Главная » Файлы » Ғылыми жұмыс

Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

Скачать реферат с сервера 25.08.2010, 01:27
загрузка...
Негізгі бөлім

Философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерді жан-жақты талдау негізінде зерттеу проблемамызды тұлғалық-бағдарлық, жүйелілік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыруды ұйғардық. Осыған орай оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мәні анықталды. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің теориялық негізін айқындау «мәдениет», «мәдениеттілік», «экология», «экологиялық тәрбие», «экологиялық мәдениет» ұғымдарының бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты.
Жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және дамыту үшін оның ғылыми әдебиеттерде кездесетін қайнар көздерін, түпкі нәтижелерін анықтауға назар аудардық. Осыған байланысты психологиялық, педагогикалық тұрғыдан экологиялық мәдениеттің мәні және құрылымы ашып көрсетіледі. Экологиялық мәдениет дүниежүзілік мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп қарастырылады және экологиялық қауіпсіздікті болжау, айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты. Экологиялық мәдениет адамның тіршілік әрекетінің рухани-адамгершілік саласы ретінде оның табиғатпен өзара әрекетінің ерекшелігін сипаттайды және экологиялық сана, экологиялық қарым-қатынастар, экологиялық іс-әрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды. Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді. Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті, аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін туғызады. Халық педагогикасының құралдары туған жерін, туған тілін, туған мәдениетін, туған тарихын біліп және құрметтейтін, өзара қатынас жасай білетін, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, өлкетану мәселесін көтереді. Олай болса, қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ұйымдастыру жолдарын зерттеуге баса назар аударуды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандар қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының төмендегі ерекшеліктерін анықтауға негіз болды:
біріншіден, халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады;
екіншіден, өлкетану жұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе экология және географиямен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді;
үшіншіден, өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика, ономастика сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады;
төртіншіден, аталмыш жұмыстардың келесі ерекшелігі тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады;
бесіншіден, өлкетанудың тағы бір ерекшелігі сыныптан тыс уақытта танымжорық, оқу-танымдық соқпақ, саяхат, экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;
алтыншыдан, өлкетану жұмыстары экологиялық ақпараттарды жинау барысында мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің жағдайы, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі, олардың табиғатпен бұрынғы және қазіргі қарым-қатынастары бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын қолданумен ерекшеленеді;
жетіншіден, өлкетану жұмыстары оқушыларды алған теориялық білімдерін практикада қолдануға нақты мүмкіндік беріп, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады.
Адамзаттық мәселе болып табылатын экологиялық мәселелер жаҺанданушылық, аймақтық, ұлттық, мемлекеттік, локалды және жеке деңгейлерде қарастырылады. Өлкетану жұмыстарының түрі, әдістері мен құралдары пайдалану эмпирикалық жүйеде жасалады. Тұлғаның жерді ортақ мекен, Қазақстанды ортақ Отан есебінде жақсы көру сезімі секілді қасиеттерін айқындайды.
Бұл ерекшеліктер экологиялық мәдениет кірістірілген тұлғалық білім ретінде мынадай міндетті компоненттерді қамтиды деген тұжырымға келуге негіз болды:
танымдық компоненті жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдері берік, әрі терең қабылдаудағы, қосымша білімдер арқылы өлкетану білімінің жүйелі түрде қалыптасуындағы, халықтың рационалды және иррационалды білімдері бойынша түсініктерін меңгерудегі тұлғаның мүмкіндіктерін жүзеге асырады;
эмоционалды компоненті экологиялық білімдерге қызығушылығы және қажетсінуімен, өлкетану жұмыстарының маңыздылығын мойындауымен, туған жерінің табиғатына, сұлулығына тамсанып сезінуі және оны аялай алуымен анықталады;
мінез құлықтық компоненті қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы құнды әлеуметтік, халықтық тәжірибені пайдалану бойынша нақты әрекеттермен сипатталады, сонымен қатар өлкетану ізденіс жұмыстарына дағдылануымен, олардың белсенділігін ынталандырылуымен, қауіпсіз қоршаған ортаны қорғау және қайта жасауымен, табиғаттың байлықтарын тиімді пайдалануымен қамтамасыз етеді.
Көрсетілген үш компонентті алғанымыздың себебі тұлға бойында белгілі бір мәдениетке баулуының нәтижесі ретінде қарастырылатын сәйкестіліктің қалыптасқаның білдіреді. Олай болса, кез келген сәйкестілік (мәдени, әлеуметтік, гендерлік, кәсіби, этностық, этностық-мәдени т.б.) өз құрамына аталған үш компонентті енгізеді.
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесін мүмкіндігінше толық қарастыру үшін оның негізгі нәтижесін анықтау қажет. Сондықтан өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасамастан бұрын, оның нәтижесі болып табылатын экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаның бейнесін болжамдадық (1- сурет).
Осыған орай, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сүйеніп, интеллектуалдық, сезімдік, эстетикалық, адамгершілік және еңбек дамуын қозғайтын сапалық өзгерістер, сонымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетінің көріну деңгейі басшылыққа алынып оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының өлшемдері мен көрсеткіштері айқындалды (1- кесте).

