып азаматтардың немесе ұжымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын әрекеттер деп анықтауға болады.
2.Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық нысандары, көріністері мыналар болып табылады:
а) Мемлекеттік билікке қарсы қылмыс, мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүдделеріне қарсы күрес.
б) Мемлекеттік қызметтре атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілікті пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасауы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамнан не оған теңестірілген адамнан лауазым адамының өздерінің қызметі бойынша берілген мүмкіншіліктерді пайдалана отырып қылмысты жасауды көп жеңілдететінін және оны қоғамдық қауіптілігін арттыратынын ескере отырып, iзденушi мына белгіні заңда қарастыруды дұрыс деп санайды: ''Лауазым адамының немесе лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып қылмыс жасауын'' жазаны ауырланатын жағдай ретінде қарастыруды дұрыс деп санайды (ҚР ҚК 54 б).
Біздің ұсыныстарымыз осы тұрғыдағы қылмысқа қарсы елеулі тосқауыл болады деп ойлаймыз. Кейбір пікірлер, ұсыныстар белгілі бір дау туғызуы да мүмкін. Диссертацияда негізінен парақорлықтың құрамына, белгілеріне, түрлеріне жан-жақты талдау жасалды, ал соған байланысты кейбір мәселелер (мысалы қылмыстық жаза, криминологиялық проблемалар) өіндік ерекшелігіне байжеке талдауды қажет ететіндіктен біздің зерттеулеріміздің объектісі болуды қажет етпеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы Алматы, 1995ж
2. Егемен Қазақстан газеті 13 қыркүйек,2003ж.
3. Н.А. Назарбаев. Казахстан–2030 (Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы). Егемен Қазақстан, 11қазан, 1997 жыл.
4. Егемен Қазақстан газеті, 25 қыркүйек, 2002ж.
5. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы, Жеті жарғы, 2004 ж.540 б.
6. Заң газеті, 9 қаңтар 2002 ж.
7. Практические меры борьбы с коррупцией. Руководство, подготовленное секратариатом ООН., май, 1990 г.
8. Панченко П.Н. Уголовно-правовая характирестика коррупций. /(Материалы научно-практической конференции, 18-19 апреля 1995 г.). М., 1995 г., 120 б.
9. Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые меры борьбы с коррупцией. // Вестник МГУ, право №1, 1993 г. 30-15 б.Гальперин Г.И. Организованная преступность, коррупция, уголовный закон. //Социалитическая законность, №4, 1989 г. 34-16 б.Мишин Г.К. Коррупция: Понятие, сущность меры ограничения, лекция. М, 1991 г. 28 б.

Категория: Құқық | Добавил: Косжанов
Просмотров: 6903 | Загрузок: 1141 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 1
1  
очень, супер помогли мне, спасибо!!!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>