Кесте 1 – Оқушылардың экологиялық мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері

Компонентер Өлшемдер Көрсеткіштер
танымдық экологиялық білімдер  жаратылыстану пәндері бойынша білімдерді игеру;
 өлкетану бойынша білімдерді меңгеру;
 халықтың рационалды және иррационалды білімдері туралы түсініктердің қалыптасуы

эмоционалды экологиялық сана, сезім  экологиялық білімдерге қызығушылық;
 экологиялық білімнің маңыздылығын сезіну;
 туған жерінің табиғатына қатынас
мінез
құлықтық экологиялық тәжірибе  өлкетану жұмыстарындағы белсенділік;
 қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділік

Аталмыш өлшемдер негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының үш деңгейі белгіленді.
Жоғары деңгей: жаратылыс пәндері бойынша теориялық білімдерді жетік, білімдері оқу бағдарламаларына сай, өлкетану бойынша білімі жүйелі, халықтың рационалды және иррационалды білімдердің мәнін, мағынасын түсінеді; теориялық деңгейдегі экологиялық білімдерге және оларды игерудегі шығармашылық іс-әрекетке деген қызығушылық көрінеді және қажетсінеді, туған жерінің сұлулығына тамсануы, табиғаттан эстетикалық ләззат алу, сезіну, аялай білу қасиеті бар; қоршаған ортаны қорғау саласында ізденіс жұмыстарына дағдыланған, халықтық тәжірибені өлкетану жұмыстарында іске асыра алады.
Орташа деңгей: жаратылыс пәндері бойынша білімдері оқу бағдарламаларына толық сәйкеспеген, өлкетану білімдері үстірт, халықтың рационалды, иррационалды білімдерді жартылай түсінеді; өлкетану жұмыстарындағы кейбір экологиялық салаларды ғана қарастырады, жергілікті туған жер табиғатының сұлулығына деген қызығушылығы орташа; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ізденіс жұмыстарын орындау бойынша дағдыларды толық игермеген.
Төменгі деңгей: жаратылыстану пәндері бойынша білімдері қанағаттанарлықсыз, өлкетану туралы түсінік қалыптаспаған, халықтың рационалды, иррационалды білімдерінің мәнін аша алмайды, мағынасын түсінбейді; туған жерінің табиғатына тамсанбайды, сезінбейді, аяламайды; қоршаған ортаны қорғау саласында белсенділік танытпайды немесе ішінара қатысады, практикалық экологиялық іс әрекетке өзінің қатысуын міндетті деп санамайды.
Анықталған өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлерге сәйкес ғылыми-теориялық еңбектерді, мұғалімдердің озат тәжірибесін талдау нәтижелерін, сонымен қатар тұтас педагогикалық процестің жүйесін және экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаның біз құрастырған моделін негізге ала отырып, өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың моделін жасадық (2-сурет).
Моделдеуде оқушылардың экологиялық мәдениетінің құрылымын сипаттайтын жалпы педагогикалық-психологиялық білімдер қоры басшылыққа алынды.
Моделдер құрастырылған соң зерттеу логикасына сәйкес қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасаудың қажеттігі туындады. Анықтауыш эксперимент тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында дәлелденді.
Эксперимент Қарағанды қаласындағы № 68 мектеп-интернат бала-бақша кешенінде, С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейінде, Қарқаралы қаласындағы Мәди Бапиұлы атындағы № 44 мектебінде, Қарқаралы Мемлекетік Ұлттық Табиғат саябағында жүргізілді. Экспериментке 319 оқушы


қатысты, оның ішінде 151 оқушы бақылау тобын, 168 оқушы эксперименттік топты құрады.
Бұл кезеңде мектептердің оқу-тәрбие процесінде өлкетану материалдарын пайдаланудың деңгейі айқындалды. Оқушылардың өз өлкесі туралы білімдері, түсініктері, оларды қажетті жерде пайдалана білу дағдылары сауалнама, тест және оқушылардың өзіндік жұмыстары арқылы тексерілді.
Диагностика нәтижесінде мынадай қорытындыға келдік:
1) оқушылардың басым көпшілігі өлкетану материалдарын саралай алмайды; олардың қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына деген қызығушылығы төмен; табиғатқа сүйіспеншілікті, ұқыптылық қарым-қатынасты, табиғатты қорғауға белсенді қатысу қажеттілігін түсінетіндігі байқалды, бірақ экологиялық білімдері мен мінез-құлықтары арасындағы қарама-қайшылық бар екендігі көрінді;
2) мұғалімдер өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға аса көңіл бөлмейді, жаратылыстану сабақтарында қазақ халық педагогикасы құралдарын аз пайдаланады. Анықтау экспериментінің нәтижесі төменгі 2- кестеде көрсетілген.

Кесте 2 – Анықтау экспериментінің көрсеткіші (% есебімен)

Көрсеткіш Эксперименттік топ Бақылау тобы
Жоғары Орташа Төмен Жоғары Орташа Төмен
Экологиялық білімдер 9,7 44,2 46,1 9,4 44,9 45,7
Экологиялық сана, cезім 19,3 42,3 38,4 18,4 38,3 43,3
Экологиялық тәжірибе 8,4 30,3 61,3 8,2 34,7 57,1
Орта көрсеткіштер 12,5 38,9 48,6 12,0 39,3 48,7

Алынған нәтижелер өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйені жасауды талап етеді, сонымен бірге педагогикалық теория мен практиканы талдау нәтижесі бізге оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру білім беретін мекемелерде арнайы ұйымдастырылатын жағдайларға тікелей байланысты деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің құрылымы 3- кестеде көрсетілген.
«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты мұғалімдерге арналған ғылыми-әдістемелік семинардың мазмұны халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы, өлке, аймақ, ғаламшар экологиясының өзара байланыстары, өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері туралы түсініктерді, сонымен қатар оқушылардың экологиялық тәрбиесінде қазақ халық педагогкасының құралдарын пайдалану туралы теориялық қағидаларды камтиды.
«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» атты ата аналар Университетінің бағдарламасына біз енгізген қосымшалар
Кесте 3 – Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі

Шара атаулары Мақсаты Формасы Негізгі әдісі
«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» Қазақ халық педагогикасының мұрасы арқылы оқытушылардың табиғи-рухани әлемін байыту Мұғалімдерге арналған ғылыми әдістемелік семинар Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
«Экологиялық өлкетануда халық педагогикасының алатын орны» Ұлттық құндылықтарды отбасы тәрбиесі мен экологиялық тәрбие барысында сабақтастыра қолдануға үйрету Ата аналар Университетінің бағдарламасына қосымшалар
«Қасиетті қазыналы өлке» Өлке қазынасын сақтап, қасиетті айнала қоршаған ортаны қорғаудағы азаматтық жауапкершілік сезімін дамыту Үйірме
«Өлке қорықтары» Өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру Факультативтік курс
«Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» Оқушыларды өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру кезінде ізденушілік әрекетке дағдыландыру Жазғы өлкетану экспедициясы
«Қарақаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы» ҚМҰТС флора, фаунасымен таныстыру және табиғаттағы жеке мінез - құлық мәдениетін қалыптастыру Экологиялық соқпақтар
«Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» Педагогикалық процесте оқушылардың экологиялық оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырып, іске асыру Оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар
«Табиғатым - тағдырым» Оқушылардың теориялық білімдерін қалыптастырып, ой-өрістерін кеңейту Экологиялық олимпиада

халықтық педагогика білімдері, рационалды білімдер мен иррационалды сенімдердің мән-мағынасы, балалардың отбасындағы экологиялық тәрбиесінде салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарды қолдану жолдарын көрсетеді. Бұл қосымшалар ата-аналар жиналыстарында жеке сұрақ ретінде баяндалады. Сонымен қатар мұғалімдердің семинарынан айырмашылығы экологиялық тәрбиенің практикалық салалары басым болуында.
«Қасиетті қазыналы өлке» атты үйірме жұмысының мазмұны оқушылардың елге, жерге сүйіспеншіліктерін арттыруға бағытталған тәрбиелік мәні зор экологиялық мағлұматтарды қамтамасыз етеді: қазақ халық этнографиясы, экологиялық ұғымдар, діни сенім-нанымдар туралы баяндалады.
«Өлке қорықтары» атты факультативтік курс бағдарламасында «Жерінің аты - тарихтың хаты» Қарқаралы тарихының жылнамасы, Қарқаралы өлкесінің табиғаты, олардың әртүрлілігі, Қарқаралы туралы аңыз-әңгімелер кірістірілген.
«Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану» атты жаздық өлкетану экспедициясы барысында оқушылар дәрілік өсімдіктерді оқып үйренеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оларды қорғаудың жолдарын іздестіреді, халықтық медицина туралы ақпараттарды жинақтайды, өмірде қолданады.
«Қарақаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағы» атты экологиялық соқпақтар Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғат саябағында сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды таныстыруға бағытталған. Біз бұл экологиялық соқпақтардың бағдарламасын жасауда экология және білім беру саласындағы негізгі мемлекеттік ресми құжаттарға сүйендік.
«Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән-жырысың» атты оқу-танымдық экологиялық-мәдени апталықтар сабақтан тыс және өз бетімен орындайтын тапсырмаларды жүзеге асырады.
«Табиғатым – тағдырым» атты экологиялық олимпиада жылына бір рет жоспарланып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттері әртүрлі сайыс түрінде өткізіледі және тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
«Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдер, ата-аналар және оқушылардың бірлескен іс-әрекетінде пайдаланылады. Бұл технологияның ерекшелігі оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алуға ықпал етуінде.
Аталмыш іс шараларды мектептің оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырып өткізгеннен кейін бағдарламаны игеру сапасын анықтау үшін қалыптастырушы эксперимент шеңберінде аралық тексеру тест жүргізілді. Педагогикалық бақылау және жүргізілген сауалнаманың, алынған тестінің негізінде біз өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында қалыптасқан экологиялық мәдениет деңгейін аңықтадық. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру компоненттерінің даму көрсеткіштері 4- кестеде берілді.

Кесте 4 – Аралық кесіндінің нәтижелері (% есебімен)

Өлшемдер Эксперименттік топ Бақылау тобы
Жоғары Орташа Төмен Жоғары Орташа Төмен
Экологиялық білімдер 14,3 49,2 36,5 9,9 46,8 43,3
Экологиялық сана, сезім 26,2 43,1 30,7 19,2 39,6 41,2
Экологиялық тәжірибе 11,4 34,6 54 8,1 35,7 56,2
Орта көрсеткіштер 17,3 42,3 40,4 12,4 40,7 46,9

Диагностика қорытындысы оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерінің біршама артып, ой-өрістерінің кеңейгенін байқатты. Келесі кезеңде оқушыларға тікелей арналған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Нәтижесінде эксперимент тобы оқушыларының экологиялық ой-өрістерінің әлде-қайда дамығандығын байқатып, өлкетану жұмыстарына қызығушылықтары мен белсенділігінің артуын, олардың экологиялық сана-сезімінің кеңейуіне ықпал еткендігін көрсетті (5- кесте, 3- сурет).

Кесте 5 – Қорытынды кесіндінің нәтижелері (% есебімен)

Өлшемдер Эксперименттік топ Бақылау тобы
Жоғары Орташа Төмен Жоғары Орташа Төмен
Экологиялық білімдер 24,7 68,7 6,6 11,3 49,3 39,4
Экологиялық сана, сезім 38,6 51,5 9,9 18,9 39,7 41,4
Экологиялық тәжірибе 25,8 43,6 30,6 9,4 39,3 51,3
Орта көрсеткіштер 29,7 54,6 15,7 13,2 42,7 44,1

Сурет 3 – Оқушылардың экологиялық мәдениеті компоненттерінің қалыптасқан деңгейлері
Бақылау экспериментінің нәтижелерін толық талдау мақсатында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында экологиялық мәдениеттің қалыптасқан деңгейлерін салыстырмалы түрде көрсеткенді жөн көрдік (6- кесте, 4- сурет).

Кесте 6 – Өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдары арқылы оқушыларының экологиялық мәдениетінің қалыптасқан деңгейлерінің өзгеріс қарқыны (%)

Деңгейлер Эксперименттік топ
Бақылау тобы

1-ші кесінді 2-ші кесінді 3-ші кесінді 1-ші кесінді 2-ші кесінді 3-ші кесінді
Жоғары 12,5 17,3 29,7 12,0 12,4 13,2
Орташа 38,9 42,3 54,6 39,3 40,7 42,7
Төмен 48,6 40,4 15,7 48,7 46,9 44,1

Сурет 4 – Оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасқан нәтижелерінің динамикасы

Өткізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері біздің ұсынып отырған өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасын құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл корытынды Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептелген корреляция коэффициентінің көрсеткіші 0,95-ке тең болғандығына негізделеді.
Қорытынды

Зерттеу жұмысының барысында жасалған теориялық талдау, тәжірибе жұмысының нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу, бізге төмендегідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді:
1) оқушылардың экологиялық мәдениет түсінігі педагогикалық тұрғыда нақтыланып, қарастырылып отырған мәселенің төңірегіндегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы негізделеді, өйткені осы педагогикалық құралдар өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың кешенді сипаты мен қолданбалы бағыты экологиялық мәдениет көріністерінің (құндылықтар, мотивтер, білімдер, біліктер, қабілеттер) тұтастығына қол жеткізуге жол ашады;
2) қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері аңықталды;
3) өлкетану жұмыстарындағы экологиялық мәдениетін дамытуда қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану оқушылардың экологиялық білімдерін, экологиялық санасын, сезімін, экологиялық тәжірибесін бірізділікпен қалыптастыру мүмкіндіктерін арттырады;
4) қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының ұйымдастырылуы олардың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға ықпал етеді;
5) оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру түрлері олардың экологиялық білімдерге қызығушылықтарын, экологиялық білімінің маңыздылығын түсіну сезімдерін, өлкетану және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарындағы белсенділіктерін арттыруда аса маңызды орын алады;
6) қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесінде өлкетану материалдарын пайдалануда пәнаралық байланыстардың (әсіресе, әдебиет пен тарих, жаратылыстану пәндері) рөлі мен маңызы өте зор екенін дәлелдейді.
7) Біздің зерттеу жұмысымыздың негізінде «Экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға» теориялық моделі жасалынып, оның компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.
8) эксперименттік жұмыс нәтижесі өлкетану негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі бойынша біздің алға қойған болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері жоғары екендігі және біз ұсынып отырған әдістеменің тиімділігін көрсетті.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
 мектептің біртұтас педагогикалық процесінде тәрбиенің құрамдас бөлігінің бірі ретінде экологиялық бағыттарда әртүрлі іс-шаралар (факультатив, үйірме, апталық, олимпиада, дөңгелек үстел, конференциялар т.б) үнемі ұйымдастырылып отырылуы керек;
 жергілікті экологиялық өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдарын кеңінен пайдалану қажет;
 оқушылардың экологиялық тәрбиесінде өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша ата-аналар мен мұғалімдер үшін арнайы құрастырған семинарлар бағдарламасын пайдалануды қажет етеді;
 өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану керек;
 жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін экологиялық сыныптар ашу мәселесін көтеруді талап етеді.
Сонымен, оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда өлкетану жұмыстарына қойылатын талаптар: мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес лайықты материалды іріктеуі; өлкетану материалдарының тақырыптың мазмұнымен үндесуі; туған өлкенің табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтердің жаратылыстану пәнінің бағдарламасына сәйкестігі; өлкетану материалдарының мазмұнының оқушылардың жалпы даму деңгейлеріне сәйкестігі; олардың танымдық қызығушыларын дамытуға ықпалын тигізуі; өлкетану материалдарының оқушылардың табиғатты қорғауға, байлықтарын тиімді пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Дегенмен ұсынылып отырған мәселе өте күрделі мәселе болғандықтан, біздің зерттеу іс - әрекетіміздегі өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың көп қырлы тұстарын шештік деп айта алмаймыз. Келешекте бұл мәселе өз жалғасын экологиялық тәрбиеде өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудың сабақтастық принципін жүзеге асыру жолдарын іздестіруде, өлкетану жұмыстарында пәнаралық және пәнішілік байланыстардың маңызын анықтауда болашақ ғалымның еншісінде табылуы мүмкін деп ойлаймыз.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды

1 Қазақтың наным-сенімі және олардың табиғат қорғаудағы маңызы. //Педагогика және білім мәселелері: ҚарПИ аспиранттарының ғылыми еңбектер жинақтары. - Қарағанды,1996. - Б. 85-92.
2 Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбиелеу //«Гуманизация учебно-воспитательного процесса на современном этапе» Сборник научных трудов. - Караганда, 1998. - Б. 112 -120.
3 Ұлы бабалардың педагогикалық еңбектерін оқыту негізінде жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру //«Проблемы профессиональной подготовки современного учителя» Сборник статей. - Караганда, 1998. - С. 293-322.

Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: Аслан
Просмотров: 6432 | Загрузок: 1213 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
>